Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жүйке жүйесінің қызметі, дамуыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Жүйке жүйесінің маңызы. Жүйке жүйесі әр түрлі мүшелердің, мүшелер жүйесінің және біртұтас организмнің қызметін реттейді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, бездерден секреттің бөлінуі, жүректің жұмысы, зат алмасуы және басқа да көптеген организмде болып жататын көптеген өзгерістер жүйке жүйесіның әсеріне байланысты болады. Жүйке жүйесі әр түрлі мүшелердің, жүйелердің арасындағы байланыстарды жүзеге асырады; ол организмнің біртұтастығын сақтап, барлық мүшелер, мүшелер жүйесінің жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Әр мүшенің немесе мүшелер жүйесінің жұмысы әр түрлі жағдайлардың әсерінен өзгеріп, интенсивті жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Бір мүшенің немесе мүшелер жүйесінің қызметі өзгерген жағдайда басқа мүшелер мен мүшелер жүйесінің жұмысының өзгеруі үйлесімді болады. Мәселен, дене еңбегі кезінде бұлшық еттердің жиырылуы күшейеді де, зат алмасу процесі жоғарылайды, соның нәтижесінде қоректік заттар мен оттегіне организмнің қажеттігі артады. Осыған жауап ретінде /рефлекторлы түрде/ жүрек пен өкпенің жұмысы күшейіп, бұлшық еттерде қанның баруы жоғарылай түседі. Сонымен бірге жылудың пайда болуы мен бөлінуі көбейеді, бөлу мүшелерінің жұмысы күшейеді т.б. Жүйке жүйесінің құрылысы. Жүйке жүйесіне жұлын, ми және жүйке талшықтары жатады. Жұлын мен ми жүйке жүйесінің орталық бөлімін құрайды немесе орталық жүйке жүйесі деп аталады. Мидан 12 жұп жүйке талшықтары, жұлыннан 31 жұп жүйке талшықтары жалғасады. Сөйтіп, барлық жүйке мен олардың тармақтары перифериялық нерв жүйесін құрайды. Орталық жүйке жүйесі де, перифериялық жүйке жүйесі де функциялық жағынан бір жүйе болып есептеледі. Ми мен жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат талшықтардан құралған. Жүйке талшықтары жүйке клеткаларының өсінділері. Үлкен ми сыңарларының бетін қаптап жатқан сұр зат қабаты – ми қыртыстары. Мидың әрбір бөлімінде шоғырланып жатқан жүйке клеткалары болады. Олар ядролар деп аталады. Шоғырланған нерв клеткалары мидан тыс бөлімдерінде және жұлында кездеседі, ондай шоғырлар жүйке түйіндері деп аталады. Жүйке жүйесінің негізгі құрылым элементі жүйке клеткасы немесе нейрон. Нейронда дене және өсінділер болады. Жүйке клеткасы мембранамен қапталған. Өсінділердің біреуі ұзын болып келеді, ол аксон деп аталады, ал екіншілері қысқа, олар дендриттер деп аталады (1-сурет).
