Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 13 Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері. тыныс гигиенасы. Тыныс алу және оның жас ерекшеліктеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Қан айналу жүйесі Қан организмде тұрақты қозғалыста болады. Сол қозғалыс қанның айналымы деп аталады. Қан айналымның нәтижесінде қан арқылы адамның барлық мүшелерінің байланысы, қорек заттары және оттегімен қамтамасыз етілуі, ыдырау өнімдерінің бөлінуі, гуморальдық реттелу және организмнің басқа да тіршілік қызметі жүзеге асады. Қан айналымның тоқталуы –организм тіршілігінің жойылуы (24-сурет). Қан қан тамырларының бойымен қозғалады. Олар әр түрлі диаметрлі серпімді келген түтікшелер. Бүкіл денеге қан тамырлары таралып, тұйық және веналардың бойымен үлпалардан жүрекке қарай қозғалады. Қан айналудың негізгі мүшесі жүрек болып саналады. Жүректің жиырылу нәтижесінде организмде қан қозғалады. Адам организмінде қан айналымының екі шеңбері болады: үлкен және кіші. Қанның сол жақ қарыншадан оң жақ жүрекшеге қозғалу жолын қан айналымының үлкен шеңбері деп аталады. Сол жақ қарыншадан қолқа басталады, бұдан ірі артериялар таралады. Олар ұсақ артериялар мен артериолдарға тармақталып, капиллярларға айналады. Капиллярларда қан мен ұлпаның арасындағы зат алмасу процесі жүреді, қан ұлпаға оттегін беріп, көмір қышқыл газымен қанығады. Капиллярлардан қан венулаға жиналады. Ұсақ веналар біріне–бірі қосыла келіп, ірілеу веналар құрайды. Ең ірі веналар –қуыс –оң жүрекшеден барып құйылады. Қанның оң жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге қарай қозғалу жолы қан айналымының кіші шеңбері деп аталады. Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы басталады да, қанды өкпеге жеткізеді. Өкпе капиллярда қан мен ауаның арасында газ алмасу жүреді. Соның нәтижесінде қан оттегіне қанығып, өзінен артық қышқылын босатады. Өкпеден қан өкпеге венасының бойымен сол жақ жүрекшеге қарай қозғалады. Жүректен өкпеге баратын өкпе артериясымен оттегі аз және көмір қышқыл газы көп, вена қаны жүреді, өкпеден жүрекке баратын өкпе венасымен, оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы аз артерия қаны жүреді. Жүрек және қан тамыр жүйесінің реттелуі. Организм қызметінің процесінде жеке мүшелерді және бүкіл органимді қанмен қамтамасыз ету күшейіп немесе әлсіреп отырады. Қанмен қамтамасыз етудің едәуір күшеюі дене еңбегі кезінде байқалады. Жүрек –қантамыр жүйесінің белгілі жағдайда бейімделуі орталық жүйке жүйесінің және қандай болатын кейбір химиялық заттардың нәтижесіне байланысты болады. Организмге белгілі күш әсе еткенде жүректің жиырылу жиілігі өзгереді. Ол жүректің бұлшық етіне жүректің жиырылу жиілігі өзгереді. Ол жүректің бұлшық етіне жүйкелік және гуморальдық ықпалдың өзара әсер етуінен болады. Жүрекке екі түрі вегетативтік жүйкелер өзара әсер етуінен болады. Жүрекке екі түрлі вегетативтік жүйкелер келеді: парасимпатикалық /кезеген жүйке тармағы/ және симпатикалық. Бұл жүйкелер жүректің жиырылу жиілігі мен күшіне қарамақарсы әсер етеді. Парасимпатикалық жүйкенің әсерінен жүректің қызметі баяулайды және әлсірейді, ал симпатикалық жүйкенің әсерінен жиілейді және күшейеді. Жүйкелік әсер