Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 4 Ішкі секреция бездеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Холерик ұстамсыз тип күшті тең емес қозуы тежелу-інен басым
шапшаң ұстамсыз, күйгелек Сангвиник ширақ тип күшті тепе-тең Қозғал-ғыш пысық, оңтайлы, бейімде-лгіш тұрақсыз Флегматик баяу тип күшті
баяу қозға-лады Ұстамды, сабырлы баяу, сылбыр Меланхолик әлсіз тип әлсіз
сезімтал тұйық
Инертті (салмақты) өкілдерінде де жүйке қызметінің жеткілікті күші бар, бірақ олардың бір-біріне ауысуы жәй жүреді, яғни нерв процесінде тоқырағыштық сипат байқалады. Қыртыс клеткасында туған қозу және тежелу біраз уақытқа дейін иррадиацияланбай, сол туған орнында қалып қоюы мүмкін. Мұндай типке жататын жануарлар сыртқы тітіркендіргіштерге әлсіз жауап береді, тұйық келеді. Бұл келтіріп отырған жіктеу тек схема, олай болса, шындықты толығымен көрсете алмайды. Өмірде бұл типтердің түрлі вариацияларының болуы мүмкін. Дегенмен, осы схеманы өзі жеке жануарлар жоғарғы жүйке әрекетінің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін сипаттап бере алады. Атап өткен негізгі типтерді адамдарда кездестіруге болады. Өз уақытында Гиппократ суреттеген адам темпераменттері мен жануарлар типтерінің арасында ұқсастық бар. Әлсіз типке – меланхолик, ұстамсыз типке – холерик, ширақ (жылжығыш) типке – сангвиник, салмақты, инертті типке – флегматик темпераменті сай келеді. Біз күнделікті өмірде адамдардың, бірдей жағдайда, өздерін әртүрлі үстайтындығын бақылаймыз. Себебі адамның психикасы мен мінез-қүлығының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды. Адам мінезін бірнеше негізгі түрге бөлуге болады. Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік, қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі үстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді. Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді. Флегматик (салгырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді. Мүндай адамдар зор жүмыскерлігі, жігерлілігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін та-бандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын үласады, күнделікті дағдыларының өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдеттері қатаң, дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл-күйі түрақты келеді. Холерик (устамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Оның мінезі қызба, өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жүмыс істей алады. Бірақ тіпті шамалы бөтен тітіркендір-гіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған өкінеді. Меланхолик (саудайы) - жүмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мүңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді. Қасіретке бейім, күйрек, сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, түйық мінезді келеді. Темпераменттің төрт түрін салыстырса мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын жағдайларда өздерін қалай үстайтындығын болжауға болады. Сонымен темперамент - бүл ресми мінездің нейродинамикалык сипаттамасы. Алайда кісі мінезінің маңызды жақтарын (дүние тану, көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды. Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез-қүлығын санасы басқарып отырады. Психологтардың айтуы бойынша, барлық кісілерді экстраверт, ин-троверт және невротиктерге жатқызуға болады (К. Юнг, Г. Айзинк). Экстраверт - әр алуан сыртқы әсерлерге ашық. Интроверт, керісінше түйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығу күйі пайда болады. Қазақтың көрнекті ғалымы Ж. Аймауытов өзінің "Психология және өнер таңдау", "Психология" атты ғылыми еңбектерінде Гейманс үсынған жан сипаттарына талдау жасады. Ол мінезді күйгелек аяныш жанды, ыстық қанды, салқын қанды, қызбалы, құмартпалы, үйытқымалы, сары уайымшыл деп жіктеді. И.