Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлері.

Поиск

21.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлері.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).

Өсімдіктердің Атаулары

Өсімдіктердің ғылыми атаулары

Тұқымдасы

Қалқан асаймұса

Abelia corymbosa

Ұшқаттар тұқымдасы

Кәдімгі өрік

Armeniaca vulgaris

Раушангүлдер тұқымдасы

Шолпаншаш сүмбілі

Adiantum capillus-veneris

Сүмбілдер тұқымдасы

Көктем жанаргүлі

Adonis vernalis

Сарғалдақтар тұқымдасы

Линчевский кемпіршөбі

Acantholimon linczevskii

Кермек тұқымдасы

Ірі жапырақты алкор

Mediasia macrophylla

Күрделігүлділер тұқымдасы

Аққаңбақтүсті аллохруза

Allochrusa gypsophiloides

Қалампырлар тұқымдасы

Жұмыр бозтүк

Anaphalis racemifera

Күрделігүлділер тұқымдасы

Корольков шаяноты

Arum korolkowii

Шаяноттар тұқымдасы

Мияжапырақ таспа

Astragalus glycyphyllos

Бұршақ тұқымдасы

Шегіршінжапырақ тасжаңғақ

Aflatunia ulmifolia

Раушангүлдер тұқымдасы

Іле бөріқарақаты

Berberis iliensis

Бөріқарақат тұқымдасы

Ірі гүлді шолпанкебіс

Cypripedium macranthon

Сүйсіндер тұқымдасы

Секпіл шолпанкебіс

Cypripedium gauttatum

Сүйсіндер тұқымдасы

Сары лапыз

Colchicum luteum

Мелантия тұқымдасы

Кессельринг лапызы

Colchicum kesselringii

Мелантия тұқымдасы

Коопман өгейбұтасы

Euonymus koopmannii

Өгейбұталар тұқымдасы

Қызыл қайың

Betula kirghisorum

Қайыңдар тұқымдасы

Талас қайыңы

Betula talassica

Қайыңдар тұқымдасы

Ярмоленко қайыңы

Betula jarmolenkoana

Қайыңдар тұқымдасы

Талас бәрпісі

Aconitum talassicum

Сарғалдақтар тұқымдасы

Қаршыл шүйгіншөп

Valeriana chionophila

Шүйгіншөптер тұқымдасы

Түркістан гүлкекіресі

Centaurea turkestanica

Күрделігүлділер тұқымдасы

Кәдімгі жүзім

Vitis vinifera

Жүзім тұқымдасы

Виталий шөмішгүлі

Aquilegia vitalii

Сарғалдақтар тұқымдасы

Шылым

Trapa natans

Рогульник тұқымдасы

Алтай қасқыржидегі

Daphne altaica

Тимелеялар тұқымдасы

Алтай торсылдағы

Gymnospermium altaicum

Бөріқарақат тұқымдасы

Қабықты жалынгүл

Coronaria coriacea

Қалампырлар тұқымдасы

Попов қазжуасы

Gagea neo-popovii

Лалагүлдер тұқымдасы

Альпі дифазиструмы

Diphasiastrum alpinum

Шоқпарбастар тұқымдасы

Қар дәуаяғы

Macropodium nivale

Айқышгүлдер тұқымдасы

Батпақ жылантамыры

Epipactis palustris

Сүйсіндер тұқымдасы

Кәдімгі емен

Quercus robur

Шамшатыр тұқымдасы

Сарғылт сарыбасшөп

Erysimum croceum

Айқышгүлділер тұқымдасы

Іле үшқаты

Lonicera iliensis

Ұшқаттар тұқымдасы

Қаратау ұшқаты

Lonicera karataviensis

Ұшқаттар тұқымдасы

Қаратау жыланбасы

Dracocephalum karataviense

Ерінгүлділер тұқымдасы

Кауфман ирекжапырағы

Ikonnikowia kaufmanniana

Кермек тұқымдасы

Колпаковский иридодиктиумы

Iridodictyum kolpakowskianum

Құртқашаштар тұқымдасы

Сібір қандығы

Erythronium sibircum

Лалагүлдер тұқымдасы

Крашенников сартүтігі

Cancriniella kraschennikovii

Күрделігүлділер тұқымдасы

Кавказ таутағаны

Celtis caucasica

Таутағандар тұқымдасы

Альберт құртқашашы

Iris alberti

Құртқашаштар тұқымдасы

Бұғы мүгі немесе Ягель

Cladina rangiferina

Кладина тұқымдасы

Қауырсынды қау

Stipa pennata

Астық тұқымдасы

Сарғыш сарана

Hemerocallis lilo-asphodelus

Лалагүлдер тұқымдасы

Ақ тұңғиық

Nymphaea alba

Тұңғиықтар тұқымдасы

Іріжапырақ көбенқұйрық

Cousinia grandifolia

Күрделігүлділер тұқымдасы

Мыңжылқы көбенқұйрығы

Cousina mindschelkensis

Күрделігүлділер тұқымдасы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.198.231 (0.005 с.)