Жарылғыш заттың соққыға сезімталдығын коперда анықтау әдісіне баға беріңіз. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жарылғыш заттың соққыға сезімталдығын коперда анықтау әдісіне баға беріңіз.

Поиск

ЖЗ-ның соққыға сезімталдығын, әдетте, вертикальді немесе доғалық коперлерде анықтайды. Вертикальді копер (төемнгі суретте) фундаментте орныққан массивті темір соғатын төстен тұрады, оған сыналатын ЖЗ үлгісі бар штемпельді роликті кішкене аспапты орналастырады.Арнайы ұстағыш есебінен құлайтын жүк екі бағыттағыш рейкалар арасындағы қажетті биіктікте орналасады. Бұл биіктікті рейка көмегімен анықтайды. Ұстағыштың жұмысы тростың тұтқасынан дистанциялық жүзеге асады, ол қызмет көрсетілетін персоналға қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Коперде жүк шайқалып кеткен жағдайда оны ұстап қалуға мүмкіндік беретін құрал қарастырылған.

Роликтер темір төсте соқпаның рөлін атқарады. ЖЗ-ның соққыға сезімталдығы аз дәрежеде көптеген факторларға тәуелді: негізінен, роликтің беткі бөлігінің күйіне және олардың шетінде фасоктардың болуына, олар жасалған болаттың сапасына және күйдіру дәрежесіне тәуелді.

Сол себепті олардың цилиндрлік және бүйір жақ беті мұқият тегістеледі және жүкке қатысты нақты орталықтанады. Оларды термиялық өңдеу роликті подшипниктерге қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Массасы 0,02...0,05 г сыналатын ЖЗ үлгісін 1 мм қалыңдықтағы қабатпен және диаметрдің 5 мм қыылп штемпельді аспапқа салады. Лақтырылатын жүктің биіктігіне байланысты, жарылыс немесе ЖЗ жарқылының болуы немесе болмауы мүмкін.Коперде сынаудың басқа да әдістері бар. Массасы 10 кг жүкті 25 см биіктіктен лақтырады және 25 сынақ нәтижесінде алынған жарылыс пайызын анықтайды, ол ЖЗ-ның соққыға сезімталдығының салыстырмалы өлшемі болып табылады.

ЖЗ-ның үйкеліске сезімталдығын сынаудың стандартты әдісі әзірге жоқ. Сыналатын затты белгілі жүктемеде болат беті бар арнайы қондырғыда ұзақ уақыт бойы үйкеуге негізделген немесе соққылық сипаттағы үйкелісті жасауға негізделген әдісті көп қолданады. Үйкеліске ЖЗ-ның сезімталдығын анықтауды К-44-III коперінде жүргізеді (жоғарғы суретте). Сырғанаушы соққы ЖЗ бөлшектерінің арасында немесе бір-бірімен үйкелетін денелер арасында үйкелісті тудырады.Массасы 0,05 г ЖЗ үлгісі диаметрі 10 мм болатын екі ролик арасында гидравликалық пресс көмегімен белгілі бір қысымға дейін сығылады. Маятниктің құйылатын жүгінің соққы затына бағыттағыш бойынша бүйірлік соққысы кезінде жоғарғы ролик төменгіге қатысты жылжиды және ЖЗ үлгісін үйкелу әсеріне ұшыратады. Жарылыс ықтималдығы ЖЗ үлгісін роликтер арасында сығу қысымына тәуелді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.214 (0.01 с.)