Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ішкі секреция бездерінің қызметі

Поиск

Ағзадағы барлық клеткалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Жүйке және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:

· Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;

· Жүйке клеткадан келесі жүйке клеткаға, немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;

· Жүйке және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.

Орталық жүйке жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ, жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен. Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.

  Гипоталамустың нейросекреторлық клеткалары афферентті жүйке импульстерін гуморальді факторға релизинг - гормондарға, ал олар гипофиздің клеткаларының қызметіне әсер етіп, түзелетін гормондардың  түзілуіне, бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.

  Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатысуымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңындағы без, ұйқы безі және т.б. Бұл бездердің қызметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.

  Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі.

    Сыртқы секрециялық (лат.секреция-сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады. Сондықтан оларды секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо –сыртқы, сыртқа, ген –тек, болмыс) бездер деп атайды.

     Ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон-ішкі, крино-бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімдері тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Гормондар жоғары активті заттар. Оны ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет бөліп шығаратын түтіктері болмайды.

Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті бездері, тимус жатады.

Сыртқы секреция бездерінің ерекшелігі оларда секреция бөліп шығаратын арнаулы түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.

  Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо-ішке қосамын, қозғаймын) деп атайды, ол өте белсенді, химиялық зат. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Оған қоса, организмнің қызметтерін реттейді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. гипо-аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер-артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Гормондардың қасиеттері:

    а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде әсер ете алады;

    б) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормон немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;

    в) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,яғни қашық тұрып,алыстан әсер етеді.

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің “түрік ері ” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның гипофизінің мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды,әрі “түрік ері” сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі  мм, 1 жасқа жеткенде  мм, ал 16-18 жасқа дейін

9-11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организімінің ерекшеліктеріне сай өзгереді.

      Құрылысы.Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23% артқы бөлікке жатады.

  Аденегипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер және ортаңғы бөлімде түзілетін меланотропин (МТГ).

СТГ яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудың алмасуына әсер етеді.

Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мг ғана болады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болып қалады. Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне акромегалия (грек. акрон-соңғы, ақырғы, мегас-үлкен) байқалады, яғни адамның бет, аяқ-қол, жақ сүйектерінің өсіп, ұзарады.

   Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құралған.

Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамсыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде сүттің шығуын реттейді. 

    Эпифиз безі. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан.                           Жас ерекшелігі. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалыңдығы 2 мм. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады.

Эпифизде 3 гормон – меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.

  Қалқанша безі.Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі тұйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады. Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Олар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен бөлінген, олар қан тамырлары мен жүйке талшығына бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады (3-сурет).

  Жас ерекшелігі: Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г, 1 жаста 3 г, 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамдарда бездің салмағы 35-37 г.

Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды эндемиялы зоб деп атайды (грек. эндемос-жергілікті).

Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикоз ауруы байқалады. Ал гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады.

 

 

3-сурет. Қалқанша безінің құрылысы.

1–қалқанша байламы, 2 — пирамида бөлігі, 3 — оң және сол бөлігі,

4 —бөлікшелер, 5 — кеңірдек.

 

Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшілліктері –гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болған, яғни қалқанша безі болмай, не нашар дамыған балалар; ә) жүре болған, яғни гипофиз безінің тиреотопин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған.

Қалқан серік бездері.Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамдарда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқан серік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығы арқылы бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы тұрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, ұзынша, бұршақ іспеттес болады (4-сурет). Қалқан серік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.201.101 (0.008 с.)