Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ішекті: жетіген, шертер, домбыра, адырна.

Поиск

3. Ұрмалы аспаптар: даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл.

Аспаптар негізінен мынадай мақсаттарға пайдаланылады: керней, ұран, дабыл әскери жорықтарда дабыл қағу үшін; бұғышақ, дауылпаз, шыңдауыл аңшылық кезінде. Ал металл сылдырмақтары бар даңғыра мен қылқобызды және аса таяқты көбінесе бақсылар өздерінің бақсылық ісінде қолданған; сыбызғы, шертер, қамыс сырнай бақташылардың (малшылардың) аспаптары болып саналады; домбыра, қылқобыз, саз сырнай, үскірік және шаңқобыз халық дарындары ойнаған аспаптар.

Қазақтың көне музыкалық аспаптарын халыққа таныстыруға Болат Сарыбаев көп еңбек етті. Ол археологиялық қазбалар кезінде табылған шертер, сазсырнай сияқты аспаптарды қалпына келтірді. Мысалы, сазсырнай аспабы Отырар қаласына жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған. Табылған соң да бұл сазсырнайдың көмейінен күй бірден төгіле қойған жоқ. Болат Сарыбаев оны ұзақ тексерді. Көптеген жөндеуден кейін ғана барып, дыбыс шығаруға мүмкіндік алады. Қазір бұл аспапта күй ойнауға болады. Міне, сөйтіп ғасырлар бойы үнсіз жатқан сазсырнайдан ғасырлар үні қайта жаңғырды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған аспаптардың бірі – адырна. Адырна – көп ішекті, шертіп ойнайтын көне саз аспабы. Садақ тектес. Бұл аспап түркі халықтарына кеңінен танымал болған. Шерту әдісі арфа аспабымен ұқсас.

Қазақ халқында музыкалық аспап түрлері көп болғанымен олардың басын қосып, бірігіп тарту дәстүрі болмаған. Ең алғаш ұлт аспаптар оркестрі 1934 жылы құрылды. Оны құрған дарынды сазгер, дрижер, өнертану ғылымдарының доктор, профессор Ахмет Жұбанов болды. Ахмет Жұбанов адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Қазақша алғашқы музыкалық әліппені жазған ол Ғылым академиясындағы өнертану секторының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімінің, Қазақтың мемлекеттік филармониясының, қазақ консерваториясының ашылуына да ұйтқы болды.

Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестері мен Н.Тілендиев атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары Отырар сазы оркестрін әлемнің көптеген елдері біледі. Бұл оркестрлер қазақтың дәстүрлі музыкасы мен халық композиторларының, кәсіби композиторлардың шығармаларымен қатар еуропаның әлемге танымал композиторларының да шығармаларын асқан шеберлікпен орындайды.

Ықылас атындағы ұлт аспатары мұражайына барсаңыз бірі қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісі мен сүйегінен және темірден жасалған музыкалық аспаптарды көресіз. Олардың әрқайсысының өзінше ерекше үні сіздің құлағыңызда мәңгі қалады. Себебі, оларда өткен ұрпақтың күлкісі, қуанышы, дауысы, қайғы-мұңы бар.

 

1-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын жазыңыз.

мұхиттай шексіз – ізгі тілектер – сезім иірімдері бейнеленеді – ұшы-қиыры жоқ – көмейінен күй бірден төгіле қойған жоқ – құдіретті болады– асқан шеберлікпен орындайды – адамның асқақ, асыл ойлары– қайғы-қасірет – шынайы ықыласпен қабылдау – дабыл қағу үшін – ғасырлар үні қайта жаңғырды – нәтижелі істерімен көрсету – құлағыңызда мәңгі қалады–

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы, 2000 ж, 146-151 беттер.

2. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 80-81 бб.

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

 

2016 ж.

