Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Read and understand the meaning of the text.↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 22 из 22 Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г., ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады. Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады. Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады. Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады. Қан тамырларына күретамырлар, көктамырлар, қылтамырлар жатады. Күретамырлар мен көктамырлар аралығында қылтамырлар бар. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күретамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күретамыр қолқа деп аталады. Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күретамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қылтамырларға бөлінеді, қылтамырлары арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қылтамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.Қылтамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады. Қан қылтамырдан көктамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көктамырда қан қысымы төмен болады. Қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысты үлкен және кіші қан айналым шеңберінен тұрады. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа арқылы басталып, бүкіл денеге тарайды, одан көктамыр арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан басталады. Ол өкпе күретамыры мен қылтамырлар арқылы өтіп, сол жүрекшемен аяқталады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл — қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор. Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.
А)Оқып, мазмұнын айтыңыз Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Ә)Прочитайте и перескажите текст Сердце человека состоит из четырех частей: два предсердия, два желудочка. Предсердия и желудочки связаны клапанами. Клапаны открываются только в сторону желудочков, таким образом способствуют безпреградному протеканию крови от предсердия к желудочку, препятствуя обратному течению.
Б)Read and retell Human’s heart consists of four parts: two atriums, two ventricles. Atriums and ventricles are connected through valves. Valves are open only on ventricles side, that’s why it contributes flow without any barriers to atrium, blocking flow to another side. В) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 487; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.12.61 (0.007 с.) |