Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бітірушілердің академиялық дәрижесі – бакалавр - жҥйетехнигі

Поиск

Бітірушілердің академиялық дәрижесі – бакалавр - жҥйетехнигі

Бітірушілердің мамандығы – бакалавр—есептеуіш техника және бағдарламалау.

Бакалавр адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты ӛңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне ие болады.

5В070400 – Есептеу техникасы және   бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының тҥлектері келесі лауазым бойынша жҧмыс істей алады:

- жоғары білікті маман категориясыз;

- жоғары білікті маман екінші категориялы;

- жоғары білікті маман бірінші категориялы;

Кәсіпшілік қызметтің тҥрлері:

· барлық компьютерлік жүйелердің түрлерін жӛндеу

· жобалы-конструкторлық;

· ӛндірісті – технологиялық;

· тәжірибелі – зерттемелік;

· ұйымды – басқарулық.

 

Болашақ кәсіби қызметтің бағыты:

- Деректер қорына қызмет кӛрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;

- Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;

- Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.

Болашақ кәсіби қызметтің салалары


Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда мен ұйымдарда есептеу техникасын нығайту және қолдану бітірушілердің кәсіпкерлік қызметтік саласы болады. Сонымен қатар біздің түлектер Қазақстандық кәсіпорындарда жүргізуші маман болып, бұл – АҚ

«Қазақтелеком», АҚ «Қазақстан алюминийі», АҚ «ПМХЗ», АҚ ТНК «Казхром», ЖШС

«Кастинг» және т.б. жұмыс істейді.

 

- банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет кӛрсету;

- ӛндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;

- ақпараттық анықтамалық жүйелер мен кӛпшілік қызмет кӛрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет кӛрсету мен әзірлеу;

- компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жӛндеу бойынша сервис орталығын басқару.


Тәжірибелік сабақ-7.Ақпарат, мәлімет, информатика, ақпараттық технология. Ақпаратты ӛңдеудің автоматтандырылған жүйесі мен технологиясы.Қоғамды ақпараттандырудағы ақпараттық технологияның ролі. Информатиканың іргелі ғылым ретінде қалыптасуы.

 

«Ақпарат»термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сӛзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Ақпаратты біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде кӛреміз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да ақпарат түрлерінің бірі.

Қоғам ӛмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық ақпарат ӛте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған ақпаратын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті ақпаратты білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.

Ақпаратты сандық, мәтіндік, кесте, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба сияқты түрлі түрде кӛрсетіп, жинастыруға болады.

Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат компьютерде ӛңделу үші дәл, нақты, түсінікті, толық, тиімді болуы тиіс.

 

· дәлділігі;

· толықтылығы;

· бағалылығы;

· қажеттілігі;

· тҥсініктілігі;

· тиімділігі;

· анықтылылығы;

· және т.б.

Ақпарат мәселенің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және оған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соғады. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы оның берілу жолдарында, кейбір ақпарат сізді қуандырады, кейбіреуі ренжітеді, кейбіреуінде тек фактілер баяндалады. Тіпті, хабардың берілу ырғағына, адамның мимикасына, қол сілтеу ретіне қарай ақпарат әр түрлі бағаға ие болады. Егер ақпарат толық, обьективті, пайдалы, дәл болса, ол сонша бағалыболады.

Ақпаратты ӛңдеу.Ақпаратты ӛңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.

Ақпараттық қорлар— ақпараттық жүйелердегі ӛздеріне сәйкес программалық жабдықтармен біріктірілген және ақпаратты тұтынушылар үшін қызықты болып табылатын жүйеленген электрондық ақпарат. Бұл кітаптар, статья, патенттер, диссертациялар, ғылыми құжаттар, техникалық аудармалар, т.б.

Кӛп салалы халық шаруашылығының күн санап ӛркендеуіне байланысты түрлі ақпаратты жинастыру, ӛңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері, яғни ақпараттық процесстер,үлкен кӛлемді, әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Осындай жұмыстарға электронды-есептеуіш машиналарын пайдалану

- оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда. Ақпаратпен тӛмендегідей ақпараттық процестерді орындауға болады:


· қҧру;

· беру;

· қабылдау;

· ӛңдеу;

· есте сақтау;

· жіберу;

· дайындау;

· жеткізу;

· тҥрлендіру;

· комбинациялау;

· алу;

· бӛліктерге бӛлу;

· жинау;

· сақтау;

· іздеу;

· ӛлшеу;

· тарату

· кӛшіру

 

 

Ақпарат тҥрлеріекіге бӛлінеді – ҥзіліссіз(аналогты)және дискретті(цифрлық).Ақпараттың қабылдаушыға жетуі үшін ақпаратты тасушы қажет. Тасушы арқылы берілетін ақпаратты сигналдеп атаймыз. Ақпаратты жіберу процессін сигнал параметрлерідеп аталады. Сигнал параметрлері белгілі бір уақыт ішінде реттелген болса (олар нӛмірленуі мүмкін), сигнал дискреттікболады, ал осындай сигналдармен жіберілетін ақпарат – дискреттік ақпаратдеп аталады. Ал егер ақпарат кӛзінен үзіліссіз ақпарат шығып жатса (сәйкесінше сигнал параметрі –үзіліссіз функция болса), ҥзіліссіз ақпаратдеп аталады.