 

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______З.А.Абдуллина


1. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

2. Мақсаты: Қазақтыңұлттық ойындары туралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

 

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында көмекші етістіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтіндімазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,

 

4.Өткізу түрі: танымдық сабақ

 

5. Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

Қазақтың ұлттық ойындары

 

Әр ұлттың ұлттық ойындары сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсібіне байланысты. Негізгі кәсібі мал бағу бағу болғандықтан, қазақтың ұлттық ойындары көбінесе ат үстінде ойналады. Ұлттық ойындар баланы күштілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа тәрбиелейді. Мысалы, қазақ балаларының ең сүйікті ойыны асықты алатын болсақ, ол баланы мергендікке, сабырлылыққа тәрбиелейді. Асықтың көшеде (аулада) оналытын түрлерімен қатар, киіз үйдің ішінде отырғанда ойналатын «хан талапай» сияқты түрлері де бар. Бірақ қазақ халқы баланың ойынға тым беріліп кеткенін жақтырмаған. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой жайып, құйрық жеген озар» деген мақал бала үнемі ойнай бермей еңбекке де аралсуы қажет дегенді білдіреді.

Үлкен тойларда, меркелерде ойналатын еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сүйіп көретін қазақтың ұлттық ойыны – көпар. Көкпар «көк бөрі» деген сөзден шыққан. Көшпенді, малшы халық өздерінің қас жауы бөріні (қасқырды) соғып алса, оны ато үстінде тартқылап ойнайтын болған. Бұл ойын көпшілікке ұнаған соң, бөрі орнына серке тартатын болған. Бұл ойын – күші мығым, атқа жақсы отыратын, жүрек жұтқан батыр жігіттердің ойыны. Көкпаршының аты да өзіне лайық болуы керек, яғни күшті әрі жүйрік, иесінің қимылын жақсы түсініп шұғыл бұрылатын ат болуы тиіс. Қазір көкпар ойынының ережелері жетілдірілген және Азияда көкпар федерациясы бар. Көкпардан халықаралық жарыстар болып тұрады. Көшпенділердің ойыны Ауғанстан, Иран сияқты елдерге дейін таралған.

«Теңге алу» да ат құлағында ойнайтын жігіттер ойыны. Ойынның шарты бойынша жазық жерде, тақырда жатқан күміс теңгені немесе жамбыны қатты шауып келе жатып іліп алу керек. Бұл ойын шапшаңдықты, дәлдікті және атқа жақсы отыра алуды қажет етеді.

«Аударыспақ» білекті, қарулы, тақымы мықты жігіттердің жақсы көретін ойын. Ойынның шарты бойынша бір ойыншы екінші ойыншыны аттан аударып түсіруі керек. Ал «қыз қуу» ойынын халық жазда жайлауда тамашалағанды жақсы көрген. Ойынның шарты бойынша 300-400 метр жерге қарақшы (белгі) қойылады да жүйрік атқа мінген қыз сол қарақшыға дейін қашуы тиіс. Оны қуған жігіт сол аралықта қызға жетіп үлгеретін болса, құшақтап бетінен сүюге құқығы бар. Ол жерге дейін жете алмаса, қарақшыдан көпшілік тұрған жерге дейін қыз жігтті қуып, оны қамшымен сабайды. Мұндай жағдайда жігіт көпшілік алдында ұятқа қалады, әрі көрермендер үшін де күлкілі болады.

Күрес – қазақ халқымен бірге жасасып келе адамның жеке күш қайраты сыналатын жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Күрескен жігіттер әр түрлі айла тәсіл қолданып қарсыласын жығуға, басқаша айтқанда жауырынын жерге тигізуге тырысады. Күрес, аударыспақ, көкпар сияқты ойындар күштілікті, ептілікті, батылдықты талап етсе, «тоғызқұмалақ» ойынын ойнаушы есепке жүйрік болуы керек және ойыншының есте сақтау қабілеті мықты болуы тиіс. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын жақсы көрген, әрі шебер ойнаған. Ол туралы М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жазған.

