Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Күйе түзілудің полиароматтану теориясын талдаңыз.
Күйенің құрылымы графитті болып келедіжәне жалында ароматтық көмірсутектер байқалады. Сондықтан ароматтық заттарды қатыстыратын конденсациялау реакциялары күйе түзілудегі негізгі қажетті саты болып табылады (4-сызбанұсқа).
Әртүрлі заттардың бөлшектерінің ағыны аралас оттекті-ацетиленді жалында өлшенген спектрометриялық зерттеулердің нәтижесі бойынша полиацетилендердің күйе түзілу зонасындағы реактивтілігі жоғары емес екені анықталды. Бірақ ПЦАК жану зонасы мен күйе түзілу зонасының шекарасында өте реактивті. Бұл жағдай ПЦАК-ті күйе түзілу процесіне активті түрде енгізумен байланысты және концентрация профильіне ұқсас бутинен-3-тің (С4Н4) рөліне байланысты. Осы факт көрсеткендей полиароматтану теориясы мен полиацетилен теориясы бір-біріне қарсы келмейді, себебі полиацетиленннің құрылысы гексагонды ароматтық құрылымның байланыстырушы буыны болып табылады.
Расында, Ховард ацетиленннің 1,3-бутадиенил С4Н5 радикалымен рекациясы нәтижесінде пайда болатын көптеген ароматтық затардың механизмдерін қарастырады. С4Н5радикалы (отын көзіне байланысты шығу көзі әртүрлі болады) 3-бутиннің шығу көзі бола алады. Ароматты молекулалар (6-көміртекті сақина) 3-бутенин реакциясының нәтижесінде түзіле алмайтынын дәлелдеді, себебі көміртегінің үшінші атомы тізбектің басқа бөлігінен сутегі атомын ала алмайды. Сутегі тізбек орын ауыстырған кезде бөлінеді және орын ауыстыру кезінде үлкен активтену энергиясы бөлінеді. Осыған ұқсас Дильс-Альдер қоспаларының бутадиенге әсері нәтижесінде ароматтық заттар түзіле алмайды. Бос радикалды механизм кезінде ароматтық заттардың тез өсуі ацетиленннің ароматтық емес заттармен әсерлесуі кезінде орынды болады. С4Н4ароматтық көмірсутектердің алғышарты бола алмайды, сонымен бірге басқа жолмен түзіледі.
Ароматтық заттардың пиролизі немесе ароматтық отындардың жалынында күйе түзілгеннен кейін ароматтық сақина бұзылады. Кейбір ПЦАК қосымша реакция нәтижесінде түзілгенімен де, күйе ароматтық емес аралық өнімдер арқылы түзіледі.
|