Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ю. Либихтың «Минимум заңына» түсінік беріңіз.

Поиск

Ю.Либихтың «Минимум заңы» - негізгі заң: кез-келген организм үшін белгілі бір фактор шешуші рөл атқарады, сол фактордың ең төменгі шегі оның жойылуына, өліміне әкеледі.

Ортаның кез-келген факторы папуляция санының өсуін шектейді. Егер белгілі бір жағдайда фактор популяция санына әсер етсе, оны реттеуші деп атайды. Реттеуші факторлар – ресурстар (жануарлардың қорегінің мөлшері, өсімдік топырағындағы минералды тұздардың құрамы) және жағдайлар (температура, ылғал) бола алады. Реттеуші биотикалық факторлар да бола алады. Мысалы, популяцияға жыртқыштардың немесе паразиттердің әсері.

Реттеуші факторларды анықтау көптеген зерттеушілердің негізгі мақсаты. Қандай фактор популяцияға күштірек әсер етеді және оның санын немесе биомассасын, тіршілік ету қабілеттілігін анықтайды. Қалыпты көрсеткіштен ауытқитын бұл фактор белгілі бір шекке жақындайды немесе бұл шектен шығады. Популяцияға қатты әсер ететін бұл фактор шектеуші немесе лимитті деп аталады.

Лимитті факторлар түсінігін 1840 жылы химик Ю.Либих (1803-1873) енгізді. Топырақтағы әр түрлі химиялық зат мөлшерінің өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсерін зерттей келе, ол келесі принципті мазмұндаған: «Түсім – минималды мөлшерде кездесетін затпен басқарылады және сол зат түсімінің көлемі мен уақыт бойындағы тұрақтылығын анықтайды». Басқаша атпен бұл принцип шектеуші фактор заңы немесе минимум заңы деп аталады. Қазіргі кезде Ю.Либихтің бұл заңы анағұрлым кең мағынаға ие болып мынадай анықтама берілген: «Факторлар жиынтығының ішінде қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның ықпалы күштірек болады». Мысалы, топырақтағы азот пен фосфордың мөлшері өсімдіктерге жеткілікті болса да темірдің, бордың немесе калийдің жеткіліксіздігін толтыра алмайды. Егерде осы элементтердің ең болмаса біреуі ғана қажетті мөлшерден топырақта аз болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі немесе патологиялық ауытқуларға ұшырайды.

Минимум заңы тек өсімдіктерге ғана қатысты емес тірі организмдердің бәріне қатысты, олардың ішіне адамдар да кіреді. Адам өз организміне жетіспейтін элементтерді минералды суларды немесе витаминдерді пайдалану арқылы толтырады.

Кейбір ғылыми еңбектерде ізденушілер минимум заңын келесі қағидамен толықтырғылары келеді, яғни организмге жетпейтін затты белгілі бір дәрежеде басқамен ауыстыруға болатынына немесе бір фактордың жеткіліксіздігін функционалдық немесе физикалық түрде ұқсас басқамен толтыруға болады. Бірақ-та қандай болса да бұндай мүмкіншіліктер өте шектеулі келеді. Мысалы, емшектегі балалар үшін ана сүтін жасанды қоспалармен айырбастауға болатыны белгілі, бірақ та өмірге келген бірінші күндері қолдан жасанды тамақ ішкен балалар, әдетте, диатезбен, тыныс жолдарының қабынуымен ауырады, тағы басқа аурулар түріне жиі шалдығады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 14; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.55.210 (0.005 с.)