Алтыбақан, ақсүйек сияқты ойындар жастардың жазда жайлауда сүйіп ойнайтын ойындары болған. Қазақ халқында балаларға, жастарға, ересектерге арналған ұлттық ойындар түрі жеткілікті. Күштілікті, ептілікті, батылдықтые мергендікті талап ететін ойындар жаугершілік, соғыс кезінде ел қорғайтын нағыз батырларды тәрбиелейді. Қазақ халқының осындай ұлан-байтақ жерге ие болуы осындай ұлттық ойындар нәтижесінде тәрбиеленген ер ұлдарының арқасында екенін еш уақытта жадымыздан шығармауымыз керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?

2. Қыз қуу ойыны туралы айтыңыз?

3. Ұлттық ойындардың түрлерін айтыңыз?

4. Ұлттық ойынына жатпайтын ойынды айтыңыз?

5. Қыз қуу ойынына қатысушылар кімдер?

6. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.

7. Асық ойында неше адам ойнайды?

8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын?

1-тапсырма

Мағынысына қарай сәйкестендіріңіз.

 

Екі топқа Қыз Ұлттық Сиқырлы Ойын Таяқ Бөлу Жүргізуші Ойын Қуу

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. – Алматы: «Кітап». – 2004 ж. – 96 б.91-92 бб.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып, үйренеміз. – Алматы: «Кітап». – 2004 ж. 75-77

 

Тест тапсырмалары

1. Қазақтың ұлттық ойындарына жатады

А) көкпар, қыз қуу, күрес

Ә) сумо, асық, ақ сүйек

Б) алтыбақан, тоғызқұмалақ, футбол

2. Бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны

А) мойын арқан

Ә) теңге ілу

Б) көкпар

3. Ұлттық ойындар неше түрге бөлінеді?

А) екі

Ә) төрт

Б) бес

4. Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бір қуады. Қандай ойын?

А) тоғызқұмалақ

Ә) қыз куу

Б) асық

5. Ұлттық ойынды көрсетіңіз

А) футбол

Ә) бәйге

Б) теннис

6. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?

А) бетінен сүйеді

Ә) басынан сипайды

Б) қамшымен ұрады

7. Тоғызқұмалақты неше адам ойнайды?

А) 2

Ә) 3

Б) 1

8. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді?

А) әдемілік мен жомарттылықты

Ә) адамгершілік мен сұлулықты

Б) ерлік пен тапқырлықты

 

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақстанның мәдени орындары

 

 

2016 ж.

 

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______З.А.Абдуллина

 

1. Тақырыбы: Қазақстанның мәдени орындары

2. Мақсаты: Қазақстанның мәдени орындарытуралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

 

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қолдануға машықтандыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтіндімазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,

 

4.Өткізу түрі: танымдық сабақ

 

5. Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

Қазақстанның мәдени орындары

Мәдени орындар – халықтың жұмыстан бос уақытында демалатын орны ғана емес, елдің мәдени деңгейінің көрсеткіші. Мұндай орындарға театрлар, концерт залдары, әртүрлі саябақтар, спорт кешендері т.б. жатады. Олардың ең ірілері негізінен Алматы қаласында орналасқан. Көп жылдар бойы Қазақстанның астанасы болған Алматы әлі де рухани, мәдени және ғылыми орталық болып қалуда.

Қазақстандағы театр өнерінің негізін қалаушы – ұлы жазушы, драматург М.Әуезов. Ол 1917 жылы Абайдың сүйікті жары Әйгерімнің отауында «Еңлік-Кебек» трагедиясын қойды. Бұл – Семей өңіріндегі тобықты руының жігіті Кебек пен найман руынан шыққан Еңлік сұлудың арасындағы махаббат трагедиясы. 1926 жылы ашылған Қазақтың мемлекеттік драма театрының ең бірінші қойған спектаклі де осы трагедия болды. Содан бері Қазақтың М.О.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында театр маусымын «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашу дәстүрге айналды.

