Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сурет. Ас қорыту мүшелері.

Поиск

                                               1 – бауыр;                                                                                                                             1 – бауыр;                             2 – өңеш;

                                                                3 – асқазан (қарын);

                                                      4 – ұйқы безі;

                                                                    5 – ұйқы безінің өзегі;

                                                                                6 – ұлтабар (он екі елі ішек);

                                                                   7 – өт қабының өзегі;

                                                  8 – өт қабы

 

 

                                                 

 

Бауырдың қызметі ас қорыту процесімен ғана шектелмейді. Ол дененің күделі құрылысы, химиялық зертханасы болып саналады. Ол іс жүзінде барлық зат алмасу процесіне қатысады, онда қанның жасалуы жүзеге асады.

   Бауыр сонымен бірге ерекше «фильтр» тәрізді болып келеді де, денедегі қанды өзі арқылы өткізеді. Бауырда қандағы барлық улы заттарды нейтральдап отыру қабілеті болады. Бауырдың осындай тосқауылдық қызметінің тіршіліктегі мәні үлкен.

     Организмге баратын едәуір улы заттар бауырға әсер етіп, цирроз ауруына шалдықтырып, бауыр клеткаларының тіршілігін жойып, оның тосқауылдық қызметін жоғалтуы мүмкін. Бауырға әсіресе алкоголь – зиянды әсер етеді. Спиртті ішімдікті жиі қабылдаудың нәтижесінде бауыр цирроз ауруына ұшырайды.

   Ұйқы безі. Бұл без қарын мен ұлтабарға жақын орналасқан. Ұйқы безі аралас бездерге жатады: мұнда ас қорытуда маңызды роль атқаратын ұлтабар сөлі жасалады және углеводтардың алмасуын реттейтін гормондар /инсулин және глюкоген/ бөледі. Мәселен, инсулин бауырға гликогенді көбейтеді, ал глюкоген бауырдағы гликогенді глюкозаға айналдырады. Сөйтіп, глюкоген қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып, ал инсулин төмендетеді.

   Қанның құрамында инсулин қалыпты мөлшерден азайған жағдайда, онда қанттың мөлшері жоғарылайды да, соның нәтижесінде қантты диабет ауруы байқалады. Бұл ауру әрі ересек адамдарда, әрі балаларда /6-12 жас аралықтарында жиі кездеседі/ байқалады. Аурудың негізгі белгілері – шөлдеу байқалып, адам бір тәулікте бірнеше литр су ішуге мәжбүр болады, денесі қышып, әлсіздік байқалады, ал зәрмен бірге 1 тәулікте 100 гр –ға дейін қант бөлінеді.

   Диабетпен ауырған балаларға инсулин жіберіледі. Олар дәрігердің айтқан тамақтану тәртібін дұрыс орындағандары жөн. Ондай оқушылар кейбір күндері сабақтан босатылады. Қажет болған жағдайда емханаға жатқызылады.

   Мұндай ауруға шалдыққан балалар, дәрігер –мамандардың: фтизиатордың, окулистің, невропатологтың, стоматологтың және басқалардың бақылауында болулары тиіс.

   Диабет ауруының пайда болуына себептер әртүрлі болуы мүмкін: тұқым қуалау, инфекциялық аурумен ауыру, мөлшерден артық тамақтану және т.б. Сондықтан тұқым қуалау жағын еске алған жөн.

   Ұйқы безінің ең қарқындап дамуы 1 жасқа дейін және 5-6 жаста байқалады. Бұл без өзінің морфологиялық жағынан ересек адамдардың дәрежесіне 11-13 жаста келетін болса, функциялық жағынан 15-16 жаста теңеседі. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.12.73.221 (0.007 с.)