Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Экология пәні, оның негізгі мақсаты
Экология пәні- Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) және «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді.
Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды
Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол еңбектерінде жануарлар мен есімдіктер эволюциясының ең маңызды себебінің бірі ретінде ең алғаш сыртқы факторлардың рөлін бөліп керсетті.
Өсімдік және жануарлар ағзаларының өзара бірлестіктерін, коршаған тіршілік ортасын экологтар зерттейді. Нақтылы географиялық таралу аймағы (ареалы) ағзаларды зерттейтін жаңа ғылым - биогеографияны жасаушы, неміс ғалымы және жиһанкез А. Гумбольдт (1769-1859) экологияның дамуына үлкен үлес қосты. Экологиялық идеяны одан өрі қабылдауға ғылыми бірлестікті дайындауда Ч.Дарвиннің еңбектері, ең әуелі эволюцияның қозғаушы күші ретіндегі табиғи сұрыпталу теориясы көрнекті орын алды. Дарвин микроэволюция қозғаушысы болып табылатын табиғи сұрыпталуға қоршаған орта факторының шешуші рөлін ең алғаш көрсетті. Орыс биологы К. Ф. Рулье XIX ғасырдың ортасында қоршаған ортамен жануарлардың өзара арақатынасына арналған зоологияға бағыт беруді дәлелдеді. Экологияның дербес ғылым болып дамуы тек XX ғасырда басталды.
2.Экологияның қазіргі құрылымына түсініктеме беріңіз:
|