1944 жылы 6 қыркүйекте Халық комисарлары кеңесі (совнарком) Алматыда «Жас көрермендер театрын» ашу туралы қаулы қабылдады. 1945 жылы 7 қарашада ең бірінші қойылым орыс тілінде болды. 1946 жылы қазақ труппасы құрылды. 1985 жылы орыс және қазақ жасөспірімдер театры болып бөлінді. Орыс театрына театрдың негізін салушы Н.И.Сацтың, ал қазақ театрына белгілі жазушы, драматург Ғ.Мүсірепоатің есімі берілді.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934-жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтың либреттосы «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашылды. Қазақстандағы ұлттық опера негізін қалаған композитор Е.Брусиловский болды. Ол қойған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) операларын қазақ опера өнерінің бастауы десе болады. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінде қазақ опера театры Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қойды. Осы операда Қыз Жібек рөлін сомдаған К.Байсейтованың дауысы Мәскеу көрермендерін таң қалдырды. Қыз Жібек рөлі үшін К.Байсейтоваға КСРО халық әртісі атағы берілді.

Тетрлар мен әртүрлі мәдениет орындары Алматы қаласында ғана емес облыс, аудан орталықтарында жеткілікті. Елбасымыз Н.Назарбаев қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына барынша қолдау жасауда. Сол себептен ол 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауымен көптеген демалыс орындары, спорттық және ойын-сауық кешендері салынды. Мәселен, Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионы – қозғалмалы шатыры 10 000 шаршы метр болатын әлемдегі алты құрылыстың бірі. Стадион негізінен футболға арналған, бірақ оны басқа спорт түрлеріне де оңай бейімдеуге болады. Стадионның қозғалмалы шатыры 20 минутта жабылады. Стадионда әлемдік деңгейдегі спорт жарыстары мен концерттерді өткізуге болады.

Халықтың демалып, көңілін көтеруге арналған орындардың бірі – Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық кешені. Хан Шатырдың жалпы көлемі 127 000 шаршы метр. Хан Шатырда супермаркет, отбасылық парк, кафелер мен мейрамханалар, кинотеатрлар, спорт залдары, жасанды жағажайы бар аквопарк т.б. бар. Мұндағы тропикалық климат пен өсімдіктері бар жағажайда қысы-жазы +35 градус болып тұрады. Хан Шатыр әлемдегі ең үздік ғимараттар ондығына кіреді. Мұндай ғимарат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдердің ешқайсысында жоқ.

Астанадағы «Думан» думан ойын-сауық орталығы 2003 жылдың мамырында ашылды. Ол ТМД көлемінде теңдесі жоқ океанариумнан, 5D кино­театрдан және басқа да бірнеше нысаннан тұрады. «Думанның» океана­риу­мы «мұхитарал» деп те аталады. Ол – мұхиттардан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан бірден-бір океанариум. Бұл керемет мекенде теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі тіршілік етеді, олардың жалпы саны 2000-нан асады.

Жақсы демалыс – табысты еңбектің кепілі. Елімізде халықтың еңбек етуімен демалуына барлық жағдай жасалған.

 

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Түркістан қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

2. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан ірі қаланы атаңыз?

3. Айша биби кесенесі қай қалада орналасқан?

4. Тараз қаласының ескі атауларын атап беріңіз?

5. Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы кім?

6. Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы монша?

7. Тараз қаласының гүлденген кезі?

8. Абылай хан резиденциясы қай қалада орналасқан?

9. Екінші Аристотель атанған ғалым қай қалада туған?

 

 

Тапсырма

1. Постер жасау. Түркістан және Тараз қалалары бойынша постер жасау.

2. Венн диаграммасын қолдану арқылы мәліметті талдау. Түркісан мен Тараз қалаларының ортақ және айырмашылықтарын көрсету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы: «Норма-К». – 2008 ж. – 640 б. 573-583 бб.