ету жүректің жұмыс жағдайын тез және аяқ астынан өзгертеді. Жүрек қызметінің жүйкелік жолмен реттелуі өзінше, сонымен қатар гуморальдық жолмен де реттеледі. Кейбір мүшелердің қанға бөліп шығаратын заттарының әсерінен жүрек өз қызмет жағдайын өзгертеді. Мәселен, бүйрек бездері клеткаларында түзілетін адреналин гормонының әсерінен керісінше баяулайды. Сонымен, жүректің жұмысына жүйкелік және гуморальдық ықпал өзара келісімді әсер етіп, организмнің мұқтаждығына сай, оның сыртқы орта жағдайына бейімделуіне қамтамасыз етеді. Қан –тамыр системасының қалыпты жұмысы үшін орталық жүйке жүйесі функциялық жағдайының ерекше маңызы бар. Керек десе, жай абыржудың өзінде адамда жүректің соғу жиілігі тездеп, қанның қысымы жоғарылап, беттің қан тамырлары кеңейіп немесе тарылып өзгереді. Жүрек –қан тамырларының бұлай өзгеруі уақтылы қасиет және қайтымды. Егер адамның жүйке жүйесіне зақым келтіретін факторлар тұрақты әсер етсе, онда жүрек пен қан тамырлардың қызметінің бұзылуы қайтымсыз болады. Әрине, адамда жүрек –қантамырларының ауруларын дамытуға неврогендік факторлардың мүмкіндік туғызуы бір ғана себепші емес. Жүрек төзімділігін арттыру. Оқушыларды әр түрлі дене еңбегіне және дене шынықтыру сабақтары мен спорт ойындарына қатыстырудың мүмкінділігіне қарай қимыл –қозғалыс үйлесімділігін жетілдіреді. Сүйек, бұлшық ет және тыныс алу жүйелерін нығайтып қана қоймай, жүрек –тамыр жүйесінің қалыпты әрекетінің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Жүректің төзімділігін арттыруда дене шынықтыру және спорт ойындары зор роль атқарады. Бірақ мұнда бастауыш класс оқушылары жүрегінің жұмысы әлі де тұрақты емес екенін ырғағы тез бұзылып отыратынын ескерген жөн. Дене шынықтыру жаттығулары шамадан артық болса жүректің қалыпты жұмысы бұзылып, оны қамтуы және келешекте ауруға шалдықтыруы мүмкін. Дене еңбегінің мөлшерін анықтауда медициналық тексеру және дәрігердің бақылауы негізінде әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерген жөн. Мұғалім дәрігермен келісіп, балалардың жүрек – тамыр жүйесін нығайтуға арналған қажетті гигиеналық ережелермен таныстырып отырғаны дұрыс. Балалардың жасына сай болмаған дене шынықтыру жаттығулары, әртүрлі спорт ойындары баланың көңіл –күйін нашарлатуға себепкер. Оқушылар бөлмені жинастырып, шамаларына қарай отын, су әкеледі, қар күрейді, бау –бақшаларда, ауыл шаруашылық салаларында жұмыс істей алады. Ондай жұмыстар жүректі қанмен қамтамасыз етуді жақсарып, оның бұлшық еттерін нығайтады. Таза ауада орындалатын еңбек түрлері жүрек –тамыр жүйесінде қолайлы әсер етеді. Таза ауада орындалатын дене еңбегі кезінде қан оттегіне мол қанығып, жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартады. Жүрек жұмысы жақсаруының нәтижесінде бүкіл организмнің жұмысы да жақсара түседі. Бақылау сұрақтары: 1. Қанның құрамы, қасиеті, маңызы. 2. Қанның формалы элементтері. 3. Иммунитет. Қанның иммундық қасиеттері. 4. Қанның топтары. Қан құю. 5. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің құрылысы, қызметі. 6. Үлкен және кіші қан айналу шеңберлері. 7. Жүректің қызметі, оның жас ерекшеліктері. 8. Қан қысымы. Қанның ағу жылдамдығы. 9. Қан айналымның нәтижесі. 10. Жүректі шынықтыру.