1–сурет. Нейронның құрылысы. 1- аксон, 2 - дене, 3 – дендриттер, 4 – тармақтар, 5 - 6 – аксонның ұштары, 7 - 8 – аралық нейрон
Аксон қозу импульстерін орталық бөлімнен жұмыс мүшелеріне өткізіп тұрады. Дендриттер көптеген тармақтарға таралған, бұлар басқа нейрондардан келетін сигналдарды қабылдап, аксондарға қарай өткізеді. Сондай дендриттер импульстерді басқа нейрондардан қабылдап, ал аксон жауап өткізіп отырады. Нейрондар үш түрге бөлінеді: афференттік, эфференттік және аралық. Афференттік нейрондар (сезімтал, орталыққа тепкіш) ақпаратты қабылдағыштардан орталық жүйке жүйесіне береді. Эфференттік нейрондар (орталықтан тепкіш) жүйке жүйесінің жоғарғы қабаттарынан әсерлерді жұмысшы мүшелерге береді. Аралық нейрондар өзара байланыс жасайтын, әдетте, ұсақ нейрондар. Жүйке клеткалары арқылы информациялардың берілуі. Нейронның негізгі қызметі импульстарды қабылдау, оларды өңдеу немесе жұмыс органдарына /бұлшық еттерге, бездерге/ жеткізу. Жүйке клеткаларына сигналдар неғұрлым көп баратын болса, оның әр түрлі физиологиялық процестерге қатысы соғұрлым үлкен болады. Синапстар арқылы әрі қоздырғыштық, әрі тежегіштік әсер етуі мүмкін. Қоздырушы нейрондар қоздырғыш медиаторлар, ал тежелгіш –тежеуіш медиаторын бөледі. Мысалы, ацетилхолин әр түрлі органдарға түрліше әсер етуі мүмкін. Ол қаңқаны қоздырып, жүрек еттерін тежейді. Нейрондардың арасындағы байланыс қозу импульстарынің көмегімен жүзеге асады. Жүйке клеткаларының информациялық негізгі құралы жүйке импульстерінің жиілігі болып табылады. Сол импульстар арқылы бұлшық еттердің, бездердің және басқа мүшелердің қызметін бағыттайды. Сөйтіп, жүйке импульстарі маңызды физиологиялық көрсеткіш болып есептеледі. Синапс – жүйке жүйесінің ең сезімтал құрылым бөлігі. Синапстар зақымданған жағдайда жүйке клеткалары бір–бірінен және жұмыс мүшелерінен бөлініп кетеді. Афферентті нейрондардың әдетте екі өсіндісі болады: жүйкенің құрамына кіретін ұзын дендрит және орталық жүйке жүйесіне импульспен келетін қысқа аксон. Эфферентті нейрондар нервтің құрамына кіретін бір ұзын аксон және бірнеше қысқа дендриттерден тұрады. Сезгіш нейрондардың дентриттерінің соңғы тармақтары рецепторлар деп аталады. Олар тітіркендіруді қабылдайды. Мұндай рецепторлар мысалы, теріде, қан тамырларының қабырғасында, бұлшық еттерде кездеседі. Басқа жағдайларда тітіркендіруді афферентті жүйке талшықтарының ұштарымен байланысқан арнаулы эпителийлі түзілістер қабылдайды. Ондай жағдайда рецептордың қызметін осы түзілістер атқарады. Бұл сияқты рецепторлар мысалы дәм сезу мүшелерінде кездеседі. Сыртқы ортадан қозуды қабылдайтын рецепторларды экстерорецепторлар деп атайды. Олар сезім мүшелерінде орналасады. Ішкі мүшелерде, мысалы өкпе ұлпаларында, қан тамырларының қабырғасында болатын және олардан қозуды өткізетін рецепторларды интерорецепторлар деп атайды. Бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Олардың атқаратын қызметі дененің кеңістіктегі қалпы жайында хабар береді. Екі нейронның арасындағы немесе нейрон мен жұмыс жасайтын мүше арасындағы байланыс синапс деп аталады. Синапстарда қозу бір клеткадан екінші клеткаға медиаторлар деп аталатын заттар арқылы химиялық жолмен беріледі. Жүйке жүйесінің құрамына нейрондардан басқа нейроглия клеткалары да кіреді. Олар тіректік, қорғағыштық қызмет атқарады және жүйке клеткаларының қоректенуіне, жүйке