 


 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақстанның қалалары

 

2016 ж.

 

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______З.А.Абдуллина


1. Тақырыбы: Қазақстанның қалалары

2. Мақсаты: Қазақстанның қалаларытуралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

 

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қолдануға машықтандыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтіндімазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,

 

4.Өткізу түрі: танымдық сабақ

 

5. Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

Қазақстанның қалалары

 

Қалалар әр уақытта да елдің мәдениетінің, өркениетінің, мемлекттілігінің белгісі болған. Адамзат қоғамының дамуы, сауда-саттықтың өркендеуі, халықтың ұжымдаса тіршілік етуі қалалардың пайда болына алып келді. Қалалар мәдениеттің, ғылым мен білімнің ошағы болды.

Қалалар тек отырықшы, жер шаруашылығымен, қолөнермен айналыстаны елдерде ғана болады деген теріс түсінік қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдерде де ерте замандарда қалалар болған. Әртүрлі тарихы жағдайларға байланысты кейбір қалалар қирап, күлге айналса, кейбір қалалар осы күнге дейін жетті.

Орта ғасырларда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Сол кездегі ірі қалалардың бірі Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрған. Исфиджабтан шыққан керуендер Шараб пен Будухкент арқылы Таразға барған.

Тараз қаласы Талас өзенінің жағасында орналасқан. Оның негізгі аты – Талас. Кейін арабтар өз тілдерінің заңдылығымен «Тараз» деп жазып жіберген. Талас қаласы – ертеден келе жатқан отырықшы мәдениеттің ірі орындарының бірі. Таласты шығыстың және батыстың ғалымдары, саяхатшылары өздерінің еңбектерінде жазып қалдырған. Мәселен, қытайдың саяхатшысы Сюань Цзянь 630 жылы Талас қаласында болып, оны саудагерлер қаласы деп атаған. Ал X ғасырдың бас кезінде бұл қалада болған болған араб саяхатшысы әл-Асири Таласты белгілі сауда орталығы деп жазады.

Сырдария бойындағы ірі қалалардың бірі Отырар сауда орталығы ғана емес, мәдениет пен ғылымның да ошағы болған. Сол кездегі Отырарда болған саяхатшылар мен ғалымдар ондағы бай кітапхана туралы тамсана жазған. Ол деректер Отырар кітапханасының әлемдегі ең үздік Александрия (Ескендір) кітапханасынан кейін екінші орындағы кітапхана болғанын растайды. Осы «Даналық үйінен» Аристотелден кейін екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым, философ Әбунәсір әл-Фараби де дәріс алды. Сондай-ақ араб тілінде тамаша филологиялық еңбектер жазған Ысқақ әл-Фараби де осы кітапханадан білімге сусындаған.

Заманның өзгеруі мен қоғамның дамуы қалалардың жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етті. Қазіргі заман қалаларында ірі өндіріс орындары, зауыттар мен фабрикалар, кеңселер, жоғары оқу орындары шоғырланған. Қалалар елдің экономикасының дамуына, халықтың тұрмысының жақсаруына, мәдениетінің жетілуіне күшті әсер етеді. Экономикасы, ғылымы, өндірісі дамыған елдерде ғана ірі қалалар болады.

Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік шығысындағы Қарағанды, Екібастұз, Теміртау, Павлодар, Өскемен сияқты қалалар жер асты байлықтарын игеру барысында пайда болды. Қарағанды, Екібастұз қалаларында көмір өндіріледі. Өскемен қаласындағы Титан-магний және Қорғасын-мырыш комбинаттары Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуда.

Еліміздің батысында мұнай өндірісі дамыған. Мұнайлы өлкедегі Ақтау, Маңғыстау сияқты қалалар – еліміздің мақтанышы. Ал оңтүстік өңірдегі Алматы, Тараз, Шымкент қалалары Қазақстан мәдениеті мен ғылымының, өнерінің дамуына зор ықпал етуде.

