Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ндірістік жарылғыш заттардың халық шаруашылығындағы маңызын бағалаңыз.

Поиск

Құрамында нитротоп бар жарылғыш химиялық органикалық қосылыстардың үлкен тобы жатқызылатын нитроқосылыстар халық шаруашылығында еркін бризантты ЖЗ(гранулотол), шашка – детонаторлар, детонирлеуші шнурлар, капсюль – детонаторлардағы екіншілік ЖЗ зарядтары түрінде және қоспалы өнеркәсіптік ЖЗ(аммонит,динамит) компонеттері ретінде қолданылады. Қатаң түрде ЖЗ қандай элементке жалғанғанына байланысты жекек нитроқосылыстар, нитроэфирлер, нитроаминдер және т.б. топтарға бөлінеді. Қоспалы ЖЗ –да нитроқосылыстар әртүрлі қызметтер атқаруы мүмкін. Оттекті балансы теріс және тротил, ксилил, тринитробензол және т.б. бризантты ЖЗ қасиеттеріне ие нитроқосылыстардың аммиак селитрасымен қоспасы бір мезгілде жанғыш зат және селитраға немес оның төмен детонациялық қабілетке ие қоспаларына қатысты сенсибилизаторлар ретінде қолданылады. Осындай қоспаларлың әдеттегі мысалдары: аммониттер, граммониттер,аммоналдар,құрамында тротил бар акватолдар мен акваналдар сұрыптары.                         Сонымен қатар оң(нитроглицерин) және теріс оттекті балансты(тротил) нитроқосылыстар қоспадағы жанғыш компонеттерге, мысалы, алюминийге,қатысты өздері тотықтырғыш болып келетін қоспалар да бар. Мысалы, тротилден және алюминий ұнтағынан тұратын алюмотол. Жарылғыш қасиеттері нашар кейбір нитроқосылыстар,мысалы динитронафталин, жарылғыш қоспаларда жанғыш жанғыш компонеттер ретінде қолданылады. Мысалы, Фавье құрамы, аммиак селитрасынан жіне динитронафталиннен тұратын динафталиттер. Нитроқосылыстарды таза күйінде қолдану жарылыс өнімдерінің улылығына, механикалық әсерлерге негұрлым сезімталдығына, ал кейбір ЖЗ қымбаттылығына байланысты шектелген. Көрсетілген себептер бойынша нитроқосылыстар түріндегі жеке ЖЗ таза күйінде негұрлым экономикалық тиімді қоспалы текаммиак –селитра түріндегі ЖЗ немесе басқа арзан тотықтырғыштар негізіндегі ЖЗ қолдану мүмкін болмаған жағдайларда пайдаланылады: ауыр гидрогеологиялық жағдайларда, мысалы қарқынды су алмасу процесі бар ұңғымаларда немесе құрамында суда еритін тотықтырғыш тұздар бар қоспаларды пайдалану, олардың зарядтан шайылыуына байланысты тиімсіз болып келетін су астындағы үлкен тереңдіктерде; металдарды жарылыс арқылы өңдеуде; ЖЗ детонациясының жоғары параметрлері немесе зарядтардың кіші критикалық диаметрлері қажет жарылыс тәсілі арқылы жасанды минералдарды алу барысында; гесоген, октоген секілді жоғары термотұрақты ЖЗ қажет мұнай өндіретін өндірістегі үлкен тереңдіктерде атқылау –жару жұмыстарының өндірісі кезінде.

Тротил таза күйінде және гексоген немесе тэн қоспасында құюлы және престелген шашка түрінде сейсмикалық шолу үшін зарядтар, габаритті емес жыныстар бөліктерін ұсақтау үшін кумулятивті зарядтар, аралық детонаторлар ретінде қолданылады.

 

22. Ламинарлы және турбуленттік қозғалыс сипаттамаларына баға беріңіз. Техникалық құрылғыларда газ бен ауа қоспалары ағынының жануы жүреді және оны жалын деп атайды.Жалын белгілі бір геометриялық түрде болуы мүмкін.Жану қарқындылығына және оның тұрақтылығына ағын қозғалысының түрі-ламинарлық немесе турбуленттік қозғалыс үлкен әсер етеді. Өзара араласпайтын газ бен ауа қоспасының жануын ламинарлық жану деп атайды.Бұндай жану негізінен,атмосфералық аз өнімді жанарғыларда(горелка) кездеседі.Ламинарлық қозғалыс кезінде, газ қоспасындағы газдардың араласуы ақырын жүреді және бұл араласу молекулярлық диффузиямен жүреді. Осы кездегі жалын үлкен болады.Жалынның ең үлкен шамасы,ламинарлық режимде ағатын газ бен ауаның жану орнына жеке-жеке ағынмен келіп жануы кезінде пайда болады.Жоғарғы молекулалы көміртекті газдар, жоғарғы температурада қарапайым қосылыстарға ыдырайды,осы кезде бөлшектерінің өлшемі өте аз (~0,3*10-3мм) болатын, күйелі көміртегін бөледі. Бұл бөлшектер қатты қызып, жалынға жарық береді.Ауыр көміртектер жалынының жарығын, оған кейбір ауа мөлшерін араластыру арқылы өшіруге болады. Оттегі органикалық молекулалардың ыдырау қасиетін өзгертеді, көміртегі қатты түрде бөлінбей көгілдір, мөлдір жалынмен жанатын көміртегі тотығы түрінде бөлінеді.Көп жағдайда газ тәрізді отындардың жану жалыны турбуленттік ағында таралады, оның ламинарлық ағыннан айырмашылығы мынандай: ағынның әрбір нүктесінде жылдамдық шамасы және бағыты бойынша да өзгереді, ал жеке ағыншалары араласады және бейбірекет қозғалыста болады. Жалынның турбуленттігі көп болған сайын, соғұрлым жалын майданы (фронт) тегіс болмайды және оның беттік қабатында көптеген майда жалындар пайда болады. Жалынның жеке ағыншалары, одан суықтау қосалқы ағыншаларымен және жанып болған қатты қызған өнім ағыншаларымен бірге қатар орналасқан.

