Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі

Поиск

Гормондардың әсер ету механизмі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан – жақты қарастырылған. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп, барлық ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

- метаболиттік – зат алмасу процестерінің барлық жағдайларына жиілігіне әсер етеді.

- Морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпаның өсуіне, өзгеріске, метаморфозға әсері).

- Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.

- Коррекциялық-корегиялық ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету қозғалыстары).

Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады: біріншісі клетка сырттан әсер етсе, екінші жағдайда ішінен әсер етеді.

    Бірінші жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.

    Екінші жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон – рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНҚ – сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНҚ – сы пайда болады. Матрица РНҚ ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды. Стероидты гормондар мен тирозин тектес қалқанша без гормондары осылай қызмет жасайды. 

    Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары бар:

    1. Гормондардың ұлпалар мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса жасуша мембраналарымен байланысқа түседі.

    Мұнда:

а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферменті. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адинозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді.

б) ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы: итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуының және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай олардың қантамырлары мен ұлпалардың әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.

3. Гормондардың әсер етуінің үшінші жолы орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бұл жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.

4. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекс әсерін байқауға болады.

Гормондар ағзада мынадай қызмет атқарады:

1. Ұлпалар мен мүшелердің өсуін, дамуын және жіктелуін реттейді.

2. Қоршаған ортаның өзгеруіне ағзалардың бейімделуін қамтамасыз етеді.

3. Гомеостаздың қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді.

Гормондардың қызметіне қарай жіктелуі:

1. Тікелей мүшелерге әсер ететін эффектор гормондар.

2. Гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін үшжақты гормондар. Оны аденогипофиз бөліп шығарады.

3. Аденогипофиз гормондары, негізінен үшжақты гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін рилизинг – гормондар. .

Гормондар инактивациясы немесе әсерлерінің тежелуі негізінен бауырда жүреді. Гормондардың бірқатары өзгеріссіз зәр арқылы шығып отырады. Бірқатар гормон әсерлері кейбір шыққан гормондардың антогонист эффектісіне байланысты болады.

Антогонизм әрқашанда салыстырмалы. Мысалы, инсулин мен адреналин қандағы глюкоза деңгейіне қарама – қарсы әсер етеді. Инсулин гипогликемия жасаса, адреналин гипергликемия жасайды. Ол эффектілерінің мақсаты бір – ұлпалардың көмірсулық қорегін жақсарту.

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

2. Гормондар, олардың құрамы, негізгі қызметі,организмге әсері.

3. Гипофиздің құрылысы, негізгі гормондары олардың бала организміне әсері.

4. Қалқаша безінің құрылысы, қызметі,гормондары.

5. Қалқан серІк біздерінің құрылысы, гормоны.

6. Бүйрек үсті бездері.

7. Ұйқы безі. Құрылысы, ішкі және сыртқы секрециялық қызметі.

8. Жыныс бездері, гормондары.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.214.83 (0.011 с.)