Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Learn and remember the new phrases.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
шектелу- ограничиваться- limited мейлінше- чересчур-too,excessively сыздап ауру- ноющая боль- achingpain ескеру-учитывать, учесть- take into account, to consider көрсетілім-показания-indication сауықтыруіс-шаралары-оздоровительныемероприятия-recreational activities өзек-проток; канал; ствол- channel; the barrel шөгінді- осадок, отложение- sediment, dreg тіреу-опора- support, reliance, bearing кемістік-дефект,недостаток- defect, fault желіну- постепенно уменьшаться, сокращаться, изнашиваться- shink, contract тісқапталы-боковая часть,бок- sidepart саңылау-щель, зазор- slot сылақ-штукатурка- plaster
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №24 Тақырыбы: Тіс протезі немесе жасанды тістер Сөйлем мүшелері.
2016 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2016 ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина
1. Тақырыбы: Тіс протезі немесе жасанды тістер Сөйлем мүшелері.
2. Мақсаты: - Тіс протезі немесе жасанды тістер туралы мағлұмат беру; - Тіс протезі немесе жасанды тістер туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; - Тіс протезі немесе жасанды тістер туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; - Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; - Сөйлем мүшелері туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту; - Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру; 3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; 2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу; 3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту; 4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру. 4. Негізгі ұғымдар: а) лексикалық материал бойынша 1. Тіс протезі немесе жасанды тістер туралы. 2. Тіс протезі немесе жасанды тістер туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.
ә) грамматикалық материал бойынша Есімдік туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары: А) Ұйымдастыру. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату. - Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс. - Жаңа сабақты қорыту В) Студенттердің білімін бағалау 6. Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату. 8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,тірек-қимыл жүйесінің суретін, етістік шақтарының кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
9. Тапсырмалар: А) Мәтін бойынша жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыздар. Читайте и запомните новые слова по тексту. Learn and remember the new phrases form the text.
өзек- проток; канал; ствол- channel; thebarrel қорытпа-сплав-alloy тесік-отверстие, дырка,щель-opening,hole икемді-удобный, ловкий-comfortable шыдамды-терпеливый, прочный, крепкий-patient төзімді-устойчивый, прочный, выносливый-steady Ә) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз немесе аудармасын көрсетіңіз. Тіс кемістігі, қалпына келтіру мақсатында, бірлескен шығармашылық, еңбектің нәтижесі, алтын қорытпалары, болат қорытпалары, адамның сыртқы келбетін бұзбау, белгілі бір талаптарға жауап беру, шайнау қысымынан, түйме тәрізді, тазалауға икемді, қолданыстан толық шығармау. Б) Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз.
Ғылым мен техника дамыған бүгінгі таңда тіске протез салу стоматология ғылымының үлкен бір саласына айналды. Тіске протез салу – біліктілікті де, білімділікті де және шеберлікті де талап ететін іс. Бұл – тіс технигі мен дәрігер-ортопедтің бірлескен шығармашылық еңбегінің нәтижесі деуге болады. Протездер жасау үшін әр түрлі материалдар пайдаланылып келген. Ежелгі Шығыс пен Вавилон, Үнді мен Қытай және Египет елдерінде біздің дәуірімізге дейінгі көптеген ғасыр бұрын тісті емдегені, тіс протездерін салғаны мәлім. Осыдан екі ғасырдай бұрын протез үшін піл мен өгіз сүйектері, маймыл мен адам тістері пайдаланылған болса, қазіргі күнде алтын, болат қорытпалары, пластмассалар, керамикалық материалдар кеңінен қолданылады. Тіс протезінің де түр-түрі болады. Тістің кемістігін кетіруге пломбадан басқа жасанды тістер пайдаланылады. Тіс қатарының кемістігін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын жасанды тістер белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Олар тітіркендірмейтін немесе зиянды әсері жоқ материалдан жасалуы тиіс. Бұл – қойылатын жалпы клиникалық талаптар. Сонымен қатар шайнау қызметінің кемшілігін қандай да бір дәрежеде толықтыру үшін және адамның сыртқы келбетін бұзбауы үшін жасанды тіс әдемі және анатомиялық пішіні дұрыс болуы тиіс. Сондай-ақ, тістер шайнау қысымына төзімді болу керек, яғни нәзік болмауы және желінбеуі қажет. Тістер дайындалатын материалдар қолайлы және арзан болуы тиіс. Бұл протез жасауға қойылатын арнайы талаптар болып табылады. Қазіргі заманғы протездеуде қолданылатын барлық жасанды тістер дайындалатын материалдар түріне, протез базисіне бекіту әдісіне және тістер қатарының орналасу орнына байланысты бөлінеді. Жасанды тістерді фарфордан, пластмассадан және металдан (тотықпайтын болат, платина, алтын) дайындайды. Протездегі орналасу орнына сәйкес жасанды тістер алдыңғы немесе фронтальды (күрек тістер, сүйір тістер) және бүйір немесе шайнау (кіші және үлкен азу) тістері болып жіктеледі. Фарфорлы тістер фабрикалық әдіспен дайындалады. Олар крампонды және диаториялық болуы мүмкін. Крампондар алдыңғы тістер үшін қолданылады. Бірақ үлкен азу тістерде де болуы мүмкін. Крампондар металдан (алтын, платина, болат) жасалады, цилиндр немесе түйме тәрізді аяқталатын өзектері болады, солар арқылы протез базисіне бекітіледі. Түбір тістердің диаториялық тесіктері болады, оған пластмасса кіргізіледі. Тістер осылай базисте бекітіледі. Соңғы кездері фарфорлы тістермен қатар пластмассалы тістер де кеңінен қолданыла бастады. Фарфор сияқты олардың түстері де, пішіндері де әр түрлі және көлемді болады. Пластмассалы тістер механикалық тазалауға икемді және протез базисінің химиялық табиғатымен бірдей болғандықтан олар берік байланысады. Сондықтан олар крампонсыз және ішкі тесіксіз дайындалады. Пластмассалы тістердің кемшілігіне оның аса желінгіштігі жатады. Фарфорлы тістер желінуге анағұрлым шыдамды болып келеді. Сондықтан фарфорлы тістерді қолданыстан толық шығаруға болмайды. В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ø Тіс қатарының кемістігін қалпына келтіруде қолданылатын жасанды тістер қандай материалдан жасалуы тиіс? Ø Клиникадан басқа адамның сыртқы келбетін бұзбауы үшін жасанды тіс қандай болуы тиіс? Ø Нелер қолайлы және арзан болуы тиіс? Ø Жасанды тістерді неден дайындайды? Ø Протездегі орналасу орнына сәйкес жасанды тістер қалай бөлінеді? Ø Фарфорлы тістер қандай әдіспен дайындалады? Ø Крампондар қай тістер үшін қолданылады? Ø Түбір тістердің диаториялық тесіктеріне не кіргізіледі? Ø Пластмассалы тістердің кемшілігіне не жатады? Ø Фарфорлы тістердің қандай қасиеті бар? Г) Сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы. Answer the questions. 1) What the biggest trend in dentistry today? 2) What neсessary to make prosthesis for teeth? 3) Who invented the imposition of the prothesis 4) What are the other methods that used to remove defects? Ғ) Сол бағандағы етістіктер мен оң жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз. Талап ету (нені?) тіс кемістігін Қалпына келтіру (нені? протез базисіне Жасалуы тиіс (неден?) зиянсыз заттардан Желінбеуі керек (қалай?) қолданыстан Ажыратып алу (немен?) білімділікті Шығаруға болмайды (неден?) тез Бекітілу (қайда? қысқыштармен
10. Бақылау жұмысы Когнетивті компетенция бойынша
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Предложение состоит из слов, каждое из которых выполняет определенную синтаксическую функцию в предложении. Все значимые слова являются членами предложения. В казахском и русском языках сөйлем мүшелері (члены предложения) делятся на 5 видов: бастауыш – подлежащее, баяндауыш – сказуемое, толықтауыш – дополнение, пысықтауыш – обстоятельство, анықтауыш – определение. Тұрлаулы мүшелер (главные члены предложения) – бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое). Бастауыш (подлежащее) обозначает, о ком или о чем говорится в предложении. Подлежащее отвечает на вопрос кім? кімдер? (кто?) не? нелер? (что?). Мысалы: Көктем (не?) келді. Айдар (кім?) оқыды. Бастауыш – главный член предложения, который чаще всего выражается именем существительным или местоимением, причастием, числительным в именительном падеже. Мысалы: Дәрігер айтты (Врач сказал). Төрт екіге бөлінеді (Четыре делится на два). Баяндауыш (сказуемое) обозначает, что говорится о подлежащем. Сказуемое отвечает на вопрос не істеді? не қылды? қайтті? (Что делал? Что сделал?), а также может быть выражено различными частями речи. Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?). Жел күшейді (қайтты?). Ол он сегізде (қаншада?). Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения) делятся по своим значениям на толықтауыш (дополнение), анықтауыш (определение) и пысықтауыш (обстоятельство). Дополнением (толықтауыш) называется второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы косвенных падежей. В казахском языке различаются: тура толықтауыш (прямое дополнение) и жанама толықтауыш (косвенное дополнение). Тура толықтауыш (прямое дополнение) выражается табыс септік (винительным падежом). Тура толықтауыш (прямое дополнение) относятся к переходным глаголам и обозначает предмет, на который направлено действие. Прямой объект выражается аффиксальной и нулевой формой табыс септік (винительный падеж). Мысалы: Бала дәрі (нені?) ішті. Анаңды (кімді?) тыңда. Жанама толықтауыш (косвенное дополнение) обозначает различные отношения предмета к действию и выражается косвенными падежами, кроме винительного. Отвечает на вопросы кімге? (кому?) неге? (чему?) кімде? (у кого?) неде? (с чего?) кімнен? (от кого?) неден? (от чего?) кіммен? (с кем?) немен? (с чем?). Мысалы: Несепағар қуықпен (немен?) жалғасқан. Тыныс алу жолы мұрын қуысынан (неден?) басталады. Анықтауыш (определение) – второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы қандай? (какой? какое? какая?) қай? (который?) қанша? неше? (сколько?) нешінші? қаншасыншы? (который?) кімнің? (чей? кого?) ненің? (чей? чего?) и выражается прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастиями. Мысалы: Дәрі дәрілік (қандай?) шөптерден жасалады. Бүйректің (ненің?) қызметі күрделі. Анықтауыш, отвечающие на вопрос қай? (который?), указывают на порядок предметов при счете. Мысалы: Ол үшінші (қай?) курста оқиды. Пысықтауыш (обстоятельство) – второстепенный член предложения, относящийся к глаголу, обозначает обстоятельства, при которых совершается данное действие (время, место, цель, причина) и отвечает на вопросы қайда? (где?) қашан? (когда?) неге? (зачем? почему?) не үшін? (для чего?) қалай? (как?). Пысықтауыш может быть выражено существительным, наречием, числительным. Мысалы: Мен дәріске ерте (қашан?) бардым. Өкпе кеуде қуысында (қайда?) орналасады.
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері Д) Сөйлемдерді оқып, жазып алыңыз. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сызып, оларға сұрақ қойыңыз. Үлгі: Ол (кім?) дәрігерге көріну үшін емханаға барды (не істеді?) 1. Науқастың бүйрегі ауырады. 2. Несеп қаннан түзіледі. 3. Зәр шығару мүшелері екі безден тұрады. 4. Қуық жедел және созылмалы түрде қабынады. 5. Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар. 6 Денеге керексіз зиянды заттарды шығаруға белгілі мүшелер қатысады.
Е) Сөйлемдердегі баяндауыштарды қазақ тіліне аударып, сұрақ қойыңыз. 1. Біз жұмысымызды... (выполнили). 2. Бас дәрігер жиналыс... (проводил). 3. Олар студенттермен... (говорили). 4. Дәріс сағат тоғызда... (началась). 5. Біз достарымызбен емтиханға... (готовились). 6. Бүгін қызық дәріс... (слушали). Ж) Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз. 1.Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады. 2. Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені, не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. 3. Жіті пиелонефрит кенеттен басталады. 4. Бүйректе зәр түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.
З) Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыз. 1. 1796 жылы Э.Дженнер ең қауіпті ауру шешекті болдырмаудың... іздеп тапты. 2. Науқас адам ұзақ жыл... емделсе, жүрек ақауынан тез айығып кетеді. 3. Қан ағзаны түрлі зиянды... сақтайды. 4. Полиурия -... 2 литрден көп бөлінуі. 5. Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының... ауыруы. (Керекті сөздер: сыздап, әсерлерден, жолын, несептің, ұқыптылықпен) Кім тез тауып айтар екен? 1. Кімнің? Қанша? деген сұрауға жауап болатын анықтауыш мүшесі бар 5-6 сөйлем жазыңыз. 2. Анықтауыш мүшесі бар 1-2 жұмбақ ойлап айтыңыз.