Қазақстанның орталығында орналасқан елордамыз Астананы қазір бүкіл әлем біледі. Астана – шығыс дәстүрі мен батыстың сәулетшілерінің көркем ойлары үйлесін тапқан қала. Қала көнені сүйетіндер үшінде, жаңа технологияға бас иетіндер үшін де қызықты. 1998 жылы ЮНЕСКО Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атқа лайық деп шешім қабылдап, арнайы медальмен марапаттады.

Қазір Қазақстанды және оның қалаларын бүкіл әлем біледі. Әлемдік өркениеттің көшінен қалмай Қазақстан қалалары да даму үстінде.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Астананың бұрынғы атауы.

2. Қазіргі 2016 жылдағы Орал қаласының тұрғындарының саны?

3. Теміртау қаласы қай облысқа жатады?

4. 1905 ж. қандай темір жолы салынған?

5. Сығанақ қай өзеннің бойында орналасқан?

6. Қазақстанның ең көне қаласы?

7. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?

 

Тапсырмалар

1. Қазақстанның қалалары туралы кроссворд жасау.

2. «Астана» туралы эссе жазу.

3. «Алтын адам» туралы презентация жасау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы: «Норма-К». – 2008 ж. – 640 б. 81-94 бб.

2 Шәлекенов У. Құм басқан қала – Алматы, 1992 ж. –120 б. 46-50 бб.

 

Тест тапсырмалары

1. Қазақстанның оңтүстігінде қай қала орналасқан?

А) Қарағанды

Ә) Астана

Б) Орал

В) Алматы

2. Алматы қаласы қайсы таудың баурайында орналасқан?

А) Кентау

Ә) Тянь-Шань

Б) Алатау

В) Алтай

3. Қай жылы Верный қаласы Алма-Ата деп аталды?

А) 1925

Ә) 1922

Б) 1921

В) 1931

4. Қазақстанның екінші астанасы қай қала?

А) Орынбор

Ә) Алматы

Б) Қарағанды

В) Астана

5. Арал теңізі қай облыстың аумағына кіреді?

А) Орал

Ә) Шымкент

Б) Қарағанды

В) Қызылорда

6. Семей қаласының ресми негізі қаланған жылы?

А) 1815

Ә) 1723

Б) 1718

В) 1731

 

 

7. Абай және Достоевский мұражайлары қай қалада орналасқан?

А) Тараз

Ә) Өскемен

Б) Түркістан

В) Семей

8. Мұнай өндірілетін қала

А) Қарағанды

Ә) Алматы

Б) Өскемен

В) Атырау

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Шығыс медицинасы

 

 

2016 ж.

 

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______З.А.Абдуллина


1. Тақырыбы: Шығыс медицинасы

2.Мақсаты:

- шығыс медицинасы туралы мағлұмат беру;

- шығыс медицинасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- шығыс медицинасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- етістіктің жасалуын практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп оқу.

 

4. Өткізу түрі: Тәжірибелік

Тапсырмалар

А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Дерек, құндылық, ғұлама,өшпес із, мәлімет, сыр, шоқ, бармақ, қалпына келтіру, жасуша.

 

Ә)Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу.

деректер-сведения

құндылық-ценность

өшпес із-незабываемый след

мәселелеріне арналған-посвященный

проблемам

нүкте-точка

сыр-тайна,секрет

шоқ-горящий уголь

қалпына келтіру-восстановить

жасуша- клетка

 

Б) Мәтінді оқу

Шығыс медицинасы

Медицина дамуында шығыс медицинасы ерекше орын алады. Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа ежелден белгілі.

