Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

оршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластануы.

Поиск

Басылымдары

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

  • балықтың 4,
  • қосмекенділердің 1,
  • бауырымен жорғалаушылардың 8,
  • құстардың 43,
  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

  • балықтардың 16,
  • қосмекенділердің 3,
  • бауырымен жорғалаушылардың 10,
  • құстардың 58,
  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
  • жәндіктердің 96,
  • шаянтәрізділердің 1,
  • ұлулардың 6,
  • құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
  • жабықтұқымдылардың 288,
  • ашықтұқымдылардың 2,
  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,
  • мүктердің 3,
  • саңырауқұлақтардың 10,
  • қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді

 

 

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы — Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітап — қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы (ареал) қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлерді бірнеше категорияларға бөледі:

Ø жойылу қаупі тоніп түрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралары қажет),

Ø кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан),

Ø сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар турады мәліметтер аз).

Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлаған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанның қызыл кітабы. Өркениеттің дамуы Жердің табиғат байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау және табиғат ресурстарының Одағының (ХТҚО) құрылуына әкелді.. Бұл Одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында Жер бетінен сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі жойыльш кетке ХТҚО-ның ұсынысымен Қызыл кітап ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген түр территориясында мекендейтін әрбір мемлекет адамзат алдында оны сақтап қалуға жауапты.

Қызыл кітаптың бірігіп томы 1963 жылы шығарылды. 1972 жылы оның бес томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі, қүстардың 287, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердін тізімдері кірді.

1972 жылдан бастан жаңа категория — қалпына келтірілген түрлер енгізілді. Мұндай мәліметтер жасыл бетте басылды. 70-жылдардан бастап ұлттық қызыл кітаптар шығарыда бастады.

Қазақ ССР-нің Қызыл кітабының бірінші томы І978 жылы жарық көрді, Оған республика территориясында мекендейтін сирек және жойылып бара жатқан жануарлар кірді. 1981 жылы өсімдіктер туралы екінші томы жарық көрді. Бірінші томға сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 тұрі, қос мекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқып жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барсы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т.б.).

Құстардан қызғылт және бұйра бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ — аққу, дуадақ, кырандарды атауға болады. Мензбир суыры тек Батыс Тянь-Шаньның эндемигі болып табылады. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында ғана кездеседі

Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жор-ғалаушылардан кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және ең сирек кездесетіні — сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.

Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі — жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.

Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликттер мұражайы десе де болады. Мұнда Қызыл кітапқа енген 40 тұр өседі. Мысалы, үшқұлақты астрагал, Батыс Тянь-Шаннің сирек эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т.б.

Қазіргі кезде Қызылқұм мен Сырдария жағалауларында өсетін дерменеге жойылу қаупі төніп тұр. Көптеген жылдар бойы бүл өсімдік дәрілік шикізат ретінде пайдаланылып келді.

Сирек өсімдіктердің барлығын атап шығу мүмкін емес. Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.

Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алынады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минималды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі), онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.

Тек мемлекеттің қолдауымен, ғалымдар мен көпшілікхалықтың бірлескен қызметі нәтижесінде гана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс-әрекетін бір арнаға бағыттауы керек.

 

 

Қоршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластнуы.Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының қажетгілігін қанағаттандыру үшін көптеген өнім түрлерін шығарады және олар - химия, мұнай химиясы, агрохимия, микробиология салалары бойынша жалпылама бөлінеді. Өнім түрлерінің әрқилылығы, қолданатын технология мен шикізат түрінің әркелкілігі, атмосфералық ауаның, су бассейндері мен топырақтың ластануына тікелей себепті. Өндірістің сарқынды сулары мен қатты, газ күйіндегі қалдықтары - орасан зор көлемімен, жоғары токсикалығымен ерекшеленеді. Тіптен, кейбір елді мекен үшін химиялық кәсіпорындар комплексінің әсері доминатты түрде болады.

Қазақстандағы химия және металлургия салалары бойынша негізгі ірі кәсіпорындар - Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады. Аэрокосмостық мәліметтер бойынша, аталған кәсіпорындардың әсер ету аймағы, ластану көзінен 60 км қашықтыққа дейін созылуы байқалады және қалалардың көпшілігінде ауыр металдардың мөлшері, зияны жоқ жоғары концентрация (ЗЖЖК) деңгейінен бірнеше есе асып түседі.

Соңғы кездері, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттар мөлшері біршама азайды; ол негізінен, өндіріс қарқынының төмендеуіне және аздап болса да табиғат қорғау шараларын жүргізуге байланысты.

