СТУДЕНТТІҢ БОС УАҚЫТЫ
Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Ӛзіңізді біздің ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда кӛшбасшылық қабілет болса,онда Сіз ӛзіңізді топ старостасы ретінде, топтағы, университеттегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде ӛз қабілетіңізді кӛрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.
Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Кеңесіңе келіңіз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап қана қоймай, Сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға кӛмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып жатады.
Студенттік ӛмір – университетте оқитын әр адамның ӛміріндегі ең қызықты шақ. Жастық шақ білім алуға ұмтылған жастардың тың энергиясымен нәр алады.
Жастар Кеңесі жұмысының негізгі принципі – басқарудың алғашқы тәжірибесіне дағдылану, жігерлігін, байланысқа бейімділігін дамыту, мәселелерді шешу жолдарын табуды үйрену болып табылады. Тәлім алған іскерлік шеберлігі ӛмірдегі мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі күнде Жастар Кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі – студенттердің патриоттық сезімін, азаматтық қасиетін, еңбексүйгіштігін, адам құқығы мен еркіндігін құрмет тұтуын, қоршаған табиғатқа, туған еліне және отбасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Біздің университетте Жастар Кеңесінің қатысуымен студенттердің талантын шыңдауға арналған кӛптеген үйірмелер қызмет атқарады:
· «Тай-На» сән театры;
· «АТУ құрамасы» КТК(КВН) командасы;
· «Қарлығаш» би ансамблі;
· Вокал студиясы;
· «Домбыра-дастан» оркестрі;
· «Жастар» пікірсайыс клубы;
· «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты;
· Қазақстан Студенттерінің Альянсы;
· Қазақстан жастарының Конгресі;
· Университет Омбудсмені.
Университеттің спорттық ӛміріспорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, студент-спортсмендердің спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жеңімпаз, чемпиондар атанып жатады. Спортсмендер қаламыздағы әр түрлі спорттық жарыстарға (самбо, үстел теннисі, футбол және т.б.) қатысып спорттың дамуына ӛзіндік үлестерін қосады. Жеке спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.
|