Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Түркістан сілеусіні — Туркестанская рысь

Поиск

Сабаншы — Манул

3-категория. Каспийден Алтайға дейінгі шөлді аласа тауларда кең тараған, бірақ сирек кездесетін түр. Себептері: қар көп түскен жылдары азық қорының азаюы, қасақылық, қойшылардың иттерінің талап өлтіруі, адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың таралу аймағының тарылуы. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастыру керек.

Қарақал — Карака

1-категория. Үстіртте тараған, ертеде Қызылқұмда да мекендеген. Санының аздылығы сонша, түр жойылып кету жағдайында. Себептері – басқада мысықтарға әсер ететін факторлар. Үстірт қорығының территориясына қазіргі кезде қарақал кездесетін жерлерді қосып кеңейту керек. Үстірттің басқа жерлерінде де арнайы зоологиялық қорықшалар ашуды қолға алған да жөн.

Түркістан сілеусіні — Туркестанская рысь

3-категория. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі. Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда мекендейді. Саны онша көп емес. Оның төмендеуінің негізгі себептері – қасақылық және азық қорының аз болуы. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, бар қорықшаларда сілеусінді қорғауды күшейту керек.

Барыс — Снежный барс

1-категория. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері – Қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы. Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарда оны қорғауды күшейту керек.

Түрікмен құланы — Туркменский кулан

1-категория. Құланның бұл түршесі Үстіртте мекендеген, ал XX ғасырдаң 30-жылдары ол жерден жойылып кетті. Қазақстанның басқа шөлді аудандарында басқа түршесі – қазақстан құланы мекендеген, бірақ ол 30-жылдары біржола жойылды. 1953 жылы Түркменстаннан Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына әкелінген құландар көбейіп, 1982 жылдан бастап Іле аңғарына, Бетпақдала мен Шығыс Каспий өңіріне жіберілді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.28.112 (0.01 с.)