Химия-металлургия өнеркәсібінің, атмосфераға негізгі зиянды заттарды шығаратын кәсіпорындары қатарына қышқылдар өндірісі (күкірт, азот, тұз, фосфор т.б.), резинотехникалық бұйымдар, фосфор, пластикалық массалар, синтетикалық каучук, минералды тыңайтқыштар, еріткіштер (ацетон, толуол, фенол, бензол), мұнай крекингі, бояғыш және жуғыш заттар өндірісі, глинозем, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш өндірісі мен байыту фабрикалары кіреді.

Тасталынатын зиянды қалдықтардың ішінде, химия-металлургиялық заводтардан басқа, азот оксиді мен күкірт Диоксиді, көміртек оксиді агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі -микробиология өнеркәсібінің, күкіртсутек,күкірткөміртек -химиялық талшықтар, аммиак — агрохимия, олефиндер -синтетикалық каучук, бензин - шина өнеркөсіптерінің үлесіне тиесілі. Түсті металлургия кәсіпорындарының сульфиді кен мен концентраттардыпирометаллургиялық жолмен өңдеуіне байланысты, құрамында күкірті бар газдардың орасан зор мөлшері түзіледі. Газдар мен шаң-тозаңдарды тазалау дәрежесінің төмендігіне байланысты, аталган зиянды затгар қоршаған ортаныластауын жалғастыруда. Күйдіру, жағу, кептіру пештерінен, агрегаттардан, конверторлардан, қоймалардан, майдалағыш-үгеткіш қондырғылардан, агломерациялық машиналардан бөлінген улы газдар интенсивтілігі жөнінен де,көптүрлілігі жөнінен де алдыңғы қатарда тұр. Кәсіпорындардың сарқынды, шайынды сулары минералды заттармен, флотореагенттермен (цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері т.б.), ауыр металдардың тұздарымен (қорғасын, мыс,мырыш т.б.), сульфаттармен, хлоридтермен, мышьякпен, фтормен, сынаппен, т.б. қаныққан.

Мәселен, шойын мен болат өндірісінде, 1 т. шойын өндіру барысында 4,5 кг тозаң, 2,7 кг ЗО2, 0,1-0,5 кг Мп және мышьяк, сурьма, фосфор, сынап, сирек жер металдар (редкоземельные металлы) бөлінеді. Мартен әдісімен, шойыннан 1 т. болатты алу кезінде - 3000-4000 м3 газ (тозаң концентрациясы 0,5 г/м3), 60 кг СО және 3 кг 8О3 ауаға қосылады.

Газ, шаң-тозаң күйіндегі ластаушы заттар, негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттарда, ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты, мөлшері 4-10 мкм аралығында ұсақ бөлшектер жан-жаққа тарай бастайды да, ірілері 300-500 метрге кетеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта жерге түседі. Мысалы, Лондонда 1 км2 жерге, жылына 390 тонна, Нью-Йоркте 300, Париж бен Чикагода - 260, Алматыда - 125 тонна шаң-тозаң түседі.

Түсті металлургия өнеркәсібінде, мұнай өндіру және өңдеу салаларында, бейорганикалық, органикалық заттар синтезі және т.б. өндіріс салаларында, атмосфераға қосылатын ластаушы заттар табиғатының алуан түрлілігі(Кузнецов Е.И. және Троицкий Т.М. мәліметтері бойынша 1979 ж.) келтірілген.

Сонымен қатар, күрделі химиялық қосылыстар -пестицидтердің, детергенттердің, минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсері зиянды және қауіптілігі жоғары. Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалықзаттар қосындысынан тұратын ДЦТ, диэлдрин, элдрин,

полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар, ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан, топырақта , суда көп мөлшерде жинақталады. Жыл сайын жер бетінде 100 мың тонна ДДТ өндірілетінін, адам аяғы барақоймаған Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДЦТ табылғанын ескерсек, жер жүзіне пестицидтердің калай кең тарағанын түсінуге болады. Американ әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600 мың гектар жердегі ағаштардыпестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін, ал Орта Азия мен Қазақстанда, осы пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды - мақта, күріш, бидай алқаптарында көп қолдану салдарынан кісі өлімі, жас сәбилердің түрлі дерткеұшырауы, жарымжан балалардың дүниеге келуі көбейгенін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ.

12.Қоршаған ортаның биологиялық ластануына сипаттама беріңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.231.182 (0.007 с.)