талшықтары мен жүйкенің регенерация процесіне қатысады. Жүйке ұлпасының қасиеттері:Нейрондардың негізгі қасиеттері – олардың қозғыштығы мен қозу өткізгіштігі болып табылады. Жүйке талшықтары арқылы қозудың екі жақты өтетіні, яғни қозу тітіркенген жерден екі жаққа қарай таралатыны эксперимент арқылы дәлелденген. Алайда организмде басқаша жағдай байқалады. Синапстардың арнайы қасиеттеріне байланысты жүйке жүйесінлегі қозу дендриттен клетка денесіне, одан аксонға таралады. Осының нәтижесінде импульстер афферентті нейрондар арқылы шеткі жақтан орталық жүйке жүйесіне, ал эфферентті нейрондар арқылы – орталық жүйке жүйесінен жұмыс істейтін мүшелерге беріледі. Тітіркенуі және тітіркендіргіштер. Организмге жарық, дыбыс, әр түрлі иістер және басқа да көптеген тітіркендіргіштер әсер етеді. Осындай әсерлердің нәтижесінде организмде зат пен энергияның алмасуы өзгереді, сонымен бірге қандай болмасын бір мүшенің, ұлпаның, клеткалардың қызметінде өзгерістер болады. Организм қызметінің оның мүшелерінің, клеткаларының, сыртқы және ішкі орта жағдайларының әсерінен пайда болған өзгерістер биологиялық реакция деп аталады. Тітіркену – клеткалар мен ұлпалардың, тітіркендіріштердің факторлары. Физиологиялық мәніне қарай тітіркендіргіштер адекватты және адекватты емес болып бөлінеді. Адекватты тітіркендіргіштер клеткаларға немесе организмге табиғи жағдайда әсер етеді. Бұл жағдайда клеткалар мен ұлпалар ұзақ уақыт даму процесінде бейімделген. Бұлшық еттер мен басқа ұлпалар үшін адекватты тітіркендіргіш қозу импульсі; көз үшін жарық сәулесі. Адекватты емес тітіркендіргіштер –ол біздің денеміздегі клеткалар мен ұлпалар арнайы бейімделген тітіркендіргіштер. Мысалы, бұлшық еттер тек қозу импульстерінің әсерінен ғана жиырылып қоймай, сонымен қатар оған қышқылдардың, сілтілердің және механикалық әсерлердің нәтижесінен де жиырылады. Клеткалар мен ұлпаның адекватты емес тітіркендіргіштерге бейімділігі адекваттыға қарағанда төмен. Адекватты тітіркендіргіштерге жауап реакциясы жеңіл және тез пайда болады. Тітіркендіргіштер әсер ету қасиеттеріне қарай механикалық, электрлік, термиялық, химиялық болып бөлінеді. Физиологиялық эксперимент жұмыстарына электрлік тітіркендіргіш жиі қолданылады; себебі, әсер етуден кейін ешқандай зиянды өзгерістер қалдырмайды. Қозғыштық және қозу. Барлық тірі ұлпаларға қозғыштық қасиет тән, яғни тітіркенген кезде белігілі әрекет байқалады. Әр түрлі ұлпалардың қозғыштығы түрліше, мысалы, безді тканьге қарағанда, жүйке және ет тканьдерінде қозғыштық жоғары болады. Ұлпалардың қозғыштығы физиологиялық күйде болып, әр түрлі қозғыштықта болуы мүмкін. Тітіркендірудің нәтижесінде қозған ұлпалардың бәрі қызмет жағдайына келеді. Қозу – тітіркендірудің әсер ету нәтижесінде ұлпаларда пайда болатын күрделі биологиялық процесс. Ол негізінен зат алмасу процесінің барысын өзгертіп, қозған тканьдерге тән әрекет белгілерді білдіреді. Егер өт немесе басқа бір ұлпа өзінің әрекет белгілерін білдірмесе, онда ол біршама тыныштық жағдайда болғаны. Біршама тыныштық жағдайда күрделі физиологиялық процестердің негізінде ұлпаларда биохимиялық өзгерістер жүріп жатады, ал бірақ ұлпа әрекетінің қажетті көрінісіне жетпейді. Қозғыштық дегеніміз – тітіркендіргіштер әсер еткен кездегі тірі органның немесе ұлпалардың қозу жағдайына келу қасиеті. Жүйке орталықтары. Жүйке орталықтары деп организмнің