Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ышқылдықтың артуы                  сілтіліктің артуы

Поиск

нейтрал орта

Қышқылдықтың артуы                  сілтіліктің артуы


8 9 10 11   

12 13 14

Әк

Сірке суы

 

 

 

 Ас содасы

Аммиак

           

    Қышқыл жаңбыр         Таза жаңбыр


6-сурет. Қышқыл жаңбырдың түзілуі мен рН шкаласы

Қышқыл жаңбырдың пайда болуына себеп болатын күкірт қышқылы мына реакциялар арқылы түзіледі:

           SO3+H2O               H2SO4

Ал күкіртті газ көмірді, мұнайды жаққанда, түсті металдарды өндіргенде түзіледі:

            2SO2+O2               2SO3

 Азот оксиді ауадағы оттегімен азоттың жоғары температураларда әрекеттесуі кезінде, негізінен, іштей жану двигательдерінде және бу-қазандық қондырғыларда пайда болады. Антропогенді көздерден шамамен азот оксидінің 93 %-і түзіледі және олардың су буымен әрекеттесуі салдарынан азот қышқылы түзіледі:

2NO2+O2                         2NO3

2NO2+H2O    2HNO3+NO

Қышқыл жаңбырлар әсерінен әктас пен мрамордан жасалған тарихи ескерткіштер баяу болса да бүліне бастайды. Әсіресе, бірнеше ғасырлар немесе мыңдаған жылдар бойы уақыт тезіне төтеп беріп келе жатқан Африкадағы Перфонен, Индиядағы Тадж-Махал сияқты ғимараттар өзгеріске ұшырауда. Антропогенді әсер осылай жалғаса берсе, Европадағы ортағасырлық готикалық үлгідегі өнер туындылары – 100 мыңға тарта құнды витраждар таяу 15-20 жылдар ішінде маңызын жояры сөзсіз.

Күкірт тотығының көп мөлшерде атмосфераға өтуі салдарынан, металдар коррозияға ұшырайды, материалдардың, архитектуралық ескерткіштердің бұзылу жылдамдығы артады, ал SO2 мрамормен (CaCO3) әрекеттесіп, ескерткіштердің бетінде CaSO4 пайда болады; ол өте жұмсақ болғандықтан, уақыт тезіне шыдамай үгітіліп түсіп жатады:

     2CaCO3 + 2SO2 + О2           2CaSO4 + 2CO2

Қышқыл жаңбыр әсерінің адам денсаулығына келтіріп жатқан нұқсаны есепсіз. Ауыз суының қосымша ластануы жалғасуда, өйткені бұл қышқылдар табиғи жыныстардағы әртүрлі токсикалық элементтерді сынап, қорғасын, калий т.б. ығыстырып шығарады. 

Ластанған атмосфералық трансшекаралық орын ауыстырулар әлемдік экологиялық келіспеушіліктерді туындатады. Мысалы, Канада территориясына жөңкілген түтінді бұлттар және осының салдарынан үнемі жауатын қышқыл жаңбырлар АҚШ-пен Канаданың арасында ұзын-сонар дау-жанжалдар тудырып отыр.

Қышқыл жаңбырлардың пайда болуының табиғи көздеріне вулкандық атқылауларды, жауын-шашын кезіндегі разрядталу мен найзағайды, биогенді бөлінулерді айтуға болады. Ғалымдардың есептеулері бойынша, әлемде тек вулкандық атқылау кезінде, жыл сайын 4-16 млн. тонна күкіртті қосылыстар бөлініп шығады.

Қышқыл жаңбырлар мәселесін шешу үшін мынадай талаптар орындалуы тиіс:

1. Күкірт және азоттың, бірінші кезекте күкіртті газдың шығарылып тасталатын мөлшерін жедел азайту қажет;

2. Мына салаға бағытталған жаңа технологиялар өндіру;

а) отынды үнемдеуге;

б) түтін тарту мұржаларынан күкірт тотығын ұстап қалуға;

в) азот қалдықтары мөлшерін азайтуға.

3. Халықаралық қарым-қатынастар.

Осы тұрғыдағы негізгі халықаралық келісімдер: “Трансшекаралық ластанулар туралы конвенция’’. Ол 1983 жылы күшіне енді. “Канада мен Европадағы 20-шақты мемлекеттердің территориясында күкірт тотықтарын шығарып тастау деңгейін 30 %-ке дейін төмендету туралы хаттама’’ (1985ж., Хельсинки). Бұл келісімдер арқылы халықаралық ұйым өкілдері осы сала бойынша қоршаған ортаны ластаушыларды Халықаралық тәртіпті сақтауға бағыттайтын болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.97.97 (0.005 с.)