Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс -15. Желілік ақпараттық технология.

Поиск

Компьютерлік желілер- бір-бірімен мәлімет алмаса алатын бірнеше компьютерлердің байланыс құралдары кӛмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат ӛңдеудің тармақталған жүйесі.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол) интерфейс, желілік бағдарламалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен кӛрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Негізгі желілік топологиялар.Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы желі топологиясы деп аталады.Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі бар, олар:

1. Шиналық топология.Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жӛнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте кӛрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

2. Жҧлдыз тәрізді топология.Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін

– желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

3. Сақиналық топология.Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жӛнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станциясын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Желілік техникалық қҧралдар.Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны, 12.1-суретте желілер архитектурасы кӛрсетілген.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.36.106 (0.006 с.)