белгілі бір қызметін реттейтін нейрондардың жиынтығы айтады. Нейрондардың мұндай жиынтығы орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде жатады. Мысалы, тыныс алуды реттейтін нейрондар жұлында, сопақша мида, аралық мида және ми қыртысында орналасқан, жүру және жүгіру кездерін меңгеруде көптеген нерв клеткалары қатысады, олар орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан. Жүйке орталықтарында қозуды жүйке жүйесінің синапстары арқылы өткізетін бірнеше ерекшелік қасиеттері болады. Жұлынның құрылысы. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда жұлын орталық жүйке жүйесінің ертеде пайда болған бөлімі болып табылады. Жұлынның ұзындығы және оның салмағы адамның жасы мен жынысына байланысты. Жұлынның алдыңғы және артқы бетін бойлай екі сайша өтеді, ол жұлынды оң және сол жартыға бөліп тұрады. Жұлынның жоғарғы бөлімі тікелей мимен байланысқан. Әрбір омыртқаның тұсында жұлынның жұлын түбірінің жұбы таралады. Жұлынның жұп түбір таралған бөлімін сегмент деп атайды. Омыртқа жотасының бөлімдеріне сәйкес жұлынның мойын, арқа, бел, сегізкөз бөлімдерін ажыратады. Жұлын талшықтармен аяқталады. Жұлынның сыртын жұмсақ, торлы және қатты қабықшалар қаптап тұрады. Жұмсақ қабықша тікелей жұлынға жанасқан және онда қоректік заттар мен оттегін жеткізетін қан тамырлары өте жиі орналасқан. Торлы қабықша өте жұқа әрі нәзік, ол жұмсақ қабықшаны көмкеріп тұрады. Қатты қабықша жұлынды сыртынан жауып жатады. Қабықшалар арасындағы кеңістікті ликвор деп аталатын сұйықтық толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісін қарасақ, оның сұр және ақ заттан тұратынын көреміз. Сұр зат жұлынның ортасында орналасқан, ал нейрондар денесі мен олардың өсінділерінің шоғырынан және нейроглиядан түзілген. Ақ зат бір-біріне жанаса орналасқан көптеген жүйке талшықтары мен нейроглиядан тұрады. Жұлынның сұр затындағы қысқа және кең шығыңқы бөліктерін «алдыңғы мүйіз», ал артқысын - «артқы мүйіз» деп атайды. Алдыңғы мүйізде қозғағыш (эфферентті), ал артқы жағында – қосымша нейрондар орналасқан. Жұлынның ақ заты бағаналарды құрайды, ол арқылы жұлынды мимен және дене мүшелерімен әр түрлі деңгейде байланыстыратын жолдар өтеді. Жұлынның дәл ортасында ликвор сұйықтығы бар канал орналасқан. Жұлын түбірлері омыртқа жотасының каналынан шығар тұста жұптаса бірігіп, 31 жұп аралас жұлын нервтерін құрайды. Әрбір нерв эфферентті және афферентті нерв талшықтарының шоғырынан құралған. Осылайша, әрбір нерв алдыңғы және артқы түбірлерден басталады. Артқы түбірлер афферентті нейрондардың аксондарынан ғана түзіледі. Олардың денесі жұлын тораптарында жұлыннан тыс жатқан сұр заттың шоғырланған жері, сыртқы түбірлерде орналасады. Шеткі жақтан афферентті нейрондардың денесінен аксондар шығады, олар жұлынның сұр затында тарамдалады. Бұдан соң импульстер қосымша нейрондардың дендриттеріне, ал кейде тікелей афферентті нейрондарға беріледі. Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан эфферентті нейрондардың денесінен импульстер аксондар арқылы жұмыс істейтін мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі. Рефлекс жүйке жүйесі қызметінің негізі болып табылады. Жұлынның кейбір рефлекстерін қарастырайық. Адам қолы ыстық затқа жанасса, бірден тартып алады. Бұл рефлекторлық реакция. Ол қалай орындалады? Температуралық тітіркендіргіш теріде болатын рецепторға әсер етеді де, онда қозу туады. Қозу афферентті нейрондардың сезгіш жүйке талшықтары арқылы оның жұлын тораптарында орналасқан денесіне өтеді. Одан ары қарай қозу қосымша нейронға беріледі, одан эфферентті нейронның өте тарамдалған дендриттеріне және сол нейронның денесіне беріледі. Қозу эфферентті нейронның денесінен сол нейронның жұлын талшығының алдыңғы түбірінде болатын аксонына өтеді. Қолдың тиісті бұлшық еттеріне жеткен қозу оның жиырылуына әсер етеді. Енді рефлекс ұғымына анықтама беру қиын емес. Рефлекс дегеніміз – организмнің орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асатын тітіркендіруге жауап қайтару реакциясы. Рефлекс кезінде қозудың жүріп өткен жолын рефлекторлық доға деп атайды. Жұлын рефлексінің доғасы бес бөлімнен тұрады: рецептор, афферетті нейрон, жұлынның белгілі бір бөлімі, эфферентті нейрон және жұмыс істейтін мүше. Жұлын арқылы көптеген рефлекс доғалары өтеді. Рефлекторлық доға құрамына кіретін бес бөлімнің біртұтас байланысы болған жағдайда ғана рефлекс жүзеге асады. Олардың біреуінің зақымдануы соған жауап қайтару реакциясының жойылуына әкеліп соғады. Бірақ рефлекс кезінде қозудың жүру жолы жұмыс істейтін мүшеде аяқталмайды. Мүше тітіркендіруге жауап берген кезде, оның рецепторларында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді және рефлекторлық әрекеттің аяқталғандығы туралы хабар береді. П.К. Анохин бұл құбылысты кері афферентация деп атады. Жұлын рефлекторлық әрекетімен қатар, өте маңызды өткізгіштік қызмет те атқарады. Жұлынның ақ затындағы бағананы құрайтын нейрон талшықтары арқылы өткен қозу миға беріледі. Жұлынның өткізгіш жолдары арқылы қозу мидан дене мүшелеріне өтеді. Жұлын орталықтары. Дененің кез келген жерін тітіркендірген кезде қозу афферентті нейрондар арқылы жұлынның осы рефлекс доғасы өтетін белгілі бір аймағына қарай өтеді. Белгілі бір рефлекс доғасы өтетін, жұлынның сұр затында орналасқан нейрондар денесінің шоғырын жұлынның жүйке орталығы деп атайды. Мысалы, қолдың қимылдарына қатысты рефлекс орталықтары жұлынның мойын-кеуде бөлімінде орналасқан. Жұлынның бел және сегізкөз бөлімдерінен аяқтың қозғалуын басқаратын рефлекстер өтеді. Бірақ жүйен орталықтарын тұйық жүйе деп ойлауға болмайды. Бұл мәселені зерттеу кейбір орталықтың нейрондары зақымданып, оның қызметін көршілес орналасқан жүйке жүйке жүйесі клеткалары атқара бастайтынын көрсетті. Бірақ мұндай бірін-бірі алмастырудың да шегі бар. Тіршілік үшін маңызды орталықтардың біртұтастығының бұзылуы организмді өлімге душар етеді. Жүйке орталықтарында қозудың сипаты өзгеріп, онда өзалдына жауап реакциясын тудыра алмайтын өте әлсіз қозу жинақталады. Мұны жинақталу құбылысы деп атайды. Осының нәтижесінде бірнеше әлсіз қозу жиналып, жауап реакциясын тудырады. Кейде басқаша да жағдай байқалады. Жүйке орталығына жекелеген импульстар келеді, бірақ олар мұнда өзгеріске ұшырайды да, эфферентті нейрондар арқылы орталықтан жұмыс істейтін мүшелерге жеке импульсті емес, белгілі ырғақпен бірінен кейін бірі келетін бірнеше жиынтық импульстерді өткізеді. Мұны өзгеру немесе трансформация құбылысы деп атайды. Жүйке жүйесі арқылы қозудың тек бір бағытта өткізілуі жүйкеорталықтарының физиологиялық ерекшелігіне байланысты: синапстарда қозу бір бағытта ғана, яғни бір клетканың аксондарынан екінші клетканың дендриттеріне өтеді. Орыс физиологы Н.