П. Павловтың айтуынша, түрліше темпераменттер қозу және тежелу үрдісінің даралық айнымалы күші, олардың ширақтығы мен теңдесуі іспетті қасиеттерінен түрады. Осындай ең басты типологиялық белгілердің арақатынасына сәйкес ол жануарлардың жоғары жүйке қызметінің негізгі төрт түрін бөлді. Кейін осы үш типологиялық (күш, ширақтық, теңдесу) жүйке үрдістерінен басқа төртінші - динамикалық қасиеті табылды. Ол жағымды және тежегіш уақытша байланыстардың қалыптасу жылдамдығын көрсетеді. Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады, өмір бойы өзгермейді. Жас кезеңдерінде темперамент қырларының ерекшеленісі (акцентуация) байқалады. Алайда, тәжірибе жүзінде темпераменттің кейбір қасиеттеріне машықтандыру арқылы әсер етуге болатындығы дәлелденді. Жүйке жүйесінің жалпы типі білім меңгеруге ықпалын аз тигізеді. Дегенмен, темперамент адам дағдыларының қалыптасуына зор әсер етеді. Адамда жүйке жүйесі түрінің қайсысы болса да, мәдениет шыңына жетіп, қоғамның толық мүшесі бола алады. Адам үшін жоғары жүйке іс әрекетінің оларға тән арнайы типтері өте маңызды орын алады. И.П. Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі төрт түрінен басқа жеке адамға тән көркемпаз, ойшыл және аралық типтері болады. Көркемпаз типті адамда, екінші сигналдық жүйеге қарағанда, бірінші сигналдық жүйе біршама үстемділігімен сипатталады. Бүндай адамдар ойлау үрдісінде ақиқат болмыстың сезімділік бейнелерін кеңінен пайдаланады, олар болмысты бөлшектеместен тұтас қабылдайды. Ойшыл типті адам екінші сигналдық жүйесі біріншіден басымдылығы, көректі талдау-синтездеу әрекетке негізделген, болмыстан тыс дерексіз ойлау қабілеттерімен білінеді. Аралық тип - болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Дарынды тип - екі сигналдық жүйелердің бірдей басымдылығымен ерекшеленеді. Адамның типологиялық қасиеттері генотип пен фенотипке байланысты болады. Генотип (тектітүр) жоғары жүйке іс әрекетінің туа біткен қасиеттерінен калыптасады. Ал фенотип (белгітүр) туа біткен және тіршілік жағдайларының ыкпалынан иемденген белгілі қасиеттердің өзара әрекетінен қүралады. Егіз туған балаларды тексергенде, жүйке жүйесінің типологиялық қаси-еттерінің (күші, ширақтығы, сигналдық жүйенің біреуінің басым болуы) тектік (генетикалық) себептестігі, уақытша байланыстар қалыптасуының әртүрлі жылдамдығы, зерденің даралама ерекшеліктері байқалды. Көру, есту және сипап сезу талдағыштары үшін, қысқа мерзімді сезімдік-бейнелік зерденің, даралама ерекшеліктерінің көбінесе тектік тәуелділігі болады. Керісінше, қисынды-мағыналық зерде едәуір сыртқы ортаның түрткілері ықпалына байланысты болады. Әрбір адамда мүмкіндігі шексіз ақыл-ой қабілетінің негізі салынған. Алайда ол оны толық жүмылдыруға үйренбеген. Сондықтан олардың орасан көпшілігі өзінің аса күрделі мүмкіндігін кеңінен пайдаланбайды. Шын мәнісінде, әрбір дені сау адамның басқаға қарағанда, бір қасиеті басым келеді. Сондықтан адамның дарындылығы көріну үшін алдын-ала биологиялық өте тиімді жағдай жасалғанымен шешуші маңызды орынды әлеуметтік жағдай атқарады. Ұйқы және ояу күй Ұйқы-ояу күй циклы ырғақты құбылысқа жатады. Мұндай құбылыстар саны тірі организмдерде өте көп. Денедегі барлық жүйелер қызметі, организм күйі ырықты түрде өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сипаты көп жағдайда жер айналуына байланысты болатын тәуіліктік ырғаққа сәйкес келеді ( кейбір периодты тербелістер айлық немесе жылдық циклдарға, көтерілу - қайту циклына сәйкес жүреді). Тәуліктік ырғақтар негізінен эндогендік процестерге тәуелді, сондықтан олар өзін сыртқы факторлар әсері болмаған жағдайдада сақтай алады. Мұндай еркін жүретін ырғақтардын кезені (периоды) көбінесе 24 сағаттың төңірегінде болады. Бұлардың бәрін біріктіріп кейде биологиялық сағаттар деп те атайды. Эндогендік ырғақтар тәулікке ылғида дәлмедәл келе бермитіндіктен, оларды циркадиандық тәулік маңы деп атаған жөн. Міне циркадиандық ырғаққа ұйқы-ояу кұй цыклы тәуелді жүреді. Жалпы алып қарағанда, шамасы, циркадиандық ырғақтар (адамда 100-ден аса физологиялық көрсеткіштер осыған сәйкестелген циклды тербелісте болады) туа пайда болған процестер қатарына жататын болуы