Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Адамның қырып-жою әрекетінің әсері

Поиск

Адамның қырып-жою әрекетінің әсері

Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіпсуармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:

  • ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;
  • қаскерлік;
  • жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);
  • Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);
  • электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);
  • тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);
  • тіршілік орындарының бүлінуі;
  • тың даланы жырту;
  • ірі қараны қайталап жаю.

Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті. Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады. Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызыл кітапқа тіркелді.

Алғашқы қадамдар

Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.26.8 (0.007 с.)