Е. Введенский нерв талшығының шын мәнінде қажымайтынын, оның есесіне нерв орталықтарының өте тез қажитынын анықтады. Тежелу. Орталық нерв жүйесінің тежелуін 1863 жылы көрнекті орыс физиологы И.М. Сеченов (1829-1905) ашқан болатын. Ол бақа миының көру төмпешігін ас тұзының түйіршіктерімен тітіркендіргенде бақаның артқы аяғын бүгудің жұлын рефлексі болмайтынын анықтады. Тежелу құбылысын кейінгі кезде көптеген ғалымдар зерттеді. Бір мезгілде бірнеше рецепторларды тітіркендіргенде, жауап реакциясы солардың ішіндегі ең жоғары күшпен әсер еткен рецепторда ғана байқалады, ал басқа рецепторларда рефлекторлық реакция болмайды. Тежелудің биологиялық маңызы зор. Ол организмнің әр кезде өзі үшін ең маңызды тітіркендіргішке жауап қайтаруына мүмкіндік береді. Сонымен бірге тежелу – белгілі бір жағдайда организм үшін маңызы шамалы рефлекстердің болуына кедергі жасап, нерв системасының қажуына жол бермейді. Ең ақырында тежелу қозумен өзара әсер етіп, организмнің өте күрделі үйлесімді іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Мысалы, жүру кезінде аяқты бүгетін бұлшық еттерге импульстер жіберетін нейрондардың қозуы сол буындағы аяқты жазатын бұлшық еттерге келетін импульстерді өткізетін жүке клеткаларын тежеумен ұштасады. Келесі кезекте бірінші топтағы нейрондардың қозуы тежелу реакциясымен алмасады, ал екінші топтағы нейрондардың тежелуі қозумен алмасады. Вегетативтік нерв жүйесі. Вегетативтік жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы. Бұған дейін біз белгілі бір қозғалыспен аяқталатын рефлекстермен таныстық. Мұндай рефлекстер соматикалық деп аталатын жүйке жүйесінің тікелей қатысуымен орындалады. Алайда негізінен алғанда, ішкі мүшелердің қызметімен байланысты рефлекс түрлері де кездеседі. Бұлар, мысалы ас қорыту сөлінің бөлінуі, жүрек соғуының жиілігі мен күшінің өзгеруі, қан тамырларының ішкі қуысының тарылуы мен кеңеюі, өңештің, ішектердің толқын тәрізді жиырылуы және т.б. Мұндай рефлекстер – вегетативтік деп аталатын жүйке жүйесінің қызметімен байланысты. Анатомиялық тұрғыдан алғанда жүйке жүйесінің соматикалық және вегетативтік бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысты. Соматикалық және вегетативтік жүйкелер жұлыннан және мидан басталады. Вегетативтік бөлім жүйкелерінің көптеген ерекшеліктері болады. Соматикалық жүйкедегі жүйке талшықтары нейронның денесінен оның соңғы тармақтарына дейін бір жүйке клеткасынан тараса, вегетативтік жүйкелерде басқаша жағдай байқалады. Олардың әрқайсысының түзілуі үшін екі түрлі нейрон қатысады: алдымен қозу орталық жүйке жүйесінен вегетативтік торап – ганглийге бір нейронның бойымен өтеді, мұнда импульстер екінші вегетативтік нейронға беріледі, ол жұмыс істейтін мүшеге келіп аяқталады. Сонымен, вегетативтік жүйке жүйесі екі нейронды эффрентті жүйкелерден тұрады. Вегетативтік жүйенің екінші бір ерекшелігі – олар қатқыл, яғни май тәрізді қабықшасы жоқ талшықтардан түзілген. Одан әрі вегетативтік жүйелер бойымен қозудың өту жылдамдығы 1-30м/с болса, ал соматикалық жүйкелерде – 60-120 м/с. Қозудың өту жылдамдығының айырмашылығын импульстің ганглийдегі синапс арқылы өтетіндігімен түсіндіруге болады. Ең ақырында, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімінің қызметі адамның еркіне тәуелсіз болады. Жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі симпатикалық және парасимпатикалық деп аталатын екі бөліктен тұрады. