АТУ студенттік ӛзін-ӛзі басқару ҧйымы
АТУ-нің студенттік ӛзін-ӛзі басқару ұйымы – Қазақстан Республикасы жастар саясаты концепциясына сәйкес Жастар ісі жӛніндегі комитеттің құрылымдық бӛлімшесі.
Студенттік ӛзін-ӛзі басқарудың негізгі мақсаттары:
- ЖОО-ның әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуметтік серіктесі ретінде жоғары мектепті оңтайландыру үрдісіне студенттердің қатысуын күшейту;
- алынған білімнің сапасы үшін жастардың жауапкершілік деңгейін кӛтеру және университеттің әлеуметтік кеңістігінде органикалық бірлестіктің ӛсуіне септігін тигізу;
- студенттің тұлғалық ӛсуі мен әлеуметтік-экономикалық жауапкершілік жағдайларын құру;
- бәсекеге қабілетті, қажетті және жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту жағдайларын құру.

Студенттік ӛзін-ӛзі басқарудың негізгі міндеттері:
- студенттік ӛзін-ӛзі басқару ӛкілдерінің барлық деңгейлерде қызметі мен құзіреттілігінің (құқықтары мен міндеттері) нақты саласын қалыптастыру;
- университеттің барлық сфераларында мәселелерді шешу құзіреттілігі шеңберінде әлеуметтік серіктес ретінде студенттік активті тарту;
- заманауи маманның тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-сау кеңістікті қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін студенттік бақылау жүйесін құру;

- рухани, азаматтық және ғылыми дәстүрлерді сабақтастыруды қамтамасыз ететін студенттік жастар, профессорлық-оқытушылық ұжым және университет әкімшілігі арасында әлеуметтік байланысты дамыту;
- жастарды олардың ӛзін-ӛзі анықтау мен ӛмірлік құндылықтарды таңдауда қолдау, патриотизм рухында толық әрі үйлесімді дамуы;
- студенттік жастардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.
Университеттің студенттік ӛзін-ӛзі басқару (СӚБ) ҧйымының қҧрылымы:

Бұл құрылым студенттерді әртүрлі секторлармен – университет қызметінің сфераларымен басқару мүмкіндігін қарастырады. Осы арқылы, университет деңгейінде оқыту жағдайларын оңтайландыру үрдісінде студенттердің әлеуметтік-белсенді қатысуын ұйымдастыруда жаңа деңгей құрады.
Студенттік ӛзін-ӛзі басқару құрылымын құрудың қисынды аяқталуы университеттің ұйымдастырушылық кеңістігіне функционалды енгізу болып табылады. Ол келесідей жүзеге асырылады:
Пікірлестік пен ӛзара жауапкершілікке негізделген, әлеуметтік ӛзара әрекет ету принципі ретінде әлеуметтік серіктестік жоғары оқу орнының әлеуметтік кеңістігінде анықтаушы позицияны алуы тиіс. Студенттіктің университет әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуметтік серіктесіне айналуы жастардың әлеуметтік потенциалының ашылуына жол ашады, тұрақты құнды бағыты бар әлеуметтік мемлекеттің ӛзін-ӛзі ұйымдастыратын жауапты азаматтарын тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Университеттің белсенді жастары қала, облыс және университет ішіндегі қоғамдық ӛміріне белсенді қатысады. Олар біздің оқу орнының намысын қала және облыс деңгейінде ғана емес, сонымен қоса, республикалық және халықаралық деңгейлерде де қорғайды!
|