Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Жарылыстық реакциялардың кинетикалық қисықтарын салыстырыңыз.

Поиск

Кейбір химиялық реакциялар жарқылдап, дыбыстық әсерлермен өтеді.Мұндай жарылыстық реакциялардың ерекшеліктерін 19 ғасырдың ортасында Бунзен мен Вант-Гофф байқаған болатын.Температураға байланысты реакция жылдамдығы тез өседі. Мысалы, сутегі мен оттегінің қоспасы бөлме температурасында, атмосфералық қысымда көп жылдар бойы әрекеттеспей тұра береді.Температура жоғарылаған кезде реакция жылдамдығы бір шектік мәнге дейін өлшеусіз аз болады.Мысалы, 2Н22 стехиометриялық қоспасы үшін атмосфералық қысымдағы шектік температура -5500С.Тшмәнінен аз ғана жоғары температурада реакция өте жылдам жүреді, қысым тез жоғарылайды да, реакциялық ыдыс жарылуы мүмкін.

Жарылыстық ренакцияның негізгі белгісі-химиялық реакцияның жылдамдығы секірмелі түрде өсетін температураның болуы, бұл тұтану температурасы деп аталады. Жарылыстық температураны бақылағанда шектік шамадан төмен температура мен қысым мәндерінде қоспада ештеңе жоқ немесе ешнәрсе болмайтындай болып көрінеді.Ал шектік параметрлерге келгенде барлығы бірден кенет әрекеттеседі.Процестің осындай ерекшелігі реакция жарылыстық деп атауға негіз болды.1-суретте изотермиялық жағдайдағы тізбекті жарылыстың болу мүмкіндігін тәжірбие жүзінде көрсеткен Ковальский нәтижелері келтірілген.ΔР-жүйедегі жалпы қысымның азаюына тең шама.Суретте көрініп түрғандай, бастапқы қысымның төменгі мәндерінде жүйедегі жалпы қысым азаю үшін, яғни реакция жылдамдығы жоғарылау үшін белгілі бір уаұыт керек.Бұл реакция өте баяу жүретін, эксперимент жүзінде реакцияның жүруі анықталмайтын уақыт аралығы индукция периоды деп аталады.Бұл автокатализдік және тізбекті реакцияларға тән.Сонымен, жарылыстық реакцияларға тән екі ерекшелік-индукция периоды τинд және шектік шарттардың болуы (температура, қысым).Көп жағдайларда реакцияның жарылыс арқылы жүруі тізбекті сипатпен, реакция жылдамдығының әрекеттесу кезінде пайда болатын активті орталықтар концентрациясына тәуелділігімен түсіндіріледі.

Тізбекті реакциялар актвті бөлшектердің түзілуі арқылы жүреді.Біріншіден, реакция барысында активті бөлшектер тізбекті реакцияға тәуелсіз жылулық қозғалыс нәтижесінде түзілуі мүмкін, себебі бастақы заттың молекулалары бір бірімен соқтығысып, диссоциацияланады.Бұл процестің жылдамдығы өте төмен.Екіншіден, бос валенттіліктің көбеюі арқылы тізбек тармақталуы мүмкін.Радикалдардың түзілу жылдамдығы радикал концентрациясына пропорционал болады.Радикалдардың жойылу процесі–тұрақты молекуламен соқтығысуы немесе ыдыс қабырғасына диффузиялану нәтижесі, бұл жылдамдық радикал концентрациясына пропорционал.

Активті орталықтың уақыт бойынша концентрациясын өлшеуге арналған теңдік:dn/dt = W0 + fn – gn



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.16.130.96 (0.01 с.)