Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Сымбат. Сымбат немесе тұру, жүру, отыру кезіндегі дене қалпы әр адамға тән қасиет. Егер омыртқа жотасының барлық иіндері біркелкі болып, жақсы байқалса, бас тік тұрып, иық, жауырын және мықын сүйегінің қыры бір сызық бойында орналасқан дене сымбаты дұрыс болып есептеледі. Ондай адамдардың бұлшық еттері серпімді, қозғалыстары жинақы және ширақ келеді. Сымбат дұрыс болған жағдайда адамның қозғалысына және ішкі органдарының қызметіне өте қолайлы әсер етіп, соның нәтижесінде жұмыс қабілетінің жоғарылауына себепші болады. Сымбат дұрыс болмаған жағдайда бас алға қарай еңкіштеніп, иықтар алға қарай шығыңқырап, көкірек қуысы қысыңқы болып, төс түсіп тұрады. Сымбаттың дұрыс болмауы жүректің, өкпенің, асқазан –ішек жолдарының жұмысын қиындатады: өкпенің тіршілік сыйымдылығы кемиді, зат алмасу төмендейді; бас ауру және жиі шаршау байқалады. Сымбат ерте жастан қалыптасып, өмір сүру нәтижесінде өзгеруі мүмкін (10-сурет). Сымбат негізігінде 6-7 жаста қалыптасады. Сымбат дұрыс қалыптасу үшін, тұлға бұлшық еттерінің маңызы зор. Бұл еттердің ширығуынан сымбат қалыптасып, дұрыс сақталады. Ал олардың ширығуының төмендеуінен бұзылады. Балалардың тұлға бұлшық еттері әлсіз дамыған, сондықтан олардың сымбаты тұрақсыз болып келеді.
10-сурет. Адамның жасына қарай омыртқа жотасының өзгеруі
Сымбаттың қалыптасуында дене тәрбиесінің маңызы үлкен. Мұндағы негізгі мәселе, бір қалыпта жаттығулар жасап, барлық бұлшық еттерді бірте –бірте дамыту. 18 жаста дене сымбаты тұрақталады, ал содан кейін оны түзету қиынға соғады. Дене сымбатының дұрыс қалыптаспауы неліктен? Балалар тұру немесе отыру кезінде денесін ұзақ уақыт бір қалыпты ұстап тұра алмайды. Тез шаршап, дене қалпын тез өзгертіп, қисайып отыруға мәжбүр болады. Ондай жағдай, ең алдымен дене сымбатының бұзылуына, ал содан кейін арқа бұлшық еттерінің әлсіруіне және омыртқа жотасының қисық болып бітіуіне себеп болады (11-сурет). Сондықтан дене жаттығулары, қозғалмалы ойындар, серуендер, жиһазды дұрыс таңдай білу, бұлшық еттерге түсетін күшті өзгертіп отыру сымбаттың бұзылуынан сақтандырады.
11-сурет.Сколиоздың түрлері Балаларға ауыр нәрсені көтеруге рұқсат етпеу керек. Балаларды өте жұмсақ немесе иілмелі төсекке жатқызбау керек. Оқу құралдарын қолға ұстайтын емес, арқаға асатын портфельде алып жүргендері жөн. Баланың дене сымбатының дұрыс қалыптасуына партаның да тигізетін әсері үлкен. Орындық пен үстел баланың бойы мен денесінің пропорциясына сәйкес келмесе, дене сымбатының бұзылуына себепші болады (12-сурет). Сондықтан сынып партасы балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты нөмірленеді: 6-дан 12-ге дейін. Бастауыш кластар үшін 6,7,8 нөмірлер. Алтыншы нөмірлі парта бойларының ұзындығы 110 см –ден 119 см –ге дейінгі балалар үшін, жетінші нөмірлі –ұзындығы 120-129 см, сегізінші нөмірлі -1330-139 см балалар үшін. 9-дан 12 –ге дейінгі нөмірлі парталар жоғары сынып оқушыларына қойылады. Егер бастауыш сыныпта бойы өскелең оқушылар болса, онда баланың бойына сай нөмірлі парта қойылады. 12-сурет.Омыртқа жотасының қисаюы: а – биік парта; б - аласа парта
Партаның қажетті саны сабақ басталардың алдында анықталады. Оқушылар мектепке алғашқы күні барғанда, мұғалім мен мектеп дәрігері олардың бойының ұзындығын өлшеп, тиісті нөмірлі партаға отырғызады. Партаға отырғызуда оқушылардың тек бойының ұзындығы ғана емес, көру және есту қабілеті де еске алынады. Құлақтары нашар еститін оқушыларды алдыңғы партаға, ал көру қабілеті төмен балалар жарық мол түсетін партаға отыруы тиіс. Мұғалім партада қалай отыру ережелерімен және отыруға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстырады. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады (13-сурет). Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
13-сурет.Сколиоздың түрлері
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.37.85 (0.01 с.) |