Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 9 Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Шынықтыру құралдары Ауа арқылы шынықтыру. Ауа – бүкіл жыл бойында тіпті шынықтырудың басқа түрлері денсаулығына кері әсер етуі мүмкін балалар үшін де аса қажет шынықтыру құралы. Сондықтан да балалар мүмкіндігінше көп уақытын таза ауада өткізуі және олардың бөлмелері әрқашан да жақсы желдетілген болуы тиіс. Терінің үстіңгі жағына ауа неғұрлым тиген сайын, ауа арақылы шынықтырудың әсері соғұрлым жоғары болады. Міне сондықтан да қысқы мерізімде балалардың үй ішінде, ал ауа райының жылы кезінде далада жұқа киімен жүруіне ұмтылуы керек. Ауа ваннасының маңызы зор. Оны бала тамақтанғаннан кейін әрбір 1-2 сағат сайын, желден және күн сәулесінің тура түсуінен қорғайтын жерлерде, ашық верандаларда, терассаларда шатырдың немесе ашық көлеңкелерінің астында отырып, орманда, өзен немесе теңіз жағалауларында қабылдауға болады. Жауын-шашынды уақытта және қыста верандада немесе фрамуга мен форточкалары ашық бөлмелерде жүргізіледі. Ауа ваннасын гимнастика сабақтарымен, қимыл ойындарымен, бау- бақшаларда жұмыс істеумен ұштастырған пайдалы, өйткені қимыл- әрекеттер денені суынудан қорғайды. Алғашқы кезде балалар ауа ваннасын майка, турси және жеңіл аяқ киім киіп қабылдайды, бұдан әрі шынығуына қарай, турсимен, егер топырақта жүру мүмкін болса жалаң аяқ қабылдауға болады. Ауа ваннасының ұзақтығын жоғарғы шегіне жеткізу біртіндеп, шамамен әр 3 күнде 1-2 минут арттыру арқылы жүргізіледі. Балалардың ауа ваннасына бейімделуіне қарай, оны сүртінумен, шомылумен немесе душ қабылдауымен аяқтап отырған жөн. Жазғы уақытта 2-7 жастағы денсаулықтары жақсы балаларға ауа ваннасынан кейін бассейнге, өзенге, теңізге шомылуына рұқсат етуге болады. Өзінің денсаулығы жағынан екінші топқа жататын балалар, бүкіл күз және қыс бойы ауа ваннасын майка және турси немесе қағаздан жасалған комбинезон киіп қабылдайды.
Күн арқылы шынықтыру.Денсаулықтары мықты, жастары екіге толған балаларға күн ваннасын ертеңгі сағаттарда (орталық аймақтарда 9-11 сағат,ал оңтүстікте 8-10 сағат аралығында), ауаның температурасы көлеңкеде 200С төмен және 320С-дан жоғары болмайды, арнайы алаңдарда, олар тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан соң ғана қолданған жөн. Күн ваннасын қабылдау кезінде баланың басынан басқа өзге денесінің түгелдей жалаңаштайды, ал көздеріне күн көзінен қорғайтын қоңыр түсті әйнегі бар көзілдірік кигізеді. Балалар жеке –жеке төсеніштерге немесе ағаш кереуеттерге аяқтарын күнге қаратып жатады. Күн ваннасының ұзақтығы алғашында 4 минут, бұдан кейін күніне 1 минуттан артырылып, 2 жастағы балалар үшін 20-30 ал 3-7 жастағы балалар үшін – 35-40 минутқа дейін жеткізіледі. Баланың бүкіл денесіне бір келкі сәуле түсуі үшін ол белгілі бір уақыт өткен сайын арқасын, бүйірін, кеудесін, екінші бүйірін күнге қаратып жатуы тиіс. Күн ваннасынан сон дымқыл орамалмен сүрртіну, суға жуыну немесе шомылуға