Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азіргі кезеңдегі экологиялық негізгі дамыту бағыттарын көрсетіңіз.

Поиск

Қазіргі замандағы экология құрылысын анықтау ұйымдық деңгейінің концепциясынан, яғни өзіндік «биологиялық ортаның» құрайтын жүйе негізінде жүзеге асады.

Қауымдастық, популяция, организм, ағза, жасуша және ген тіршілік қауымдастығының негізгі деңгейі. Иерархиялық ретте орналасқан кіші жүйеден ірі жүйеге қарай әрбір деңгейде немесе сатыда сыртқы физикалық орталық әсері нәтижесінде функциональды жүйе туындайды. Жүйе астында реттелген қарым қатынасты түсінуге болады. Экология негізінде организм үстілік қауымдастықтың деңгейлік популяциялық, экологиялық зерттейді. Ең ірі және «өзіндік қамтамасыз ету» идеясына жақынырақ биологиялық жүйе биосфера болып табылады. Оның құрамына қоршаған физикалық ортамен әсерлесіп, осы жүйені тұрақты теңдікте сақтау үшін, энергия ағымын күннен алатын барлық тірі организмдер кіреді. Иерархиялық әсерлесу экологиялық жағдайларды зерттеуге мүмкіндік береді. Осы негізінде экологияға ғылым ретінде, оның құрылғыларына және міндеттеріне анықтама беруге болады. Экология барлық тірі организмдердің өзара қарым қатынасын және қоршаған ортамен әсерін зерттейтін ғылым. Қазіргі заманғы экология организмдердегі өзара қарым қатынасын сонымен бірге адамның қоршаған ортамен әсерлесуін масштабын және шектеу деңгейін анықтау, кері әсерлерді түбегейлі нейтрализациялауды зерттейтін ғылым.

Стратегиялық жоспарда бұл экологиялық кризисті адамзаттың шығуы және тіршілік үшін күресті зерттейді. Қазіргі заманғы экология құрамына жалпы экология (биоэкология), әлеуметтік экология, адам экологиясы, қолданбалы экология кіреді. Жалпы экология организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын жалпы заңдылықтарын зерттейді. Оның құрамына бір бірімен байланысты бірнеше бөлімдер кіреді: орта факторлары жайлы ілім және олардың организмге әсерінің заңдылықтары (факториальды экология) организмдер экологиясы немесе аутэкология, популяциялық экология, немесе демэкология, экожүйе туралы ілім немесе биогеоценология, биосфера жайлы ілім немесе глобальді экология. Экологияны зерттеу құрылғысы биологиялық макросистемалар (популяция, биоценоз) және олардың кеңістіктегі динамикасы. Жалпы экологияның зерттеудегі міндеттері әртүрлі табиғи экожүйелердің және биосфералардың бірге функционалдану заңдылықтарын ашу, табиғи ортаның сақталуында, құрылуында, тұрақтануында тірі организм қызметі табиғи жүйелердің тұрақтылығын сақтау болып табылады. Әлеуметтік экология және адам экологиясы бір бірімен тығыз байланысты, мақсат міндеттері де бірдей, өйткені адам және қоғам ажырамас жүйе. Әлеуметтік экология адамзаттың ұйым достықпен қоршаған географиялық кеңістік, әлеуметтік және мәдени ортамен қарым қатынасын, сонымен бірге, өндірістік ортаның қоршаған ортаға тікелей немесе жанама әсерін, антропогендік ландшафтардың адам денсаулығына және адамның популяциялық генофонды экологиялық әсерін зерттеді. Адам экологиясы биологияның түр ретінде адам эволюциясының ерекшеліктері, биосфераның процесстерде, оның спецификалық ролі, зерттеуі, әлеуметтік экология сияқты адам экологиясының негізгі міндеті, адамзаттың қоршаған ортамен қарым қатынасының оптимизациялық пайдасын іздеу, национальды табиғатты пайдаланудың теориялық негізін өңдеу. Қолданбалы экология табиғатты пайдаланудың басты сұрақтарына жауап береді, ортаға түсетін жүктемені анықтайды, табиғи жүйелерді басқару әдістерін жасайды, және «экологизация» әдістерін құрайды.

Сонымен жалпы экология табиғи жүйе экологиясы және табиғи орта жайлы ілім, ол әлеуметтік экология, адам экологиясы және қолданбалы экология адаммен өзгертілген табиғи жүйелер экологиясы және жасанды жүйелер ароценоздар, қалалар және өндірістік комплекстер. Қолданбалы экология құрамына мынадай бөлімдер өндірістік, технологиялық, ауыл шаруашылықтың т.б. кіреді. Әлеуметтік экология, адам экологиясы және қолданбалы экологияның теориялық базасы жалпы экологиялық заңдар жүйесі болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.48.186 (0.006 с.)