Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Композиттік материалдарды сұйық фазалы ӨЖС әдісімен синтездеудің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Поиск

Бұл газсыз ӨЖС процесінің бір бөлігі болып табылады, яғни реагенттер балқиды және сұйық өнімдер түзіледі, суыған кезде кристалданады және өжс соңғы өнімдері бөлме температурасында қатты өнімдер болып табылады. Кейде мұндай өжс процестерін сұйық жалын – қатты соңғы өнім деп қарайды. Сұйық өжс өнімдері тотықсыздандырғыш сатылы ӨЖС жүйелерінде орын алады. Көбінесе тотықтырғыш ролін метал AL темп өте жоғары, яғни ол барлық реагенттермен соңғы өнімі температурасынан асып түседі. ӨЖС-тің алюминотермия процесі 2 сатыдан тұрады:

1.Оксидтер Al көмегімен элементтерді тотықсыздандыру – метал термия сатысы

2.2. Элементтердің әрекеттесуі – ӨЖС сатысы. ӨЖС арқылы қиын балқитын кұйылмалы материалдар алу күрделі көп сатылы процес. Онда 3саты бар:

1.Жану

2.Фаза айырылу

3.Суыту сатысы

Метотығы+Ме тотықс/ш+Бейметал

(WO3,MO2) (Mg,Al,Ti) (B,Si,B2O3)

Механизмі. Жану толқынында бастапқы реагенттер әртүрлі физ-химиялық айналуларға ұшырайды, бұл кезде қыздыру зонасында бастапқы метал оксидінің болуынан кейін тұтас сұйық орта түзіледі, сол сұйық ортада металдың және бейметалдың бөлшектері таралады. Химиялық әрекеттесулер 2 этаптан өтеді:

1.кезеңде. Сұйық тамшылар мен бөлшектер бастапқы оксидпен 2түрлі параллельді реакция арқылы әрекеттеседі.

1. MeOx+Al= Me+Al2O3

2. MeOx+C=Me-C+CO

2.кезеңде – металдың карбидтелу процесі жүреді.

Me+C=MeC

Нәтижесінде 2 кондинсерленген жүйе пайда болады.

Фаза бөліну

Жалын фронты өткеннен кейін 2фазалы балқыма пайда болады, онда тотықсыздандырғыш метал оксиді тұтас оратаны түзеді, ал тотықсыздаған металдың қиын балқитын қосылысының тамшысы бірқалыпты таралады.

1-шісі оксидтік фаза,2-шісі металдық фаза. Бұл фазалардың тотықсыздануы әртүрлі болғандықтан жердің тарту өрісінің әсерінен немесе ортадан тепкіш күштің әсерінен фазалардың қозғалуы байқалады. Қозғалу тамшылардың тұтастай кесек болғанға дейін қалыптасады, фаза бөліну кейде толық,кейде ішінара болуы мүмкін. Жоғарғы фаза –Al2O3 тұрады, шлакты деп аталады, төменгі фазаны – металдық деп атайды. Сұйық ӨЖС арқылы боридтер, нитридтер алуға болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.116.61 (0.007 с.)