Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстанның экологиялық жағдайлары. Мысал келтіріңіз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад СЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара СЭС-і, мұнан басқа - Тоқтағұл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосты. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы, бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған, мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінберлерге қайта-қайта көтерілуі де сондықтан. Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылығын көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 проценті ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астында жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш айлағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамдардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, “Көкарал” бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 процентке төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру, “Көкарал” бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер “Көкарал” бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне ағып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигоны әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы есінен тайдырып жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаhа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық күл-тозаңға тұншықтырып, ондағы халықтың түбіне жететін еді. Өйткені, осы полигон маңындағы қазақтардың көбі дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалыны жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы зілзала аймағында тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес. Төрткүл дүние, қазақты Семей сойқаны арқылы білді десек, артық айтқандық емес. Антиядролық “Невада-Семей“ қозғалысының акция-шерулері Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізіп, Кеңес империясының сұмдық қаруының, “құпия соғыстың” сырын ашты. Қоғамдық күрес пен табанды талаптардың арқасында, 1991 жылы полигон жабылды. Алайда, ел мен жер тағдыры толық шешіліп біткен жоқ. Апат аймағы әлі де қансырап жатыр. Полигон аймағындағы тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетіп, жер-суды сауықтыру – бірінші кезектегі маңызды шара болып қала бермек. Экологиялық зардап аймағына айналған тағы бір өлке - ол “Байқоңыр” ғарыш айлағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай түкпіріне үңілсеңіз де, әр түрлі зымырандардың (ракеталардың) сынығынан аяқ алып жүру қиын. Бұлар – зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айрылып, жерге құлаған бөлшектері. Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от-жалынға оранып түскен қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе өспейді. “Байқоңыр” ғарыш айлағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі және ол 105 мың шаршы километрден асады. Олар төмен құлдилап келе жатқанда, сұйық отын ретінде қолданылатын гептил төгіліп-шашылып – ауаны, жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді мекеннің үстін себелеп өтеді. Зерттеулер анықтағандай, зымыран ұшырылған кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден бірден будақтаған түтінге тең. Белгілі мәліметтер бойынша, бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын зиянды зат мөлшері 300 тоннаға жетеді. Мұның бәрі, ең алдымен, адамдар денсаулығына әсер етеді. Осының салдарынан, соңғы жылдары, әсіресе Ұлытау ауданы тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, кем-кетік бала туу көбейіп, нәрестелердің шетінеуі өсіп кетті. Сонымен, атмосфераға жүздеген тонна гептил қалдығының ыдырап, аэрогендік миграцияға көшіп жүруі, қоршаған ортаны уландыруы үйреншікті құбылысқа айналып отыр. Ұшу жолы Қазақстанның осы аймағына орналасқан зымырандардың ең қатерлісі – “Протон-К” деп саналады. Оның отын багіне толтырылған 500 тонна гептил көтерілген бетте жанып кетпей, 2-3 тоннасы ұшып өткен жолына ауа арқылы, желмен жүздеген километр жерге жайылып, топыраққа, өсімдікке сіңеді, су көздеріне түседі. Егер, гептилдің 1 грамы ғана мыңдаған адамдарды уландырып, қатерлі ауруларға шалдықтыратындығын еске алсақ, бұл экологиялық апат түрінің адамдар денсаулығына, жан-жануарлар тіршілігіне тигізер зардабын айтып жеткізу қиын. Осы орайда, әйгілі Королевтің өзі де, гептилді зымырандарға сұйық отын ретінде пайдалануға қарсы болғандығы, жайдан-жай емес шығар деген ойға еріксіз жетелейді. Қалай болғанда да, адамзаттың ғарыш кеңістігін зертеуі жалғаса беретіні даусыз. Қазір, космонавтика сияқты жедел дамыған ғылым мен тахниканың бір де бір саласы жоқ. Ғарыш техникасының көмегімен кен іздеу ісі де кеңінен жүргізілуде. Сондай-ақ, ғарыштан түсірілген фотосуреттерде Қазақстан территориясында мұнай мен газдың перспективалы аудандары табылды. Бірақ, халық шаруашылығында берері аз емес болғанымен, бұл саланың төңірегінде де экологиялық апаттар қанатын кең жайып отыр. Дегенмен, экологиялық, медициналық және биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық шараларды кең көлемде жүргізу арқылы, Арқа жеріндегі зардап ізін азайтуға, өзек өртейтін қасірет мөлшерін едәуір азайтуға болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.216.82.132 (0.013 с.) |