Жалындары әртүрлі типті жүйелердің мысалдары
Жалындары әртүрлі типті жүйелердің мысалдары
Отын/тотықтырғыш
Ағын қозғалысы
Мысалдар
Алдын ала араласқан қоспа
Турбулентті
Ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышы
Азот оксидтерінің шығымы төмен стационарлы газ турбиналары
Ламинарлы
Жазық жалындар
Бунзен жалындары
Алдын ала араласпаған қоспа
Турбулентті
Тозаңдатылған көмірдің жануы
Ұшақтардың қозғалтқыштары
Дизель қозғалтқыштары (Н2/О2) зымыран қозғалтқыштары
Ламинарлы
Ағаштың жануы
Сәуле шығаратын жылыту жанарғылары
Шырақтар
Қоспаның дайындау әдістері: алдын ала араластыру – ламинарлық, диффузиялық, алдын ала қыздыру бойынша ажыратылады.
Формасы бойынша: конустық, сфералық жалпақ.
Температурасы бойынша: ыстық, суық, көгілдір.
Механизмі бойынша: тізбекті, жылулық.
3, 34. Алдын ала араласқан қоспалардың жануын түсіндіріңіз.
Алдын ала араласқан қоспаның ламинарлы жалындарында отын мен тотықтырғыш жануға дейін араласады да, ағын ламинарлы болады.Мұндай жалындарға жазық ламинарлы жалын мен бунзен жанарғысының жалыны (отынға кедей қоспалар үшін) мысал бола алады.Егер отын (көмірсутек) мен тотықтырғыш (оттегі) бір-біріне толық жұмсалып, толық жану өнімдері (көміртек диоксиді мен су) түзілсе, алдын ала араласқан қоспа жалыны стехиометриялық (толық жану) деп аталады. Егер отын артық қалса, онда қоспа отынға бай, егер тотықтырғыш артық қалатын болса, қоспа отынға кедей болады.
Алдын ала араласқан қоспаның турбулентті жалындары. Мұндай жалындарға көпке белгілі ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышының (Отто қозғалтқышы) жалыны жатады, онда ағын сирек ламинарлы болады. Бұл жағдайда алдын ала араласқан қоспаның жалын шебі турбулентті ағынға таралады. Егер турбуленттік қарқындылығы үлкен болмаса, ламинарлы жалынның қисайған шептері қалыптасады. Бұл кезде турбулентті жалынды алдын ала араласқан қоспаның микроламинарлы жалындарының ансамблі ретінде қарастыруға болады.
Алдын ала араласқан қоспаның жануының артықшылығы – бұл жағдайда жану процесін жеңіл басқаруға болады. Отынға кедей алдын ала араласқан қоспалар жанғанда жану кезінде температура төмен болады, демек, зиянды азот оксидінің (NO) шығымын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы жағдайларда күйе аз түзіледі, себебі ол отынға бай қоспалар жанғанда көп мөлшерде түзіледі.
Белгілі бір артықшылықтарына қарамастан, алдын ала араласқан қоспалардың жануы кең қолданылмайды, бұл алдын ала араласқан реагенттерді көп көлемде сақтаудың қауіптілігіне байланысты, нәтижесінде жарылысқа алып келуі мүмкін.
|