керек және эволюциялық даму барысында қоршаған ортадағы уақыттық өзгерстерге бейімделудің көріністері деп есептеледі. Бұлардың арқасында организм қоршаған дүниедегі болатын, болуы тиіс құбылыстарды алдын ала болжайды, сондықтан өзін соған лайықтап дайындайды. Ұйқы-ояу күй циклының физиологиясын зерттеушілердің бір тобының пікірі бойынша, бұл циклды түсіндіргісі келетін теория алдымен циркадиандық ырғақ туралы түсінікке сүйену тиіс; содан соң, біз не себепті ұйықтаймыз? Ұйқы қалай басталады? Қалай және не себепті аяқталады? Ұйқының әр түрлі фазаларының және олардың алмасуларының механизмдері қандай? Деген сұрақтарға жауап беру тиіс. Ояу күйден ұйқыға көшудің мүмкін болатын екі жолы бар тәрізді. Біріншіден, ояу күйді ұстап тұрушы механизм, шамасы шаршайтын болуы керек. Мүндайда ояу күй деңгейі пассивті түрде біртіндеп төмендейді. Екіншіден ояу күйді қамтамассыз ететін механизмнің белсенді түрде тежелуі де ықтимал. Мүндайда ұйқыны тудыратын нерв процестері ояу күйдің өзінде даму үстінде болады да, ақырында ояу күйді үзеді. Бірақ бүгінгі таңда барлық зерттеушілер мойындайтын ортақ пікір жоқ болып тұр. И.П. Павлов өзінің толып жатқан тәжірибелеріне сүйене отырып, ұйқыны үлкен жарты шарлар қыртысында кеңінен таралған және біраз төменгі жүйке орталықтарын қамтитын тежелу деп түсіндіреді. Сырт қарағанда ұйқы кезінде шынында да организм функцияларында тежелу процесінің көріністері көбейіп, күшейеді. Мысалы, бұл кезде адам қозғалысы тоқтайды немесе қатты шектеледі, анализаторлар қызметтері бәсендейді де сыртқы ортамен байланыс азаяды, шартты рефлекстер тежеледі, зат алмасу және ішкі органдар қызметтері төмендейді, саналы әрекеттер мүлдем байқалмайды және т.б. дегенімен ұйқы кезінде байқалатын бұл аталған, сондай-ақ басқа да күрделі өзгерістерді тек ми қыртысында кеңінен таралған тежелумен ғана түсіндіру жеткіліксіз болуы тиіс. Ұйқының бірнеше түрі бар: табиғи физиологиялық, наркоздық, гипноздық, патологиялық ұйқы, және т.б. Бұлардың әрқайсысының физиологиялық механизмдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Жаңа туған бала тәуілігіне 4 сағат ояу күйде болса, бірнеше жылдың аяғына қарай бұл уақыт 10 сағ. дейін жетеді. Егер жаңа туғандарда тез ұйқыға тиетін үлес 10 сағаттай болса, ересектерде ол тек 1,5 сағат шамасында болады. Егде кісілерде ұйқының жалпы ұзақтығы азаяды, олар жиі оянады, терең баяу ұйқы кезеңдері қысқарады. Түс көру. Түс көрудің көзі реттінде ішкі және сыртқы ортадан шығатын түрлі тітіркендіргіштер мен қыртыс клеткаларының күндізгі активтігінін іздері қызмет ете алады. Ұйықтап жатқан кезде қыртыстың кейбір пунктері өздерінің ояу, сергек кездегі қатынастарын сақтап қалады. Дәл осымен кей кезде адамның күндіз еске түсіре алмағандарын ұйықтап жатқанда түсіруін түсіндіруге болады. Адамның көретін түстері көп жағдайда көрумен байланысты болып келеді. Туғаннан соқырларда көрумен байланысты түстер болмайды. Олар негізінен жанасуды сезуден туатын бейнелер мен құбылыстарды түсінде көреді. Түстің сипаты мен мазмұнына адамның кәсіби мамандығы да әсер етеді. Бір түнде орташа алғанда 4-6 рет түс көреді. Ояу күй.Ұйқыдан ояну организмдегі биохимиялық өзгерістердің нәтижесінде және қыртыс, гипоталамус, ретикулді араларындағы функциональдық өзара қатынастар өзгерістерінен, сондай-ақ сыртқы орта тітіркендіргіштерінің әсерінен іске аса алады. Ояу күй анализатторлар қызметімен қозғалу активтігінің жоғарлайтындығымен сипатталады және ол тиісті уақыт ішінде түрлі ішкі және сырқы факторлар әрекеті нәтижесінде ұсталып түрады. Ояу күй біртегіс болмайды. Одан адам психикалық әрекеттерінің әр түрлі деңгейлерін байқауға болады. Мысалы, адам әдеттегідей күнделікті үйреншікті сергек күйде бола алады. Оның зейіні белгілі бір құбылысқа және т.б. байланысты кенет өзгереді; көңіл-күй өзгеріп түрады; мақсатты түрде көздеген іс-әрекет барысында бүкіл организм белсенділігі артады. Бақылау сұрақтары:
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.211.55 (0.009 с.) |