Шығыстың ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Бәкір Ар-Рази (Разес), Әбу Райхан әл-Бируни медицина, жаратылыстану, астрономия, философия т.б. ғылым салаларына арнап еңбектер жазып, адамзат дамуында өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Әбу Әли ибн Синаның «Китаб ал-Канун фит-т-тибб» («Канон врачебной медицины»), «Китаб аль-Шифа» («Книга исцеления») т.б.еңбектерінің медицина даму тарихында маңызы зор. Ғұлама ғалымның бұл еңбектері ХII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылған. Мұнда кейбір ауру түрлері сипатталып, оны емдеу әдістері көрсетілген. Сонымен бірге денсаулықты сақтау, нығайту жолдары, әртүрлі өсімдіктердің пайдасы туралы да мәлімет

Шығыс медицинасында науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрілік өсімдіктер, емдік балшық, минералды сулар қолданылған. Сонымен бірге массаж жасау, нүктелі массаж, инемен емдеу т.б. кең тараған.

Инемен емдеу (чжень) және денені күйдіріп емдеу (цзю) – талай ғасырлардан бері медицинаға белгілі. Ол осыдан бес мың жыл бұрын Тибет (Қытай) медицинасында қолданылған. Ол кездерде ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі, күйдіру үшін қамыстың шоғы пайдаланылғаны туралы деректер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жазылған қытай халық медицинасының он сегіз томдық «Хуанди нэй –цзин» деп аталатын кітабында инемен және күйдіріп емдеу әдістерін қандай ауруларға қарсы қолдану қажеттігі көрсетілген. Сол кездің өзінде-ақ, Қытай инемен емдеу орталығына айналып, бұл елге Жапония, Үндістан сияқты елдерден дәрігерлер келіп, емдеу сырын үйрене бастайды. Ал, ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Денедегі емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеуді - нүктелі массаж деп атайд ы. Бұл емдеу әдісі Жапонияда пайда болған деп есептеледі. Жапон тілінде Ши-атсу деп аталады (ши-бармақ яғни, саусақпен басу деген сөзден шыққан). Бұл әдіспен кейбір мүшелердің бұзылған қызметін қалпына келтіруге болады екен.

Сонымен бірге, шығыс медицинасында емдік дене шынықтыру жаттығуларына да көп көңіл бөлген.

Шығыс медицинасы адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп қарайды. Сондықтан егер жанарыңыздын көру қабілеті азайса, онда көзбен бірге бауырды да емдеуді қолға алады.

Ал, созылмалы ауруларға ұшырағандарға емдік дәрілер бірден тағайындалмайд ы, емдеу үш кезеңге бөлінеді:

бірінші кезең – ағзаны тазалау;

екінші кезең – ағзаны жетіспейтін микро– макро элменттермен толықтыру;

үшінші кезең – ағзаны қайта қалпына келтіру.

В ) Мәтін бойынша сұрақтарға жауаптарға жауап беру

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы қандай?

2. Шығыстың қандай ғұлама ғалымдарын білесіз?

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы қандай?

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері қандай?

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі қандай?

6. Нүктелі массаждың пайдасы қандай?

7. Шығыс медицинасының қандай ерекшелігі бар?

 

Г) Мәтінде курсивпен берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.

Ғ)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

қалпына келтіру, аудару, берілу, қарау, толықтыру, қолданылу, ескеру, көмектесу, сақтау, ойлау, нығайту, ақылдасу, атау, басқару,молығу, көбею, тазалау, есептеу,көрсету, азаю, иіскеу, емдеу, жоғалу, сарғаю,үйрену.

Д) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтау.

А) Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа әзірше белгісіз.

Ә)XXI ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Б) Ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі қолданылды.

В) Шығыс медицинасында дәрілік өсімдіктер қолданылған

Г) Шығыс медицинасында науқастарды емдеуде химиялық қоспалар қолданылған

Ғ) Бармақпен басып емдеу әдісі Италияда пайда болған.

Д) Шығыс медицинасында дене шынықтыру жаттығуларына көңіл бөлген.

Ж) Әл Фарабидың «Китаб аль-Шифа» атты еңбегі бар.

 

Ж) Мәтінді қазақ тіліне аудару.

По преданию,



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 548; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.189.194.44 (0.019 с.)