Жарылыстың тәжірибелік сипаттамаларын талдаңыз. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жарылыстың тәжірибелік сипаттамаларын талдаңыз.

Поиск

Жарылғыш заттарды бір-бірімен әртүрлі тәжірибелік әдістермен салыстырады. ЖЗ-ның эффективтілігін сипаттайтын жарылғыштық қасиеттерді бағалау үшін детонация жылдамдығын, бризанттылықты, жұмысқа қабілеттілікті тәжірибелік жолмен анықтайды.

  ЖЗ-ның сапасын, МемСтандартқа сәйкестігін және пайдалануға жарамдылығын тексеру үшін детонация толықтығын, патроннан патронға детонацияның берілуіне қабілеттілігін, ЖЗ-ның ылғалдылығын, химиялық және физикалық тұрақтылықтарын анықтайды. Құрамында 15%-дан көп нитроэфир болатын ЖЗ-лар үшін экссудацияны - патрон қаптамаларында сұйық нитроэфирлердің бөлінуін анықтайды.

  Сезімталдылығын және ЖЗ-мен жұмыс істеу қауіптілігін бағалау үшін жылулық импульске, соққыға, иницирлеуге, шаңды бөлуге бейімділігін, электризацияны анықтайды.

  ЖЗ-ның қолдану технологиясының сипаттамаларын анықтау үшін себілмелілігі, дисперстілік, ылғалдылық, суға тұрақтылық, қатпарлану, нығыздалып басылуын анықтайды.

- ЖЗ-ның эффективтілігін бағалау

  Детонация жылдамдығы жылдамдықты нақты аспаптармен (осциллограф), реостатты датчиктермен және сыналатын ЖЗ-ның детонация жылдамдығын стандартты үлгінің детонация жылдамдығымен салыстыру арқылы (Дотриш әдісі) анықтайды.

- ЖЗ-ның сапасын тексеру

  Жз-ның жалпы жұмысты жасауға қабілеттілігін және жарылыстың жергілікті ұнтақтау әсерін анықтайтын сипаттамасы жұмысқа қабілеттілік деп аталады. Жарылыстың жалпы әсері деп аталатын тау жыныстарының азғантай массасын бұзуда, жұлып алуда және лақтыруда білінеді. Газдың қалдық қысымы қысымға қарсы ортамен теңескенде процесс аяқталады.

- ЖЗ-ның сыртқы әсерлерге сезімталдылығы

  ЖЗ-да жарылғыштық қасиеттің болуы жарылыстың тек қана потенциалдық мүмкіндігін анықтайды. Оны жүзеге асыру үшін ЖЗ-ға онда интенсивті реакциялар өтуін тудыратындай әсер ету және жарылыс туғызу керек. ЖЗ зарядының детонациясын тудыруға қажетті сыртқы әсер иницирлеуші (бастапқы) импульс деп аталады. Жарылыстың бастапқы импульс көмегімен тууы иницирлену деп аталады. ЖЗ-ның бастапқы импульсті қабылдау дәрежесі ЖЗ-ның химиялық құрамы мен физикалық күйіне тәуелді. Химиялық құрам ЖЗ-ның ішкімолекулалық байланыстарының мықтылығын анықтайды.

20. Жарылғыш заттардың детонациясын түсіндіріңіз. Детонациялық адиабата қисығындағы Жуге нүктесінің мәнін ашып көрсетіңіз.Жарылғыш кезінде заряд арқылы таралатын детонация толқынының ерекше мәні бар.Бұл толқын жарылғыш затта таралған затты соғылатын сұйық ретінде қарастырады.Сондықтан жарылыс теориясының негізінде детонацияның гидродинамикалық теориясы жатыр.Детонацияның гидродинамикалық теориясының бастапқы шарты,жарылысты ыдырау реакциясы детонациялық толқын фронтына келіп тірелетін зонада жүзеге асуы болып табылады.Детонациялық толқын фронты жарылыс реакциясы өтетін зонаны жарылысқа ұшырамаған жарылғыш зат зонасынан бөліп тұратын бет түрінде болады.Детонация толқының фронты осы фронт бетіне перпендикулярлы бағытта өте үлкен жылдамдқпен қозғалады.Толқын фронтынан кейін температура мен қысым бірден жоғарылайды.Сондықтан жарылыс реакциясы детонация толқынының фронтына кейін осы толқынның жылдамдығымен орын ауыстырады және өзінен кейін қызған,қысымы жоғары газдар қалдырады.Бұл газдар ұлғаю арқылы жарылыстың механикалық әрекетіне әкеледі.Сонымен,кейбір жуықтауларды ескерсек,детонация толқынының фронты алғашқы тыныш күйдегі жарылғыш зат пен қатты сығылған ыстық жарылыс газдары арасындағы шекара болып табылады

 

V жазықтығында ортаның бастапқы және соңғы термодинамикалық күйін бейнелейтін нүктелер арқылы өткен түзуді айтады. Детонациялық адиабата:Ж-Жуге нүктесі,α-Михельсон түзуінің көлбеу бұрышы.Детонация жылдамдығының ең төмен мүмкін мәні Михельсон түзуінің детонациялық адиабатамен жанасу нүктесіне Жуге нүктесі деп аталады және бұл нүктеде реакция өнімдерімен салыстырғанда детонациялық толқын дыбыстың локальді жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалады.Мұндай детонацияны қалыпты деп атайды.Ол жарылғыш заттарда өздігінен,сырттан ешқандай қолдаусыз таралады.Детонациялық адиабатаның жоғары нүктелеріне реакция өнімдерімен салыстырғанда детонациялық толқынның дыбыс жыламдығына дейінгі қозғалыс сипаты сәйкес келеді.Мұндай детонация артық сызылған деп атайды.Ол детонациялық толқыннынң артынан қозғалатын және реакция өнімдерін сығатын поршень әсерінен ғана тарала алады.Егер поршеньнің жұмысын тоқтатса,детонация қалыпты түріне көшеді.Поршень рөлін қуаттырақ басқа жарылғыш заттың қалыпты детонация өнімдері атқара алады.Детонациялық адиабатадағы Жуге нүктесінен төмен орналасқан нүктелерге реакция өнімдерімен салыстырғанда детонациялық толқынның дыбысжылдамдығынан жоғары қозғалу сипаты сәйкес келеді.Мұндай детонация толық сызылмаған деп аталады.Толық сызылмаған детонация да қалыпты детонация сияқты өздігінен таралады.Бірақ бұл реакция барысында изобара-изохоралық жылу эффектісінің QPV таңбасы оңнан теріске ауысқанда ғана,мысалы,экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар бір мезгілде жүріп,экзотермиялық реакция бірінші аяқталған кезде мүмкін болады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.214 (0.01 с.)