Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тұрақты даму теориясы, стратегиялық құжаттарды атап көрсетіңіз.

Поиск

1.«Тұрақты даму» (sustainabl development) термині алғаш рет 70 жылдары табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік тратегиясын жасауға бағытталған құжаттарда пайда болды. Оны келесі халықаралық ұйымдар ұсынды: табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау бойынша халықаралық ұйым (МСОП), қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бағдарламасы (ЮНЕП), Жабайы табиғаттың бүкіләлемдік фонды (ВВФ).

Тұрақты дамудың саясаты 1972 жылы Стокгольмде өткен БҰҰ халықара-лық конференциясының материалдарында жарияланған және 1986 жылы Ха-лықаралық геосфералық-биосфералық бағдарламада (зерттеулерде, МГБП) орын алған. Ол, 1987 жылы концепция түрінде ЮНЕП дайындаған және Брунтланд комиссиясының есебі көрсетілген.

Тұрақты дамудың стратегиясы 1992 жылы Қоршаған орта және даму бойынша конференциясында (КОСР-2) қабылданып, осы уақытқа дейін көпшіліктің назарында әлі жүр.

Тұрақты даму, қазіргі кездегі қажеттіліктерге жауап беретін, бірақ келешек ұрпақты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін процесс болып табылады. БҰҰ-да тұрақты дамудың арнайы Комиссиясы құрылды.

Биосфера бүтіндей біртұтас етіп қарастырылатын болғандықтан, адамзат-тың оны танып-білу және өзгерту жөніндегі іс-әрекеті де белгілі бір тұтастықта - бірлікте болуы қажет. Соңғы кездері, табиғи орта мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін глобальды даму жағдайлары мен тенденциялары тұрғысынан қарастыру белең алып келеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода Біріккен Ұлттар Ұйымы 179 мемлекеттің жоғары басшылырынның басын қосып Халықаралық конференция өткізіп, «ХХ1 ғасырдың күн тәртібі» экологиялық бағдарламасы қабылданды. Бұл конференцияда, тұрақты дамудың қоршаған ортаны сақтау тұрғысындағы бағыт-тары жан-жақты көрсетілді.

Тұрақты дамудың негізгі ережелерін БҰҰ комиссиясы дайындап, ол 1993 жылы Сан-Францискода БҰҰ мемлекеттерінің басшылары бас қосқан конференцияда мақұлданды. Тұрақты даму - табиғаттағы заттардың айналымын сақтаудың басты факторы ретінде, тіршіліктің алуантүрлігін азайтпауды. Қоғам мен табиғи ортаны құрайтын, әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйенің динамикалық тепе-теңдігін бұзбауды көздейді.

1997 жылы маусым айында Нью-Йоркте, БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы сессиясында қоршаған орта мен даму туралы екінші конференциядан кейінгі (Рио-де-Жанейро, 1992) бес жыл ішінде жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасалды Сессияда атап көрсетілгендей, тұрақты даму түсінігі әлі де болса жүйелі, конструктивті анықтамасын ала алмай отыр. Сонымен бірге, мы-надай тұжырымдар жасалды: әр экожүйе және жер бетіндегі алғашқы мәдениет түрлері мен ошақтары бұзылған, ал көп жағдайларда толық жойылған, көптеген елдерде кедейлену процесі тереңдей түсуде, экономикалық жағдайлары құлдырап, күнкөріс деңгейі төмен адамдар саны өсе түсуде.

Бұл күрделіліктен басқа, глобальды экодинамиканың мынадай позитивті тұстары аталып өтті: көп елдерде халық санының өсу қарқыны тежеледі, ха-лықтың оқып білім алуына жағдай жасалуда, балалар өлімінің саны азайды, ор-таша өмір сүру ұзақтығы жоғарылады.

1992 жылғы конференцияда-ақ айтылған болатын, «Оңтүстік» пен «Солтүстік» өкілдерінің геосаяси қарама-қарсылығы күшейе түсті. «Оңтүстік» өкілдерінің айтуы бойынша, олардың территориялары «планетаның өкпесі» және биологиялық көптүрліліктен қамтамасыз етуші ролін атқаруда, ол «Солтүстік-тегі»халықтардың көп молшерде табиғи ресурстарды қолдануы бір жағынан «Оңтүстік» халықтарының жиі қоныстанған өлкелерін тіршілікпен қамтамасыз ету роін атқарып отырды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.12.34.148 (0.005 с.)