Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Басты белгісі — іштің үздіксіз ауырған үстіне ауыра беруі;

Поиск

- Басты белгісі — іштің үздіксіз ауырған үстіне ауыра беруі;

- Ауыру белгісі көбінесе кіндік түбінен басталып, содан соң іле оң жақ төменгі бөлікке ауысады;

- Адамның асқа тәбеті жойылып, жүрегі айныйды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді, аздап қызуы көтеріледі.

Соқыр ішек немесе талаурау ауруларына қатысты тексеру. Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз, немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз. Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқыр ішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз.

Егер аурудың соқыр ішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда: - дәрігерлік көмек көрсетудің шұғыл шараларын қарастырыңыз; - сырқат адамды оған операция жасауға мүмкіндігі бар жерге жеткізуге қолдан келгенше тырысыңыз; - оған ауыздан ештеңе ішкізбеңіз және клизма да жасамаңыз. Шөлдеу, сусау белгілері байқалғанда да ғана жұтымдатып су немесе судың орнын алмастыратын сусыннан басқа ештеңе бермеңіз.

Астың сіңуі. Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің сырты бір кабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Аминқышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.9.183 (0.01 с.)