Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жарылғыш заттардың түрлерін сипаттаңыз.

Поиск

Жарылғыш заттар — сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті энергия көзі болып табылады, сондай-ақ әр түрлі жару жүмыстарын орындауда қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның салмағы 3,25 г болатын дәрі заряды атылғанда 0,001 секунд ішінде жанып, 3 каллорий жылу бөледі де, температурасы жарылыс сәтінде 2400-2900°-қа тең 3 л газ шығарады. Газ ете жоғары кысым тудырады (3000 кг/см2) да, оқты ұңғы каналынан 700 м/сектан аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына карай:бөлшектегіш (бризанттық),лақтырғыш (дәрі);пиротехникалық болып болінеді.Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз — жарғыш сипаттағы ядролық (термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде энергия шығаратын зат. Мүмкін болатын шығын және залал көзқарасында жарылыстар үлкен және ерекше қауіп төндіреді. Жарылыс-шекті көлемдегі үлкен мөлшерлі энергияның қысқа мерзімде босап шығуы. Жарылыс жедел кеңеюі кезінде қоршаған заттарға соққылық механикалық әсер көрсететін жоғары дәрежедегі қысымдағы өте қатты қыздырылған газ (плазма) пайда болуына әкеледі. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен және ұсақталуымен , әуе және сулы ортада – ауа немесе гидравикалық соққы толқынының пайда болуымен қатар жүреді. Жарылыстық соққы – жарылыс кезінде қысымның, тығыздықтың және орта температурасының бірден өсуі жүретін орта қозғалысы. Жарылыстық соққының алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс оның ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.Жарылыс болуы мүмкін:-конденсацияланған жанғыш заттардың детонациясы нәтижесінде;- тұтанатын газ және шаң бұлтының тез жануы нәтижесінде;-қатты қыздырылған сұйыққа немесе қысылған газға толы ыдыстың күтпеген қирауынан; -қызыдрылған қатты заттардың суық сұйықтармен араласуы нәтижесінде.

 Энергия тасымалдаушы түріне және энергия бөліну жағдайларына қарай жарылыс кезінде энергия көзі химиялық та, физикалық та процесстер болуы мүмкін. Химиялық жарылыс энергиясы көзі- тез және өздігінен өтетін жанғыш заттардың тотықтырғышпен немесе тұрақсыз қосылыстардың термиялық ыдырауы әсерінен болатын экзотермиялық реакциялар. Қысылған газдар энергиясы көзі-сұйықтың қарқынды булануына немесе газға айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық көлеміндегі ішкі және сыртқы энергиясы. Химиялық заттардың энерго тасымалдаушылары қатты, сұйық, газ тәрізді заттар және қышқылды ортадағы жанғыш заттардың аэробөлшектері. Жарылғыш заттар.Қатты және сұйық энерготасымалдаушылар көбінесе конденсациалық жарылғыш заттар класына жатқызады. Жарылғыш заттар дегеніміз көп мөлшерде жылу бөле және газ түзілуімен қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар немесе заттар қоспасы. Жарылғыш заттар құрамына тотықтырғыштар немесе басқа химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.76.193 (0.006 с.)