оршаған ортаның азот оксидтерімен ластануын сипаттаңыз.
37. Қоршаған ортаның азот оксидтерімен ластануын сипаттаңыз.
Азот оксидтері атмосфераны біріншілік ластағыштар деп есептеледі. Олар ауаға әртүрлі отындар жанғанда түседі, мысалы жылу электр станциялары, мұнай өңдеу зауыттары, өнеркәсіп орындарының түтін газдары мен көліктердің қалдық газдарының құрамында болады. Азот оксидтері NOX (NO мен NO2) қоршаған ортаның екі жақты ластануына алып келеді.
Біріншіден, олар суда еріп, азотты HNO2 және азот HNO3 қышқылдарын түзеді. Бұл қышқылдар атмосфераны екіншілік ластағыштар қатарына жатады және күкіртті H2SO3 және күкірт H2SO4 қышқылдарымен бірге қышқыл жаңбырлардың түзілуіне алып келеді.
Екіншіден, азот оксидтері көмірсутектермен қосылып, фотохимиялық смогтың пайда болуына алып келеді. Фотохимиялық смог радикалдар қатысында бірқатар күрделі реакциялар өту нәтижесінде пайда болады. Бұл күрделі процестің 1-сатысы өту үшін ультракүлгін күн сәулесі қажет:
NO2 + hn® NO + O
O + O2® O3.
Озон - өсімдіктерге де, жануарларға да зиян улы газ.Ол -атмосфераны екінші ластағыш. Егер ауада көмірсутектер болмаса, онда озон азот (ІІ) оксидімен қосылып, нәтижесінде азот (ІV) оксиді қайтадан түзіледі:
NO + O3 ® NO2 + O2
Осылайша, көрсетілген «тұйық циклда» атмосферадағы NO2 мөлшері бір деңгейде сақталып тұрады.
Егер атмосферада көмірсутектер болса, бұл цикл бұзылады. Озон қанықпаған көмірсутектермен әрекеттесіп, органикалық радикалдар түзеді: СН3О·, НС·=O. Бұл радикалдар азот оксидтерімен альдегидтер және органикалық нитраттар түзе қосылады: СН3СOOONO2, C6H5COOONO2.
Озонмен бірге бұл қосылыстар атмосфераны екінші ластағыштар тобына жатады, сондықтан фотохимиялық смог пайда болады.
Әлемнің көптеген қалаларында бұл мәселе атмосферада инверсиялық қабаттың түзілуімен күрделенеді. Инверсиялық қабат- қала үстінде орналасқан ыстық қызған ауа қабаты, ол суық ауаның төменгі қабатының шығуына жол бермейді. Бұл ыстық қабатта әдетте ылғал болмайды да, күн сәулесі үшін ең мөлдір болып келеді. Нәтижесінде ауаның төменгі қабатында екінші ластағыштар ұсталып, жиналады. Осы жағдайларда пайда болатын фотохимиялық смогты ыстық күнде қаланың үстіндегі түтін ретінде бақылауға болады. Бұл түтін смог бөлшектерімен қамтылған.
Демек азот оксидтерінің түзілуін азайту-жанудың маңызды мәселелерінің бірі.Бұл мәселені шешу үшін олардың түзілуіне алып келетін реакция механизмдерін анықтап, солардың негізінде азот оксидтерінің мөлшерін азайту жолдарын табуға мүмкіндік туады.
Азот оксидтерінің түзілуін қазіргі уақытта төрт түрлі жолмен түсіндіреді:
1)Термиялық 2)Жылдам түзілу механизмі 3)Азот (І)оксиді арқылы түзілуі 4)Отын құрамындағы байланысқан азот арқылы түзілуі.
|