болмайды. Күн ваннасын толық қабылдау жаз бойына 25-30 ваннадан аспауы керек. Денсаулықтарына қарай екінші топқа бөлінген балалар үшін ең жоғарғы ұзақтығы үшін 15-20 минут болатын және ваннадан кейін суланған орамалмен өтетін 20 ванна қабылдау ұсынылады. Күн ваннасн алу кезінде балалар үнемі тәрбиеші мен медицина қызметкерінің бақылауында болуы керек. Әлсіздік, мазасыздану, баланың беті мен денесінде қатты қызарғандық пайда болған жағдайда көлеңкеге көшіреді. Егер бұдан кейін баланың терісінде бөртпелер, ұйқысыздық, бас ауруы, тым шаршағандық байқалса күн ваннасын қабылдау тоқтатылады. Су арқылы шынықтыру. Су процедуралары жүйке жүйесін қоздырады, сондықтан да оларды ертенгі немесе күндізгі ұйқыдан кейін жүргізу керек. Қандай да болмасын су процедураларынан соң теріні құрғақ орамалмен сүрткілеу оның жақсы массаждалуын қамтамасыз етеді, қан айналым жақсарады, демек, баланың тәбетіне де жақсы ықпал етеді.
Күнбе – күн таңертең тазалық сақтау мақсатында жүргізілетін жуынудың өзі оны белгілі бір жағдайда ұйымдастырған жағдайда балаларға шынықтыру ықпалын тигізуі мүмкін. Ол үшін судың температурасы 280С- ден біртіндеп төмендетіледі (әрбір 2-3 күнде 10-қа), сөйтіп екі жастағы балалар үшін 200с-ге дейін, үш жастағылар үшін 180С-ға, үш жас және одан үлкендердікі – 140С-ге дейін жеткізіледі. Мұнымен қоса жасына қарай дененің шайылатын көлемі де ұлғайтылады: әдетте екі жасқа дейінгі балалардың бетін және қолын жуады, үш жасқа дейінгі балалардың бұдан басқа, мойнын және қолдарын шынтағына дейін, үш жастағы және одан үлкендердің кеудесінің жоғарғы бөлігін жууға болады. Аяқтың тоңуы көп ретте балаға салқын тиюіне әкеп соғады. Алдын ала сақтану мақсатында аяқтарды булаудың көмегімен оны төменгі температураға үйреткен пайдалы. Сонымен қатар, аяқты күнбе-күн булау, ысқылый отырып аяққа массаж жасау оның терлегіштігін азайтады және табанының жалпайып кетуінен алдын ала сақтандырады. Аяқты су құйғышпен жууға немесе легенге су құйып оған малып отыруға да болады, мұндағы судың температурасы 3-4 күнде 1 градусқа төмендетіледі, 1,5-3 жастағы балалар үшін 36-дан 200С-ге дейін және 4-7 жастағы балалар үшін 18-160С-ге дейін жеткізіледі. Бақылау сұрақтары: 12. Сүйектің өсуі мен қаңқаның қалыптасуы. Бала сүйегінің қату мерзімдері. 13. Балалардың омыртқа жотасының иілістері, олардың дамуы. 14. Адамның бұлшық еттері, олардың қызметі. 15. Баланың жасына қарай бұлшық еттерінің салмағы, күші, төзімділігі, жұмыс кабілеті. 16. Баланың қозғалыстары, олардың бала жасына лайық қалыптасу ерекшеліктері. 17. Дене тәрбиесі мен балалардың еңбегін ұйымдастыру гигиенасы. 18. Омыртқа жотасының патологиялық өзгерістері, олардың алдын алу және болдырмау шаралары. 19. Балаларға партада дұрыс отыруды үйретудің маңызы. 20. Бастауыш сынып мұғалімдерінің балалардың дұрыс дене бітімін қалыптастырудағы орны. 21. Дене шынықтыру гигиенасы. 22. Шынықтыру құралдары.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.163.23 (0.011 с.) |