Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ртүрлі бұйымдарды, жарылғыш заттарды және олардың жартылай

Поиск

Жарылғыш заттардың ғимаратта жалындауы кезінде, алдымен өрт ошағынан ЖЗ қорын қашықтату керек. Иницирлеуші заттарды алыстату кезінде оларды тастауға болмайтынын естен шығармау керек, өйткені ол жарылысқа әкелуі мүмкін. Басқа ЖЗ-ны жанып жатқан ғимараттан шығару мүмкін болмаса, оларды терезеден тастау керек. Содан соң өрт ошағын сөндіру қажет.Жарылғыш заттарды сөндіру. Жанып жатқан ЖЗ-ны сөндіру барысында олардың жануына қажет оттек өз құрамында екендігін естен шығармау керек. Сондықтан оны киізбен жабу немесе құммен көму пайдасыз ғана емес, сонымен бірге қауіпті. Құммен көму, көрпемен жабу кезінде жану күшейіп детонацияға айналуы мүмкін.Таза аммиак селитрасы өздігінен жанбайды, тек балқиды. Органикалық заттардың (ағаш,шүберек және т.б ) жануы селитра қатысында күшейеді. Оның қоспаларын сөндіруде сұйық және көбікті өртсөндіргіштер және су қолданылады.

Тротил күшті жалынмен жанады. Балқыған және ұнтақталған күйінде тез жанады. Су тротилді сөндіруде қолайлы,себебі жанып жатқан тротилге түсіп ол буланады; осы кезде жылу жұмсалады, жану өнімдерінің температурасы төмендейді, реакцияға түспеген заттар қабаттарын қыздыру бәсеңдейді, жану жылдамдығы баяулайды. Жанып жатқан бетке судың көп мөлшерін құйса, жану тоқтайды.

Жанып жатқан тротилді сөндіру үшін көп мөлшерде су қажет. Су жанып жатқан аумақтың бәріне жеткілікті болу керек. Тротилді судың аз мөлшерімен сөндіру тиімсіз. Тротилдің жарылыссыз жанатынын ескере отырып, оны сөндіру үшін жоғарыда айтылып кеткен өртсөндіргіш бұйымдардың (құм, киізден басқаның) барлығын қолдануға болады.

Тетрил,тэн және гексоген өте жылдам жанады. Әдетте, сумен сөндіріледі. Бірақ тетрил, тэн мен гексогеннің 150°С-ден жоғары температурада ыдырау қасиеті және олардың жануының детонацияға жеңіл ауысуы бұл заттардың айтарлықтай мөлшері жанып жатқан ғимаратта адамның болуына жол бермейді.

Жанып жатқан тетрил, тэн мен гексогенге суды тез жіберу арқылы сөндіру процесін нәтижелі орындауға болады. Өрт ошағын жою үшін отқа жақын орналасқан тетрил қабаттарының ыдырау температурасына дейін қызып кетуін болдырмайтын су мөлшерін жіберу қажет. Өртсөндіргіштер арқылы осындай жарылғыш заттардың тек аз ғана мөлшерін сөндіруге болады.

Пикрин қышқылы да тротил секілді түтінді жалынмен жанады, сумен сөндіріледі.Өртті жою үшін от ошағына судың  көп мөлшерін беру керек.

Аммиак селитрасы, тротил,ксилл және басқа ЖЗ негізіндегі аммиак-селитралы ЖЗ сумен тиімді сөндіріледі, су селитраны ерітіп, ЖЗ-ны жануды қолдайтын компонентінен айырады.

Ұнтақталған күйінде аммиак-селитралы ЖЗ өте тез жанады, сондықтан сөндіру кезінде тез қимылдау керек. Бұл ЖЗ тудырған өртті жою көптеген қиындық тудырады.Оқ-дәрі қарқынды түрде жанады және оларды сумен өшіру тек автоматты түрде су шашатын спринклерлі және дренчерлі қондырғылар арқылы жүзеге асады.

Оқ-дәрінің айтарлықтай мөлшері жанып жатқанда, ғимаратты тастап кету керек.

Иницирлеуші ЖЗ жану процесінің детонацияға өте тез ауысуымен сипатталады. Шикі күркіреуік сынаптың жануы  кезінде жұмысшылар ғимараттан шығу керек.

Құрамында алюминий немесе магний бар қоспалар немесе ЖЗ-ны сумен сөндіруге ешқашан болмайды,себебі су олармен реакцияға түсіп, жалынның қарқындылығын арттырады. Ондай ЖЗ жанып жатқанда тек өртсөндіргіш құрылғылармен , құрғақ мұзбен немесе баллондағы көмірқышқыл газымен ғана сөндіруге болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.37.211 (0.007 с.)