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтердің екеуі де бір мүшеде, мысалы, бұлшық етінде, қан тамырларының қабырғаларындағы бұлшық еттерде, ас қорыту бездерінде және т.б. аяқталады. Анатомиялық тұрғыдан алғанда вегетативтік бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің айырмашылығы ганглийлердің орналасуында болады. Симпатикалық бөлікте ганглийлер омыртқа жотасының бүйірінде орналасқан екі тізбекте – шекаралық бағаналарда жатады, ал парасимпатикалық бөлікте кейде өздері иннервациялайтын (мүшелер мен ұлпаларды жүйкелендіру) мүшелердің қабырғасында немесе соларға жақын орналасады. Парасимпатикалық жүйкелер мидан және жұлынның сегізкөз бөлімінен тарайды. Бас сүйектен тарайтын парасимпатикалық нервтерден кезеген нервті атауға болады. Ол кеуде және құрсақ қуысында орналасқан барлық мүшелерге тармақталады. Жұлынның сегізкөз бөлімінен тарайтын парасимпатикалық нерв талшықтары жамбас жүйкесімен қосылып, ішектің ең соңғы бөлігін, қуықты және жыныс мүшелерін иннервациялайды. Симпатикалық бағана екінші және үшінші мойын омыртқалардан сегізкөзге дейін созылып жатады. Симпатикалық жүйкелер дененің мүшелерінде, оның ішінде және бұлшық еттерге де таралады. Бұлшық еттерді иннервациялайтын симпатикалық тармақтардың онда өтетін зат алмасуға әсер ететіндігін және ол вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің трофикалық қызметі екендігін совет физиологы Л.А. Орбели анықтады. Сонымен қатар, симпатикалық жүйкелердіңәсерінен мүшелер мен ұлралар жаңаша жағдайда, яғни қоршаған орта жағдайы өзгергенде немесе организмнің қызметінің сипаты өзгергенде жұмыс істеуге әзірленеді. Бұл вегетативтік жүйке жүйесінің бөлігінің адаптациялық қызметі болып табылады. Ішкі мүшелер қызметінің реттелуі.Бірқатар жағдайларда кейбір ішкі мүшелердің қызметіне парасимпатикалық және симпатикалық әсер бір-біріне қарама-қарсы болады. Парасимпатикалық және симпатикалық әсердің өзара байланысына сәйкес бірқатар мүшелердің қызметі қоршаған орта жағдайына және организмнің үнемі өзгеріп отыратын қажеттігіне сай жылдам және өте дәлдікпен өзгеріп отыруы мүмкін (1-кесте).
1-кесте. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсері (К.Вилль бойынша)
Иннервацияланатын мүше Симпатикалық нервтің әсері Парасимпатикалық нервтің әсері Жүрек
Артериялар
Ас қорыту жолы
Қуық Көздің нұрлы қабығының бұлшық ет талшықтары Шашты тік тұрғызатын бұлшық еттер Тер бездері Жүрек жиырылуының жиілеуі және күшеюі Тамырлардың тарылуы және қан қысымының көтерілуі Толқын тәрізді жиырылудың баяулауы, активтілігінің әлсіреуі Қуықтың босаңсуы Көз қарашығының кеңеюі
Шаштың тікіреюі
Секрецияның артуы Жүрек жиырылуының баяулауы және әлсіреуі Тамырлардың кеңеюі және қан қысымының төмендеуі
Толқынды қозғалыстардың күшеюі, активтілігінің артуы
Қуықтың жиырылуы Көз қарашығының кішіреюі
Шаштың жатуы
Секрецияның бәсеңдеуі
Вегетативтік бөлімнің екі бөлігінің өзара әсері кері байланыс принципімен жүзеге асады. Көп уақытқа дейін және осы кезге дейін де өз жақтаушылары бар вегетативтік нерв жүйесі өз алдына әсер етеді деген пікір негізсіз айтылған. Вегетативтік жүйке жүйесі мидың бақылаумен әрекет етеді. Бақылау сұрақтары: 1. Жүйке жүйесінің маңызы. 2. Жүйке жүйесінің құрылысы. 3. Жүйке ұлпасының қасиеттері:
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.21.106 (0.011 с.) |