Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Read the text and understand its meaning.

Поиск

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек пен қос несепағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол) жатады.

Несептің (зәрдің) түзілуі – өте күрделі үрдіс. Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.

Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан, әр бүйректің салмағы, шамамен 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйрек үрме бұршақ пішінді келеді, оның сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағында бүйректің күретамырлары, көк тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну үрдісі жүреді. Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады. Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын – бүйрек. Сонымен, бүйректің қызметі:

· қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіледі, сүзіліп тазарған қан көк тамырларымен жүрекке қарай ағады.

· қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

· бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

· ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтайды.

· су мен тұздың мөлшерін реттейді.

Несепағар қабырғасы қалың, бұлшық етті, түтікше пішінді жұп мүше. Несепағардың ұзындығы шамамен 30 см, оның бас жағының диаметрі 2-4 мм, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа келіп жалғасады. Несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді.

Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады. Қуықтың сыйымдылығы 700 см3-ге дейін жетеді. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Қуық түбінен несеп шығаратын өзек басталады.

Несеп шығаратын өзек – қуықтың зәр шығаратын түтігі. Дені сау адам тәулігіне 4-6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәрдің түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (зәр шығару) деп аталады.

Зәр шығару жүйесі жыныс аппаратымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты. Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті шығару болса, жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады.

 

А)Оқып, мазмұнын айтыңыз

Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады. Қуықтың сыйымдылығы 700 см3-ге дейін жетеді. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Қуық түбінен несеп шығаратын өзек басталады.

 

Ә)Прочитайте и перескажите

Мочевой пузырь это орган который временно удерживает мочу. Он находится в тазовой части. Размер мочевого пузыря изменяется по его способности расширяться и тянуться. Вместимость мочевого пузыря доходит до 700 см3. У него есть дно, тело и вверхняя часть. Стенки мочевого пузыря состоят из хорошо развитых мышц. При сжимании мышц мочевой пузырь освобождается от мочи. Со дна мочевого пузыря начинаетя мочеиспускательный канал.

 

Б)Read and retell

Urinary bladder is an organ that temporarily stores urine. It’s located near to pelvis. Size of urinary bladder changes according to his flexibility. Capacity of urinary bladder is about 700 cm3. Urinary bladder has its’ bottom, body and upward. Urinary bladder’s walls composed from muscules. When these muscles compress urinary bladder releases urine. From the bottom of urinary bladder begins urethra.

 

В) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 406; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.245.179 (0.006 с.)