ЭЕМ-ді компьютер деп, ал автоматты құрылғының немесе адамның ӛңдеуіне бейімделіп қолайлы дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т.б. ақпаратты деректернемесе берілген мәліметтердеп атайды.

Информатика – ақпарат қасиеттерін, оның кӛрсетілуі мен автоматты түрде ӛңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын кешенді ғылым.

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, ӛңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық технологиядеп атайды.

Жаңа ақпараттық технологиялардепдербес компьютерлердің кӛмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және ӛңдеу технологияларын айтады. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын интернет желісінсіз, электрондық поштасыз кӛзге елестету мүмкін емес.

Информатикада жаңа ақпараттық технологиялармен қатарақпараттық жҥйелерұғымы да кеңінен пайдаланылып келеді. Ақпараттық жүйелер – басқару функцияларын іске асыратын объект жӛнінде ақпаратты алуды, беруді және ӛңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Оны пайдалану түрлері: берілген мәліметтерді басқаруды ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, автоматты түрде жобалау, технологиялық процестерді басқару.

Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің халқы Интернетті пайдалану мүмкіндігін меңгерген. Компьютерлік сауаттылық -Интернеттен қажетті ақпаратты іздеу және дербес компьютерді түрлі жұмыстарға пайдалана білу. Есептеу техникасының дамуы ертеден басталды. XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль (1613-1662 жж.) сандарды қоса алатын құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды бӛле алатын, кӛбейте алатын және алу, қосу операцияларын бірнеше есе қайталап орындайтын механикалық калькулятор жасап шығарды. XIX ғасырда Ч.Бэббидж (1792- 1871 жж.) механикалық машинаны бағдарлама арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. В.Лейбниц 1666 жылы алғаш рет кез-келген санның екілік санау жүйесінде жазылатыны туралы ұсынысын енгізіп, есептеу құрылғысына екілік жүйені пайдалануға болатындай мүмкіндік барын білді.

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сӛздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару бағдарламалары - бәрі де екілік сандар тізбегі


түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталадыда, ол ақпараттың ӛлшем бірлігіболып табылады. Бит- ағылшын тіліндегі bit(Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сӛз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сӛзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е ® 10000101, / ® 00101111, 8 ® 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт ӛлшемдері де пайдаланылады. Ақпарат ӛлшем бірліктері:

1 байт =8 бит

1024 байт=1 Кбайт (килобайт) 1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт) 1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт)

1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт)

Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, оналтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен жұмыс істейді. Олардың ішіндегі екілік санау жүйесі негізгі, қалған екеуі қосымша санау жүйесі ретінде пайдаланылады. Біздің елде дербес компьютер үшін ИАК-8 - кеңейтілген ASCII кодының кестесін пайдаланады. ASCII кодтар (American Standart Code for InformationInterchange) - ақпаратты алмастыруға арналған, символдар кодтарының негізі болып саналатын, америкалық кодтар стандарты, ол арнайы құрастырылған кестеде беріледі.


Тәжірибелік сабақ-8.ЭЕМ-нің негізгі тораптары. Логикалық элементтері. Құрылымдық формулалары, функциональдық схемалары, ақиқаттық кестелері. Триггер, регистр, сумматор, шифратор, дешифратор. Негізгі логикалық операциялар.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасыдегеніміз аппараттық құрылғылардың және бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың ӛзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі ӛзара байланыс жүйелері.

Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бӛлімнен тұрады: аппараттық қҧрылғылар (Нагdwаге), (2.1-сурет) жәнебағдарламалық жабдықтар(Sоftwаге) (бұл жайлы 3 тараудан қараңыз).

 


2.1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары

 

 Жҥйелік блокпроцессор, жад, адаптер, жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бӛлімі, олар орналасқан тақша - жҥйелік тақшадеп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі қҧрылғыларыдеп, ал пернетақта, монитор, принтер, т.б. - сыртқы қҧрылғылардеп аталады.

Процессор– компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік бағдарламалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы, яғни жұмыс ӛнімділігі - процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен ӛлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған. Такт – тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт, яғни процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт.Тактілік жиілік– процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, ӛлшем бірлігі – мегагерц (мгц). Процессорбарлық есептеу және ақпарат ӛңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессордеп аталады.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті бағдарламалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор ӛңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.

Микропроцессор ҥлгілері.Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).

Дербес          компьютердің          типі         онда          орналастырылған микропроцессордыңмодельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486,


Реntuim маркалы) және жұмыс ӛнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц- пен ӛлшенетін)анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің мӛлшері маңызды рӛл атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері1-кестеде кӛрсетілген.

 

2.1- кесте. ДК типтері мен мінездемесі

Процесс ор моделі

Жұмыс ӛнімділігі

Жедел жады Мӛлшері

Қатты диск (винчестер)



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.216.42.225 (0.009 с.)