Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 5 Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Дәріс 5 Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы Сенсорлық жүйелердің жалпы сипаттамасы Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе сенсорлық жүйе дейді. Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе. Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш жүйке деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады. Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз). Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады. Анализаторлардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі. Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді. Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық жүйкелерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Анализаторлардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді. Анализаторлардың ортақ қасиеттері.Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар: 1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. 2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. 3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. 4. Бір анализатордың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы жүйке орталықтарының арасында тұрақты жүйкелік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. 5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу және контактты (лат. контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар. Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы. Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Бірайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.28.31 (0.008 с.) |