Жалынның турбуленттік ағынының жайылу (таралу) жылдамдығыUт қоспаның ламинарлық тәртіптегі жалынның жайылу жылдамдығынан артық және ол турбуленттік дәрежеге (масштабқа) бағынышты болады. Uт жылдамдығы тұмсықтан ағып шыққан ағын жылдамдығы артқан сайын артады:

,

(1)

мұндағы W1-ағынның орташа жылдамдығынан тәуелді, пульстік жылдамдық;В- газ тәрізді отын қасиетінен тәуелді коэффициент. Белгілі бір жағдайдағы турбуленттік жалын диффузиялық жану жалынынан қысқа.Берілген газдың жануы кезіндегі жалын ұзындығы мына жағдайларға газ жандырғы құрылымының қоспа түзушілік қасиетіне, газдардың алдын–ала араластыру дәрежесіне, ағып шығатын ағынның жылдамдығына, тұмсықтың диаметріне, ауаның артық мөлшерінің коэффициентіне және ағыншалардың даму шартына байланысты. 18-10 суретте газ жанатын жеке құрылымдардағы жалынның жуықтап алынған ұзындықтары берілген.

23. Іштен жану қозғалтқыштарында отынның жану ерекшеліктерін талдаңыз. Зиянды өнімдердің мөлшерін азайту жолдарын көрсетіңіз.

 Іштен жану қозғалтқыштарында отындар жанғанда түзілетін зиянды өнімдерді 3 топқа бөлуге болады:1)СО, жанбаған отындар және күйе;

2)азот оксидтері;3)қорғасын қосылыстары;

Күйе тотықтырғыш жетіспегенде көмірсутектердің термиялық ыдырауы кезінде пайда болады:СnHm→Cn+0.5mH2.Күйе отын ағыны цилиндрдің суық қабырғасымен жанасқанда түзіледі.Күйенің түзілуі гидрогендеу,дегидрогендеу,полимерлену,конденсациялану процестері арқылы өтеді.Түзілген күйе мөлшері температура,қысым,отын түрі,жанарғы типіне тәуелді.Көмірсутектердің молекулалық массасы жоғарылаған сайын күйе түзілу мөлшері аз.Дизельді қозғалтқыштарда диффузиялық гетерогенді жану өтеді,сондықтан күйе мөлшері көбірек.1-топ өнімдерін азайтудың жолдары: қоспа түзілуді жақсарту,яғни гомогенизация;қоспа көлемін сөндіру аумағында азайту;отын мен ауа қоспасын қалдық газдармен сұйылтпау.Азот оксидтерінің мөлшерін азайту жолдары;жану кезінде температураны төмендету; жану аумағында оттегін азайтуға мүмкіндік жасау.Қорғасын қосылыстарының мөлшерін азайту үшін бензиннің октан санын жоғарылату мақсатында антидетонаторлық қондырма ретінде қосылатын катализдік нейтрализаторлар метилацетат, ацетонперокси пайдалану керек.

Экологиялық таза іштен жанатын қозғалтқыштардың отыны ретінде сутегі мен сұйытылған табиғи газды ұсынады. Сутегі көмірсутектермен салыстырғанда ауамен жақсы араласады, тұтануына аз энергия қажет, тотықтырғыш ретінде ауада жанғанда су мен азот оксидтері, ал оттегінде жанғанда тек су түзіледі.Отын ретінде сутегінің кемшілігі – уақытынан бұрын тұтану мүмкіндігі мен жанып кетуі. Бұған кедергі жасау үшін инертті компоненттер, мысалы, су буын қосады. Сондай-ақ сутегін сақтау және тасымалдау қиын. Сұйытылған табиғи газ жанғанда азот оксидтерінің концентрациясы екі есе азаяды,бензпирен мөлшері де айтарлықтай азаяды.Жану өнімдерінің улылығы 4-5есе азаяды. Кемшілігі – газдарды баллонда жоғары қысымда сақтау және тасымалау қиын және қауіпті.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.163.134 (0.007 с.)