Жұтқыншақ пен мұрын қуысының құрылысы. Бала дүниеге келген алғашқы күндерінде тыныс алу қиын болады, себебі мұрын тесігі тар, ал мұрынның нәзік кілегейлі қабықшасы қан және лимфа тамырларына мол болып, ісініп тұрады. Кілегейлі қабықшаның асты өте әлсіз жетілген. Жаңа туған бала мұрнының қосымша қуыстары жақсы жетілмеген, өмірінің алғашқы жылдарында ғана пайда бола бастайды. Жаңа туған баланың кеңсірек қуысы жоқтың қатары, ол тек екі жастан үлкейе бастайды да, тісеу кезінде жетілу дәрежесіне келеді. Жаңа туған баланың – мұрын каналы /түтігі/ қысқа келеді, жұтқыншақ – таңдайда – лимфа тамырлары көп болады. Таңдай қуысы тек екінші жылы пайда болады да, көмей сияқты 15 жаста толық қалыптасып бітеді. Мұрын қуысының көлемі өсе келе 2,5 есе үлкейеді. Жаңа туған баланың мұрын қуысындағы бездері мен жұтқыншағы жұмсақ және көлемі біршама үлкендеу. Бадамша безі /миндалина/ жақсы жетілмеген, бұлар өмірінің алғашқы жылдарында өсіп –дамиды да, 4-5 жаста едәуір үлкейе түсіп, содан кейін өсуі баяулап, 9-10 жаста өсуі қайтадан тездеп, 19 жаста өсуі толық бәсеңдейді. Сондай –ақ қабынған жағдайда мұрынның кілегейлі қабығы тез және жиі ісінеді, кейде жоғарғы тыныс алу жолы тарылған кезде, мұрын арқылы дем алу тоқталып қалуы да ықтимал. Жаңа туған баланың мұрын, көмей және кеңірдек сіңірлері жұмсақ болғандықтан, кейде тыныс алу қиындайды. Балалар кеңірдегі мен бронхыларының құрылысы. Балалардың кеңірдегі, ересек адамдарға қарағанда жоғарылау орналасқан, 6-13 жаста балалар кеңірдегінің жоғарғы ұшы 5-6-шы мойын омыртқаларының тұсында жатады, ал ересек адамдарда 8-ші мойын омыртқасында (25-сурет). Кеңірдектің ұзындығы жасқа тәуелді дененің ұзындығына сай параллель өседі. Оның ұзындығы көмейдің төменгі жағынан бронхыларға бөлінетін жерге дейін жаңа туған балаларда 3-4 см, 5 жаста -5-6; 10 жаста -6,3; 15 жаста -7,45; ересек адамдарда -9-12. Балалардың кеңірдегі мен бронхларының көлденең кесіндісі едәуір қабығы нәзік және қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай, сондықтан шаң – тозаң мен микробтар оған оңай кіреді, ет ұлпасы және серпімді талшықтар нашар дамыған. Сіңірлері жұмсақ. Бронхылар бала өмірінің әсіресе, алғашқы жылдарында тез өседі, сол жақ бронхының өсуі оң жаққа қарағанда кешеңдеу. Балалар өкпесінің құрылысы. Жас жоғарылаған сайын өкпенің салмағы мен көлемі арта түседі. Өкпенің өсуі негізінен альвеолдардың саны мен көлемінің өсу себебіне байланысты. Жаңа туған балаларда альвеолдардың саны ересек адамдарға қарағанда үш есе аз. Барлық жас шамаларындағы балаларда, әсіресе жаңа туған балаларда, ерте балалық шақта төменгі класс оқушыларында альвеолдардың тыныс алу беті ересек адамдармен салыстырғанда біршама жоғары. Альвеолдардың диаметрі 7 жасында жаңа туған балаларға қарағанда екі есе артық, ал өсіп –жетілудің соңында –үш есе. Балалардың өкпесі арқылы жүретін қанның мөлшері ересек адамдарға қарағанда біршама жоғары.
25-сурет.Адам өкпесінің құрылысы.
А - ауа өтетін жолдар және өкпе; Б - өкпе альвеолдары және олардың қанмен жабдықталуы; В - өкпе бөлігі. 1 - өкпе, 2 – көмекей, 3 - кеңірдек, 4 - бронхылар. 5 - ақ бронхылар, 6 - капиллярлық тор, 7 - альвеолдар.
Өкпе капилярларының жақсы дамуына байланысты, қанның альвеолдарының ауамен жанасу беті де біршама байланысты, қанның альвеолдарының ауамен жанасу беті де біршама артық. Осының бәрі өсіп тұрған организмдегі зат алмасу процесін күшейту үшін газ алмасуыдың болуын қамтамасыз етеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.67.90 (0.009 с.) |