Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Атмосфераның экологиялық мәселелерін түсіндіріңіз.

Поиск

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады. I-ден, сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы таралатындар деп атайды. Оларға: тұмау, қызылша,шешек т.б. II-ден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына түсуі . Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға тырысқақ, іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әр-түрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы - тазалық. III-ден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек т.б. IV-ден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД аурулары жатады. Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын құрттары, балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б. Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ секілді аурулардың таралуына себепші болады. СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың организмінде тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын тек қана адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек . Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады. Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.

Жер бетінің газ күйіндегі қабаты- атмосфера деп аталынады. Оның массасы 5.9·1015 тоннаға тең.

Атмосфера - мезосфера мен тропосфера қабаттарынан тұрады. Әрбір қабатта, ауа мөлшері мен температурасы әр түрлі болады.

Жер бетіне ең жақын атмосфера қабаты - тропосфераның қалыңдығы 10-12км (орта еңдіктерде теңіз деңгейінен есептегенде), ал полюсте 7-10, экваторда 16-18 км шамасын құрайды. Тропосфераға атмосфера массасының 4/5 бөлігі келеді. Тропосферада биіктік бойынша әрбір 100 м сайын температура 0,6 0С-қа өзгеріп, оның мәні +40 0С-тан –50 0С аралығында орналасқан.

Тропосфераның жоғарғы бөлігі стратосферамен  алмасады. Оларды жалғастырушы тропопауза болып табылады. Әр түрлі ендік аймақтарында, екі не үш тропопауза қабаттары кездеседі.

Стратосфераның қалыңдығы 40км-ге жуық. Бұл қабатта ауа сирек және ылғалдылық төмен. Тропосферамен жанасқан шекаралықтан 30 км биіктікке дейін ауа температурасы тұрақты, яғни -500С шамасында. Ал онан соң температура көтеріле бастайды да, 50км биіктікке ол 100С-қа жетеді. Стратосферада күн сәулесінің ультракүлгін және космос сәулелерінің қысқа толқынды бөліктері арқылы ауа молекулалары ионданады және озон түзіледі. Озон қабаты 25-40км-дей биіктікке орналасқан. Мезосфера мен стратосфера аралығы стратопаузамен бөлінген.

Мезосферадан жоғары термосфера  (ионосфера) орналасқан. Олар мезопауза арқылы өзара жалғасып жатады.

Термосфера қабаты биіктеген сайын оның температурасы жоғарылай береді. 150км биіктікте температура мәні 200-2400С, 200км-де 5000С, ал 500-600км биіктікте 15000С-тан артық. Термосфера қабатында газдардың сиректігі соншалықты, олардың молекулалары өте үлкен жылдамдықпен қозғалып өзара қақтығыспайды.

Күн сәулесінің радиациясы нәтижесінде 70-80км биіктікте ауа құрамындағы газдар ионданады, яғни оң зарядты (N+,H+,O+,O+2және т.б.) және теріс зарядты (N-, O-, O2-, CO3-, NO-2, NO3-) иондар түзіледі. Бұл иондар өзара төмендегідей қосылыстар түзеді: NO+·N2;NO+·CO2 ; NO+·H2 ; O2+· (H2O).

Жер бетінен ең қашық жерде экзосфера орналасқан (қашықтығы 800-ден 1600 км-ге дейін). Экзосферада,атмосферада кездесетін газдарды ұшыратуға болады. Олардың атомдары әлем кеңістігіне таралып жатады. Бүл газдар қатарына, негізінен сутегі мен гелийді жатқызуға болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.79.169 (0.005 с.)