Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Экожүйенің тіршілік деңгейіне түсінік беріңіз.

Поиск

o Су

 

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пенжарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптегенминералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.

Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.

Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мензоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.

Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.

· Құрлық-ауа

 

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаныңтығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

 

Топырақ

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемілитосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақтакөмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген ағзалардың тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін азғалар —педобионттар деп аталады.

· Организм

 

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналған. Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.

Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын —эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер,симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.[3]

Ғылымда биогеценоз ұғымының баламасы ретінде «экожүйе» термині қолданылады. Экожүйе (грекше оіkos – мекен, жай және systems – бірігу) бір-бірімен белгілі байланыста болатын және бірлескен биотикалық және абиотикалық құбылыстар мен процестер жүйесін түзетін тіршілік ортасы және орта жағдайлары организмдердің жиынтығын құрайтын экологиялық жүйе. Бұл терминді ғылымға ағылшын ғалымы А.Тенсли 1935 жылы енгізген. Шын мәнінде, екі ұғым да бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар.

Биогеоценоз бен экожүйенің айырмашылығы:

1. Биогеоценоз жоғарыда аталған 2 блок (биоцено бен экотоп), 6 звенодан (зооценоз, фитоценоз, микроценоз, гидротоп, климатоп, және эдафотоп) тұрады.

1. Экожүйеде осы аталғандардың бәрі бола бермейді, мысалы: жануарлардың өлексесі – мұнда фитоценоз жоқ, шіріген ағаш діңі – эдафотоп жоқ.

2. Биогеоценоз энергиялық жағынан - мәңгілік жүйе, яғни күн сәулесі мәңгілік таусылмайтын энергия көзі болып табылады.

2. Экожүйе керісінше зат пен энергия айналымы тоқтаса, ол да жойылады.

3. Биогеоценоз тек қана табиғи жолмен ғана пайда болады.

3. Экожүйе жасанды жолмен де пайда болады. Мысалы: аквариум, су қоймасы.

4. Биогеоценоздың белгілі бір шекарасы болады және ол құрылықтың немесе судың бөлігі болуы мүмкін.

4. Экожүйе керісінше кез-келген кеңістікті қамти алады, шекарасы болмайды.

    Сондықтан кез-келген биогеоценоз экожүйе бола алады, ал барлық экожүйе биогеоценоз деген рангіге жатпайды. Экожүйе бұл – зат айналымы жүретін кез-келген организм мен абиотикалық компоненттердің бірлестігі.

Биогеоценоздың (экожүйенің) тірі құрауыштарына – продуценттер, консументтер мен редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа, су, субстрат (құрылықта - топырақ, суаттар түбінде - грунд) жатады.

Продуценттер (өндіріушілер) – өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттарды Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан немесе бейорганикалық заттардың тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады.

Консументтер (тұтынушылар) – гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттарды қорек (азық) көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық жануарлар (адамды қоса), саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі, паразиттік және жәндікқоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бірінші және екінші реттік болып бөлінеді:

• бірінші реттік консументтер (фитофагтар) – тек қана өсімдіктекті корекпен тіршілік ететін жануарлар, көптеген жәндіктер (бұғы, піл, қой, қаз, көк шегіртке, өсімдік биті);

• екінші реттік консументтер (зоофагтар) – жануарлармен қоректенетін организмдер, жыртқыштар.

Консументтердің тағы бір маңызды тобына детритофагтар, немесе сапрофагтар - өлі органикалық заттармен – өсімдіктермен жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен, өнімдермен қоректенетін жануарлар (әр түрлі құрттар, буынаяқтылар) жатады. Олар экожүйеде тазалау функциясын атқарады және топырақтың, жертезектің, суқоймалардың түбіндегі шөгінділерді түзуге қатысады. Жалпы консументтер экожүйенің қоректік тізбегінде тұтынушылар тобын кұрайды.

Редуценттер (ыдыраушылар, жоюшылар) – өлі органикалық заттармен (негізінде өліктер мен экскременттермен) қоректенетін, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдыратын микроорганизмдер (бактериялар, ашытқы микроорганизмдері, саңырауқұлақтар – сапрофиттер). Саңырауқұлақтар негізінде өсімдіктердің жасушаларын, ал бактериялар жануарлар өлімтіктерін ыдыратуға қатысады. Микроорганизмдер басқа да функцияларды атқарады, олар ингибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе керісінше, жылдамдатқыш – заттар (мысалы, кейбір дәрумендер) түзеді. Олардың экологиялық маңызы өте жоғары, бірақ ол толық зерттелген жоқ. Редуценттер арқылы экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмірқышқыл газы қайтарылып отырады.

Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары. Кез-келген организм басқа басқа организмнің өзіне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді. Бұл өте күрледі процесс. Аталған қарым-қатынас өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында жүреді. Жалпы табиғатта әртүрлі биотикалық қарым-қатынастар бар солардың негізгілері:

 а) Симбиоз (селбесу), мутуализм – екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп тіршілік етуі.

ә) Жыртқыштық – түрлер арасында болатын қатынастардың ең жоғарғы формасы, ол түрдің қорек, тұрақ және тағы басқа ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірін-бірі қуу, өлтіру, жеу арқылы көрінеді.

б) Паразиттік – бір түр өкілінің екінші түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалауны. Паразиттер 2-ге бөлінеді: эндопаразиттер – иесінің ішінде, эктопаразиттер – иесінің сыртында жабысып өмір сүретіндер.

в) Комменсализм – арамтамақтық құбылыс, бір түрдің қоректік қалдығымен қоректене отырып, оған еш зиян келтірмеу.

г) Аменсализм – бірге тіршілік ететін түрлердің бір-біріне теріс ықпалын тигізуі.

д) Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынасының көрінісі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.138.145 (0.011 с.)