Соқыр ішек ауруының белгілері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Соқыр ішек ауруының белгілері.

Поиск

Аш ішек. Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - ұлтабар (онекі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.

Ішекте астың қорытылуы және сіңуі. Қарында жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар - аминқышқылдарына, крахмал - қантқа, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.

Тоқ ішек. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін соқыр ішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх» - қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру – соқыр ішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек (16-сурет). Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді әрі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.

                                        1 – тоқ ішек;

                                                      2 – кесілген аш ішек;

3 – тоқ ішектің басталған бөлімі;

                                           4– соқыр ішек;

                                       5 – тік ішек;

                                                         6 – артқы (аналь) тесік

 

    16-сурет. Тоқ ішек

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу - жасунықты (клетчатканы) ыдырата алады. Бактериялар «К» және В12 витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат - нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады. Астың ауыз қуысынан бастап, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішекте қорытылу жолы асқазан ішек жолы деп аталады. 

Соқыр ішек (лат: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін. Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.216.186.244 (0.01 с.)