Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі

Поиск

Тыныс алудың жиілігі кеуде клеткасының немесе құрсақ еттерінің бір минуттегі қозғалу саны бойынша анықталады және организмнің оттегіне физиологиялық қажеттілігене тәуелді. Балаларда алмасу процесінің жоғары болуы нәтижесінде оттегіне қажеттілік ересек адамдармен салыстырғанда, біраз жоғары. Сондықтан тыныс алу жиілігі оларда жоғары болады. Дене еңбегі кезінде оттегінің тез жұмсалуы нәтижесінде тыныс алу жиілігі де жоғарылайды. Баланың жасы неғұрлым жоғары болса, оның тыныс алу жиілігі соғұрлым сирей түседі. Жаңа туған балада минутына 40-60 рет қозғалыс, төменгі сынып оқушыларында 20-22, 12 жаста -18, ал жоғары сынып оқушыларында ересек адамдардың мөлшеріне жақындайды, яғни минутына 16 рет.

    Тыныс алу жиілігі ұлдарда, қыздарға қарағанда 8 жасқа дейін жоғары болады, ал жыныстық жетілу кезеңінің басталуына сай қыздарда тыныс алу жиілігі жас ерекшелікке байланысты. Әйелдермен тең жағдайда болатын ер адамдардың тыныс алуы біршама сирек, ол мүмкін өкпе көлемінің мөшеріне байланысты болуы мүмкін.

  Тыныс алу жиілігі ой еңбегі күшейген кезде, эмоция күшті өзгеру кезінде, жүйке күйзелісі кезінде де өзгеруі ықтимал.

  Ұйқы кезінде тыныс алу сирей түседі, себебі организм тыныштық жағдайда болғандықтан, оның оттегіне мұқтаждығы аз болады. Сөйлеу және өлең айту кезінде дем алу, дем шығару ұзақтығының көбею есебінен біраз сиректеле түседі. Тыныс алу жиілігі мен жүрек жұмысының арасында белгілі тәуелділіктің болатыны анықталды. Сөйтіп, балалардың бір рет тыныс алу кезіне, тамырдың соғуы 3-4 рет үйлесімді келеді, ал ересек адамдарда -4-5. Бірақ адамның эмоциялық жағдайын ескерген жөн.

  Терең тыныс алу –организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткішінің бірі. Бұл бір рет дем алған кезде өкпеге баратын ауаның мөлшері бойынша анықталады. Дем шығару кезіндегі мөлшері де осындай. Өкпеге ауа неғұрлым көп барса, дем алу соғұрлым терең болады. Ересек адамдарға қарағанда, балаларда дем алу үстіртін болады. Дем алу кезінде ересек адамның өкпесіне 500 мл –ге жуық, төменгі класс оқушыларына 250 мл-ге дейтін, жоғары класс оқушыларына 450 мл –ге жуық ауа барады. Осылай дем алу кезінде бала организмінің ұлпасы оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіліп, дем алу қозғалыстары жиілей түседі.

  Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың негізгі функциялық сипаты өкпенің тіршілік сыйымдылығы /ӨТС/ болып саналған, яғни адамның алдын ала терең дем алып, дем шығару кезіндегі ауаның максималды көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дем алу көлемінен, дем алудың резервті көлемінен және дем шығару резервті көлемнен тұрады. Ал максималды дем шығарғаннан кейін де өкпеде ауа қалып қояды, ол қалдық ауа. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы спирометр құралы арқылы анықталады.

   Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас жоғарылаған сайын арта түседі. Сөйтіп, 7 жасар ер балалар 1400 мл.болса, 9 жаста -1700, ІІ жаста 2100, 14 жаста - 2700 және 16 жаста - 3200 мл. Қыз балаларда 100-300 мл. тереңдеу болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы бойдың әрбір 5 см өсуіне 400 мл. жоғарылап отырады да, организмнің тыныс алу түрі /тип/ мен жаттығу дәрежесіне тәуелді болады.

   Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас кезіннен бастап спорт ойындармен шұғылданған адамдарда жоғары болады – жүгіру, малту, шаңғы тебу т.б. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады (26 сурет).

25-сур2дағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюі

25көл26-сурет.Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып- кішіреюі.

 

Тыныс алу типтері. Тыныс алу кезіндегі көкірек клеткасы көлемінің өзгеру бағытына байланысты тыныс алу үш типке бөлінеді: көкірек, құрсақ және аралас көкірек құрсақ. Жаңа туған балаларда құрсақты тыныс алу типі байқалады. Олардың көкірек клеткасы тұрақты дем алу жағдайында болады, оның себебі жату жағдайымен байланысты. Өмірінің екінші жылының бас кезінде жату жағдайына ауысуына байланысты, тыныс алу көкірек құрсақ типіне ауысады. 3-7 жаста көкірек типті тыныс алу айқын байқалады, ал 7-14 жастан жыныстық айырмашылықтары әсер ете бастаса, қыздарда көкірек типті тыныс алу байқалады.

Мектептің ауа және жылу режимі. Адам үшін ауаның гигениеналық жағынан таза болуы тек химиялық құрамы ғана емес, сонымен қатар оның физикалық жағы бойынша да анықталады: температурасы, ылғалдығы, қысымы, қозғалысы, атмосфераның электрлік өрісінің жағдайы, күннің радиациясы т.б. Барлық жылы қанды жануарлардың қалыпты жұмыс әрекеті дене температурасының тұрақтылығымен сипатталады. Бұл жағдай жылу пайда болу мен бөлу процестерінің тепе –теңдігіне әсер етеді.

   Қоршап тұрған ауа температурасының жоғары жылу бөлуді қиындатып, содан кейін дене температурасын көтереді. Тамырдың соғуы және тыныс алу жиіленеді, шаршау үдейі түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Егер адам ауа ылғалдылығы біршама жоғары жағдайда болса жылудың бөлінуі қиындап, терлей бастайды.

   Температура төмен болған жағдайда, адам жылуды көп бөліп, организмге суық тез тиюге себеп болады. Ауаның ылғалдығы жоғары болып, температура төмендеген кезде де, денеге салқын тиіп, ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан ауаның таза болуы үшін күресу тек қана табиғатты қорғау емес, сонымен қатар адамдарды аурулардан қорғау, олардың денсаулықтарын сақтау болып есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі, маңызы.

2. Балалар өкпесінің құрылысы.

3. Балалардың тыныс алу жиілігі мен тереңдігі.

4. Тыныс алу типтері.

5. Тыныс гигиенасы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.181.93 (0.008 с.)