Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Табиғи ресурстар және оларға сипаттама беріңіз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі – олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды. Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы: ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір ресурс болып табылады. Ресурстардың жіктелуі.Табиғат ресустарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстарының сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстарынан жасалатын обьектілердің саны сонша көп, оларды есептеу өте қиын. Мысалы, бір бесжылдықтың өзінде 20 мыңнан аса өнеркәсіп өнімінің жаңа түрлері шығарылады. Ал табиғаттың өзі жасаған ресурстардың түрі онша мол емес. Олар – жер, су, орман, атмосфералық ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, күн көзі энергиясы, пайдалы қазбалар, жел энергиясы, теңіз ағыстары. Баға жетпес табиғат байлықтары қатарына атмосфералық ауа, ауыз су, нұрлы күн көзі энергиясы жатады. Табиғат байлықтарын нақтылы табиғат ресурстары және потенциалдық табиғат ресурстары деп екі топқа бөледі. Нақтылы табиғат ресурстары– өндіргіш күштер мен өндіріс қатынасының белгілі бір кезеңінде адамдар кәдесіне жарап жүрген ресурстар. Бұларға пайдаланылып жүрген құнарлы жерлер, әр түрлі өсімдіктер, судан ауланатын балық, жерден қазылып алынатын мұнай, таскөмір, газ сонымен қатар электр энергиясы т.б. жатады. Қоғамның алғашқы даму сатысында адам баласының жерді, шөптің тамырын пайдаланғаны белгілі. Кейіннен, техникамен қаруланғаннан кейін аңды, құсты, балықты ағашты пайдалана бастады, бұдан кейінірек көмірді, газды, ал соңғы жылдары атом энергиясын пайдалануға көшті. Осы табиғат ресурстарын адам баласы өздерінің нақтылы қажеттерін өтеу үшін пайдаланады. Потенциалды табиғат ресурстары –қатарына әзірше әр түрлі себептермен пайдаланылмай жатқан ресурстар жатады. Оны пайдаланбаудың негізгі себебі, техниканың өз дәрежесінде дамымауы, бұл ресурстарды пайдалануға нақтылы жағдайдың жоқтығы, бірақ олардың болашағы зор. Бұған күн көзі, жел энергиясы, теңіз ағыстары, жел, айдың ресурстары т.б. жатады. Республикамыздың экономикалық қазіргі даму кезеңінде нақтылы және потенциалды ресурстарды пайдаланудың арасындағы арақатынасты дүрыс сақтай білудің маңызы өте үлкен. Себебі, табиғат ресурстары көп деп, оны ысыраппен пайдалана беру оның қорының күрт азаюына әкеліп соқтырады. Бүған мысал ретінде мұнай, газ, су, жер ресурстарының қазіргі пайдалану жағдайын айтуға болады. Мысалы, Қарашығанақ, Теңіз мұнай-газ конденсаттарының ресурсын пайдалануда бұл жағдай ескерілуі керек. Егер бұл ресурстарды тиімді, оның қорына зиян келтірмей пайдалансақ, ол бірнеше ондаған жылдарға жетеді. Ал, бұлардың жеңіл өндірілетін бөлігін тезірек игеріп, қалғандарын ысыраппен пайдалансақ, бірнеше жылда оның қорының сарқылатыны, аталған мұнай-газ кәсіпорындары маңызын жоятыны сөзсіз. Осыған байланысты табиғат ресурстарының қоры сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.188.108 (0.008 с.) |