И) Төмендегі нақыл сөздерді оқып, жазып алыңыз. Толықтауыштың түрлерін анықтаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз. 1. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады. / Ж.Аймауытов/ 2. Денсаулығы мықты кісі ыстыққа да, суыққа да төзе алады. Сол сияқты жаны сау адам ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, қалған басқа сезімдерді де көтере алады. /Эпиктет/ 3.Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет. Й) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
К) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін, мәтінді оқып шығыңыз. Л) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз. Ø Ежелгі Шығыс пен Вавилон, Үнді мен Қытай және Египет елдерінде біздің дәуірімізге _____________ көптеген ғасыр бұрын тісті емдегені, тіс ______________салғаны мәлім. Ø Тістің ________________ кетіруге пломбадан басқа жасанды тістер пайдаланылады. Ø Тістер шайнау ________________ төзімді болу керек, яғни нәзік болмауы және _______________ қажет. Ø Тістер _________________ материалдар қолайлы және ________________ болуы тиіс. Ø Соңғы кездері фарфорлы тістерден басқа ____________________ тістер де кеңінен қолданыла бастады. Ø Тіске протез салу – біліктілікті де, _______________ және шеберлікті де талап ететін іс. Ø Осыдан екі ғасырдай ______________ протез үшін піл мен өгіз ___________________, маймыл мен адам _____________пайдаланылған. М) Басыңқы сөйлемдер берілген, мағынасына қарай бағыныңқы сөйлемді құрастырып, құрмалас сөйлем жасаңыз. А)..., жасанды тістің анатомиялық пішіні дұрыс болуы тиіс. Ә)..., фарфорлы тістермен қатар пластмассалы тістер де кеңінен қолданыла бастады. Б)..., адам сөйлегенде, тамақтанған кезде тісі бөгет жасамауы керек. В)..., менің имплант тіс салғызғым келіп жүр. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №25 Тақырыбы: Көпір тәрізді протездер Салалас құрмалас сөйлем, түрлері.
2016 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2016 ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина
1. Тақырыбы: Көпір тәрізді протездер Салалас құрмалас сөйлем, түрлері.
2. Мақсаты: - Көпір тәрізді протездер туралы мағлұмат беру; - Көпір тәрізді протездер туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; - Көпір тәрізді протездер туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; - Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; - Салалас құрмалас туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту; - Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру; 3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; 2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу; 3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту; 4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру. 4. Негізгі ұғымдар: а) лексикалық материал бойынша 1. Көпір тәрізді протездер туралы. 2. Көпір тәрізді протездер туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.
ә) грамматикалық материал бойынша Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары: А) Ұйымдастыру. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату. - Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс. - Жаңа сабақты қорыту В) Студенттердің білімін бағалау 6. Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату. 8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,тірек-қимыл жүйесінің суретін, етістік шақтарының кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
9. Тапсырмалар: А) Мәтін бойынша жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыздар. Читайте и запомните новые слова по тексту. Learn and remember the new phrases form the text. тотығу – окись - oxide құйма – литье, отливка - mold өрескел – грубо, грубый - rough біріктірілу – быть соединенным - consolidation қосарлану – удваивать - duplication
Ә) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз. Адамның сырт келбетіне ажар беру, табиғилыққа жақындату, дайындау барысында, науқастардың қарсылығын туғызу, табиғи түсінің өзгеруі, ығыстыру. Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз. Көпір тәрізді протездер деген термин құрылымның техникалық ерекшелігін білдіреді, бұл термин ортопедиялық стоматологияда берік орнықты және қазіргі кездері оның орнын басатындай басқа термин жоқ. Кейде көпір тәрізді протездерді алынатын және алынбайтын деп бөледі. Көпір тәрізді протездердің көп жағдайда екі, үш сирек жағдайда бір тірегі болады. Соңғысын кейде консольды деп атайды. Көпір тәрізді протездер үшін қолданылатын материалдарға таза техникалық талаптармен қатар, медициналық талаптар да қойылады. Көпір тәрізді протездерге арналған материалдың ауыз қуысына және жалпы адам ағзасына зиянды немесе тітіркендіргіш әсері болмауы керек. Ол ауыз қуысында тотықпауы немесе уы бар заттарды бөлмеуі тиіс. Осы мақсатта көпір тәрізді протездер үшін аса қолайлысы алтын, платина, тотықпайтын болат (құрыш), хромобальтты құймалар болып табылады. Сонымен қатар көпір тәрізді протездер жасалатын материалдарға тағы бір талап қойылады, ол – адамның сырт келбетіне ажар беруі тиіс. Өкінішке орай, протездің көзге көрінетін металды бөлігі аса көркем көрінбейтіндіктен, ол көптеген науқастардың қарсылығын туғызады. Сондықтан металды көпір тәрізді протездердің бұл кемшіліктерін сәл де болса жою қажеттігі, яғни оларды табиғи түске келтіру керек болды. Осыған орай, протездерді мүмкіндігінше табиғилыққа жақындату мақсатында әуелі металмен біріктірілген фарфор, ал кейіннен пластмассалы протез түрлері жасала бастады. Осындай негізі металдан жасалған, пластмасса не фарформен қапталған протездерді біріктірілген немесе қосарланған протездер деп атайды. Бұрын біріктірілген көпір тәрізді протездерді дайындау барысында фарфорлы тістер қолданылған болатын. Кейіннен ортопедиялық стоматология тәжірибесіне пластмасса енгізілгеннен кейін, ол фарфорды ығыстырып шығарды. Пластмассаның әр түрлі түстерін алудың әдістері жасала бастады Қазіргі кездері біріктірілген көпір тәрізді протездері дайындау барысында пластмасса кеңінен қолданылады, оның бір себебі, пластмассалы фасеткалардың дайындау технологиясының қарапайымдылығы. Металды пластмассамен біріктірудің кейбір кемшіліктері бар. Оларға фасетканың түсіп қалуы, ең бастысы уақыт өткен сайын пластмассалы тістердің табиғи түсінің өзгеруі жатады. Сондықтан фарфор тістерден толық бас тартуға болмайды, керісінше оларды (пластмасса, фарфор) қабаттастыра отырып қолдану қажет. В) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз. Ерекшелік... білдіру Техника... талаптар Протездер... арналған Келбет... бұзбау
Протез... бөлігі Кемшіліктер... жою Талап... орындау Метал... жасалған Фарфор... қапталған Протездер... дайындау Тәжірибе... енгізілген Фарфор... ығыстыру Пластмасса... түстері Технология... қарапайымдылығы Пластмасса... біріктіру Түс... өзгеруі Г). Read and translate this text The bridge prosthetic device-specific technical term meaning that the term is so deeply rooted in orthopedic dental and contemporary successors to another term.In purely technical terms of the materials used for bridge prosthetic, medical requirement to be met. In this regard, as much as possible in order to bring the naturalness of the prostheses first integrated metal porcelain and then started to do different types of plastic prosthetic, later, after the introduction of the orthopedic practice of dentistry plastic, which is made of porcelain Ғ) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Д) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз. Ø Металды пластмассамен ___________ кейбір кемшіліктері бар. Ø Көпір тәрізді протездер үшін аса ________________ алтын, платина, тотықпайтын болат (құрыш), хромкобальтты құймалар болып табылады. Ø Адамның сыртқы __________________ өрескел бұзбауы қажет. Ø Металды көпір тәрізді протездердің бұл кемшіліктерін ___________ да болса жою қажет. Ø Яғни оларды табиғи _____________ келтіру керек болды. Ø Тістер қатарының алдыңғы бөлігіндегі ақаулықтың орнын _________________ көпір тәрізді протездер үшін бұл талапты орындау қиындау. Ø Кейіннен пластмассалы протез түрлері _____________ бастады. Ø Қазіргі кездері біріктірілген көпір тәрізді протездері дайындау ____________________ пластмасса _________________ қолданылады. Е) Ауыз сөзінен туындаған сөздердің мағынасын анықтаыз және соларды қатыстырып сөйлем жазыңыз.
Ж) Болашақ дәрігер ретінде көпір тәрізді протездер түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы емделушіге ескерту жасаңыз. З) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз. И) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз. Й) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. К) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз. Ø Көпір тәрізді протездер деген термин құрылғының техникалық ерекшелігін білдіреді. Ø Алтын, платина, керамика ауыз қуысында зиянды әсері бар заттарды бөледі. Ø Пломбылау материалдары ауыз қуысында тотықпауы немесе зиянды әсері бар заттарды бөлмеуі тиіс. Ø Кез келген протез адамның сырт келбетін бұзады. Ø Фарфор тістерден толық бас тартуға болмайды. Ø Адамның өз тісінен гөрі жасанды тістер әдемі болады. 10. Бақылау жұмысы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 806; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.86.38 (0.012 с.) |