Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жер бетіндехалықтың санының өсуінің схемасы, экологиялық салдарын түсіндіріңіз.

Поиск

Мальтус Т.Р (1766-1834), ағылшынның белгілі экономисті, дін қызметшісі, демография саласында атағы шыққкан қайраткер (демография сөзі грек тілінен алғанда demos - халық және grapho - жазамын). ”Демография” терминін 1855 жылы француздық ғалым А.Гийар енгізген болатын. Демография белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. Демографиямен қоса бала туу көрсеткіші, неке қию, ажырасу, өлім, білім деңгейі, әлеуметтік құрылым, нәсілдік, тілдік, халық санының ұлттық құрамы, оның миграциясы, урбанизация оқылады. Демогафияның орталық орны халық санын қалпына келтіруі, табиғи қозғалыстың әсерімен орналастыруы (туу көрсеткіші, өлім), оның санының өзгеруі, құрамы, миграция және халық санының тұтастығы зерттеледі.

Мальтус атымен әлеуметтік - экономикалық теория аталған – мальтузияндық заң – қоғамдық пікір арасында, әсіресе 19 ғасырдың соңында саясаттық экономикада кең таралды.

Т. Мальтустың әйгілі жұмысы – 1798 жылы шыққан “ Халық саны заңының тәжірибесі” атты еңбегі болып табылады. Бұл жұмысында Мальтус қоғамдық дамудың қарама-қарсылығын әлеуметтік шарттарсыз түсіндіруге әрекет жасап бақты, керісінше табиғаттың “мәңгілік” заңдарымен түсіндіруге әрекеттенді.

Халық санының жаңғырту процесін биологиялық фактор ретінде түсіндіруін, Мальтус “табиғи заң” бойынша тұжырымдады, Жердің халқы өте қарқынды өсуіне сәйкес, яғни, геометриялық прогрессия заңы бойынша өссе, тағам өндірісі және басқада тіршілік тәсілдері арифметикалық прогрессия заңы бойынша әлдеқайда баяу даму үстінде деп қорытындылады.

 

  1. Халық санының өсуі. (Мальтустік теория бойынша)

Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны (1 сурет). Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әр түрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінд «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде ( ХІХ ғасырдың ІІ бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобынын (ІРСС) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдын жазғы күніндей температура 38°С - 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардын көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европанын ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды.

1-сурет. 1750-2100 жылдар ішінде Жер бетінде халық санының өсуі.

1778 жылы Т.Мальтус «Трактат о народонаселении» деген еңбегінде, егер халық саны тоқтаусыз өсе берсе, ешбір бөгетсіз, неге соқтыратынына тоқталып кетті. Дарвин оның тұжырымын табиғатқа көшірді. Жоғары репродуктивті өсу потенциалына қарамай популяция саны салыстырмалы түрде тұрақты болады. Популяция ішінде конкуренция интенсивті болғанда, өмір сүру мүмкіндігін туғызатын кез келген өзгеріс даралықтардың көбеюін ұрпақ қалдыру мүмкіндігін арттырады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап техногендік өркениеттің дағдарыс белгілерін көптеген ойшылдар аңғара білді. Алғашқы ескертуді ағылшын священнигі Т. Мальтус келтірді. Оның «тіршілік ресурстарына қарағанда сол тіршілік иелері анағұрлым жылдам өседі» деген қағидасын К. Маркстан бастап, ХХ ғасыр ойшылдарының көпшілігі сынаумен келді. «Топырақ құнарлығының кемуі» атты заңын негізге салып, Мальтус халық есімін шектеуді ұсынды.

Халық санының артуы экологиялық жүйенің табиғи қозғалысына теріс ықпал етеді деген пікірді білдірген де ғалым-демограф Т. Р. Мальтус болып шықты. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж. Ламарк, Т. Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтануының да кажеттілігін де ерекше атап ескерткен болатын. 2. Тұрғылықты халықтың заңдары, (Мальтус заңы).

Заңдар мен заңдылықтар – қоғам мен табиғат құбылыстарының арасындағы қайталанатын тұрақты қатынастар жиынтығы. Олар обьективті мінездемеге ие және де адам санасына бағынбайды.

Тұрғылықты халықтардың жалпы заңы туралы мәселе әлі толық қарастырылмаған. Ең бірінші ойшыл, пастор, XVIII-XIXғғ ағылшын экономисті Т. Мальтус «тұрғылықты халықтардың өсу қарқыны өмірге қажетті құралдарды өндіруді жоғарлатады» деген тұжырымдама айтты.

Мальтус, адамдардың тұрақты талпынысы бар деп айтып кетті. Ол тез көбейетін барлық тірі ағзаларға тән құбылыс. Бұл қарым-қатынасты Мальтус геометриялық және арифметикалық прогрессияларды салыстыру арқылы шығарды (тұрақты санның қосылуы және тұрақты санның көбеюі).

Сонымен қатар, Мальтус жер өнімінің жоғарлауы туралы заң шығарды. Шаруаның ұлы туылған кезеңінде оның жеріне еңбек шығыны екі есе көп кетсе де, бұл өнімді екі есеге көбейтуге мүмкіндік бермеді. Сонымен, Мальтус соғыстар мен жұқпалы ауруларға әкелетін, тұрғылықты халықтардың өсімін шектеу керек деп шешті.

К. Маркс тұрғылықты халықтар туралы заңның экономикалық (немесе тұрғылықты халықтардың экономикалық заңын) жағын қарастырды:

- капитализм кезінде тұрғындардың саны көбейіп, еңбекке жарамды халықтардың саны капиталдағы жұмыс күшінің қажеттілігін арттырады.

- социализм кезінде тұрғылықты халықтардың бос уақыттарының болмауы байқалады.

Бірақ-та, бұл мәселелер халықтың өсіп-өнуін қарастырмайды, сондықтан тұрғылықты халықтардың заңы болып табылмайды.

Қазіргі Қытай ғалымдары бұл мәселені былайша талқылап жүр: тұрғылықты халықтардың социалистік заңы – бала тууды, адамның жан-жақты дамуын жоспарлы түрде іске асыру туралы заң.

Өркениеттік, қоғамдық мәдениеттің дамуы, халықтың өсіп-өну деңгейінің төмендеуіне, орташа өмір сүру жасының жоғарлауына алып келеді.

3. Мальтузиандық теорияны дамытушылар

Мальтустік тұзақ теориясы - бұл теориябойынша халықтың өсуі өндірістің өсуін қуып жетеді, өйткені халықгеометриялық үдемелісерпінмен, ал өндіріс арифметикалық үдемелісерпінмен өседі. Сондықтанбала тууды реттемесе, қалың халық бұқарасы жұмыссыздық, аштық, қайыршылану тұзағына тап болуы мүмкін екенін айтты).

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834ж.ж) жасаған. Ол 1798 жылы ˝Халық саны туралы заңның тәжірибесі ˝кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі, яғни әрбір 25 жылда 2 есе өседі, ал өмір сүру ұзақтығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі депқорытындыға келді. Ол халық санының және өмір сүру ұзақтығының өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынадай қорытындыға келген:

- тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп - салдары болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.237.149 (0.01 с.)