Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Read the proverbs and explain their meanings.

Поиск

Ø Ауру кірді, әлек кірді.

Ø Ауруды елемеген өледі,

Дауды елемеген төлейді.

Ø Сырқат – тән жарасы,

Қайғы – жан жарасы.

Ø Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№ 13

Тақырыбы: Тісжегі

Етістіктің райлары

 

2016 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды

 

Хаттама №____, «_____»____________2016ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина

1. Тақырыбы: Тісжегі

Етістіктің райлары

2. Мақсаты:

- тісжегі ауруы туралы мағлұмат беру;

- тісжегі туралы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- тісжегі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

- етістіктің райлары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше мәтінді талдауға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Тісжегі туралы.

2. Тісжегі туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Тісжегі ауруын емдеу туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

етістік және оның шақтары туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру

Ә) Үй тапсырмасын сұрау

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.

- Жаңа сабақты қорыту

В) Студенттердің білімін бағалау

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 171-174 беттер.

2. Доскеева Б.Ж. Медициналық қазақ тілі. Алматы, 2013 ж. 125-130 беттер.

3. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. – Алматы, 2011 ж.

4. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитеті. – Алматы, 2009 ж.

5. Л.Я. Зазулевская. Болезни слизистой оболочки полости рта. – Алматы, 2010 г.

6. И.Ә. Құлмамбетов, Р.И. Құлмамбетов. Сау тісің – сұлу түсің. – Алматы, 2009 ж.

7. Оразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т. Хирургиялық стоматология. – Алматы, 1998 ж.

8. А.М. Маженова, Н.Қ. Сейітмәмбетова. Стоматологиялық ортопедия.– Астана, 2003 ж.

9. Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер. /Құрастырғандар: Б.Д. Жұмақаева, Г.А. Сапарғалиева. – Алматы, 2009 ж.

10. Гүлдархан Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. – Алматы, 2010 ж.

11. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі.

12. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
  2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, тісжегін суретін, оқу құралдарын, етістік райлары туралы үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

Задания:

Exercises:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

Запомните перевод слов и словосочетаний встречающихся в тексте



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 338; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.239.0 (0.008 с.)