Жалындары әртүрлі типті жүйелердің мысалдары
Жалындары әртүрлі типті жүйелердің мысалдары
Отын/тотықтырғыш
Ағын қозғалысы
Мысалдар
Алдын ала араласқан қоспа
Турбулентті
Ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышы
Азот оксидтерінің шығымы төмен стационарлы газ турбиналары
Ламинарлы
Жазық жалындар
Бунзен жалындары
Алдын ала араласпаған қоспа
Турбулентті
Тозаңдатылған көмірдің жануы
Ұшақтардың қозғалтқыштары
Дизель қозғалтқыштары (Н2/О2) зымыран қозғалтқыштары
4,33. Алдын ала араласпаған қоспалардың жалынына сипаттама беріңіз.
Жанғыш зат пен тотықтырғыш жану барысында араласып жанады. Жану алдында бұл компоненттердің араласуына немесе араласу мен жану бір мезгілде жүзеге асуына байланысты жалындар алдын ала араласқан және алдын ала араласпаған болып бөлінеді. Бұл категориялардың жалындары жанғыш қоспа ағынына байланысты ламинарлы және турбулентті болып бөлінеді де, Рейнольдс санымен анықталады:
Алдын-ала араласқан қоспа
Турбулентті
Ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышы
Азот оксидтерінің шығымы төмен стационарлы газ турбиналары
Ламинарлы
Жазық жалындар
Бунзен жалындары
Алдын-ала араласпаған қоспа (диффузионное)
Турбулентті
Тозаңдатылған көмірдің жануы
Ұшақтардың қозғалтқыштары
Дизель қозғалтқыштары
(Н2/О2)-зымыран қозғалтқыштары
Ламинарлы
Ағаштың жануы
Сәуле шығаратын жылыту жанарғылары
Шырақтар
Re= = . жүйенің сипаттамалық өлшемі, цилиндр жағдайында шамасымен белгіленеді. -тығыздық, -тұтқырлық. 1-кестеде осы категорияларға жататын жанғыш жүйелерге мысалдар келтірілген:
Алдын-ала араласпаған қоспаның ламинарлы жалындары. Алдын-ала араласпаған қоспаның ламинарлы жалындарында отын мен тотықтырғыш жану процесі кезінде араласады. Ағын ламинарлы. Мұндай жалындарға шырағдан, керосин шамы мен ағаш жалындары мысал болады. Зерттеулер үшін, әдетте ламинарлы жалындардың екі конфигурациясы қолданылады: қарсы ағынды және ағынды ламинарлы жалындар:
А)
Алдын ала араласпаған қоспаның А) қарсы ағынды және Б) паралель ағынды ламинарлы жалындарының сызбанұсқасы
Алдын ала араласпаңан қоспаның жалындарының химиясы алдын ала араласқан жалындарға қарағанда күрделі, себебі эквиваленттік қатынас Ф нолден (ауа) шексіздікке (таза отын) дейін өзгереді. Отынға бай облыста отынға бай қоспаның жануы өтеді, ал ауаға байытылған облыста отынға кедей қоспаның жануы жүзеге асады. Әдетте қарқынды жарқыраумен сипатталатын жалын шебі стехиометриялық қоспа аумағында орналасады, өйткені бұл аумақта температура максималды.
Алдын-ала араласпаған қоспаның турбулентті жалындары. Бұл жағдайда алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары турбулентті ағында жанады, қарқындылығы әлсіз турбуленттік үшін микроламинарлы жалындар концепциясын пайдалануға болады. Қауіпсіздік тұрғысынан өнеркәсіптік жанарғылар мен қондырғыларда негізінен алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары қолданылады. Жанғыш қоспаны араластырудың өте күрделі және жетілдірілген жүйелері пайдаланылуына қарамастан алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары отынға бай аумақтарда химиялық реакция нәтижесінде күйе бөлшектерінің сәуле шығаруынан сары түспен жарқырайды
|