Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жоғары жүйке әрекетінің  типтері.

Поиск

И.П.Павлов жануарлардың мінез-құлқын, темпераменттерін анықтайтын нерв процестерінің үш негізгі қасиеттерін айырады.

1. Қыртыс клеткаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайтын қозу және тежелу процестерінің күші. Бұл қасиет оң және теріс шартты рефлекс жасауға болатын тітіркендірудің ең жоғарғы күшімен анықталады. Кейбір иттерде шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай жасалады. Ал екінші біреулерде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу дамиды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орта күші бар тітіркендіргіштерге ғана жасалады.

2. Қозу және тежелу процестерінің бір-біріне қатынасы, не болмаса балансы, басқа сөзбен айтқанда олардың теңдігі. Кейбір иттерде оң рефлекстер де, теріс рефлекстер де оңай жасалады, екіншілерінде қозу және тежелу процестерінің күші бір-бірінен кем емес. Егер қозу процесі тежелуден басым болса, онда ол шартты рефлекстерді алу оңай болады да, ал дифференцировка жасау қиындайды. Егер қозу тежелуге қарағанда әлсіздеу болса, ондай иттерде күшті тітіркендіргіштер жалпы қыртыс тежелуін тудырады.

3. Қозу және тежелу процестерінің жылжығыштығы, яғни олардың бір-бірін ауыстыру жылдамдығы. Кей иттерде туған қозу не тежелу тұрақты болады, олар қарама-қарсы процеске жәй ауысады. Ол рефлексті теріс рефлекске және керісінше, теріс рефлексті оң рефлекске айналдыру қиын болады. Басқа иттерде керісінше, мұндай ауыстыру, қайта жасау процестері оңай жүреді.

Типтер жіктелуі. Жеке иттердің жоғарғы жүйке әрекетінің индивидуальдық ерекшеліктері түрліше болады, себебі олардың жүйке процестерінің күші, балансы және жылжығыштары әртүрлі болып келеді. Дегенмен, Павлов осылардың ішінен ең негізгі 4 типті бөледі – бірі әлсіз, қалған үшеуі күшті. Қыртыс клеткаларындағы қозу және тежелу процестерінің күші жеткілікті иттердің өзін Павлов ұстамсыз және байсалды (ұстамды) деп, ал байсалдылардың өзін ширақ және инертті деп бөледі. Осы жоғарыдағы айтқандарға сүйене отырып, Павлов ең соңында жоғары жүйке әрекетінің мынандай типтерін айырады: 1. Әлсіз; 2. Ұстамсыз; 3. Ширақ; 4. Салмақты немесе инертті .

Әлсіз типке жататындардың үлкен жарты шарлар қыртысы жүйке клеткаларының физиологиялық лабильділігі төмен болады, осыған байланысты миға келетін импульстер әсерінен ол клеткалар оңай тежелу қалпына келеді: соңғы жағдай жүйке клеткаларының жұмыс жасау мүмкіндігінің төмендігін алдын - ала көрсетеді. Бұл типке жататын жануарлар қорқақ болады. Ұстамсыз типке жататындарда қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті болады және қозу тежелуден басым келеді. Қыртыс клеткаларының қозуының күші жоғары болып, ол қыртыстар оңай иррадиациялана алады, бұл қозу және тежелу процестерін қалыпты қатынасын бұзады. Бұл типке жататын жануарлар шамадан тыс қозғыш, агрессивті, ұстамсыз келеді, үйретуге көнуі (дрессировка) қиын. Ширақ типке жататындарда да қозу мен тежелудің күші жеткілікті әрі шамалас және бұл екі процесс бір-біріне оңай ауысады. Оң және теріс индукция айқын байқалады, осыған сәйкес нерв процестері шамадан артық иррадиациялана алмайды. Олардың қыртыс клеткаларының тұрақты белсенді қалпы сақталуы үшін импульстер үнемі тоқтамай, түсіп отыруы қажет. Бұл типке жататын жануарлар жаңа ортаға тез бейімделіп кетеді және әрбір жаңа тітіркендіргіштерге тез назар аударады, тез танысады. Біркелкі өзгермеген жағдайда оңай ұйықтап қалады (3-кесте).

 

3-Кесте. Темпераменттер мен жүйке жүйесі типтерінің өзара қатынастары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы

 

Темперамент түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И.П.Павлов терминологиясы бойынша)

жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеттері

Ұнамды жақтары

Ұнамсыз жақтары

күшті

тепе-теңдігі

Қозғалғыштығы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.18.59 (0.006 с.)