Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Т) Read the sentences and translate

Поиск

Pulpits- is the inflammation of tooth tissue. The oral cavitygets inflamed. This disease is caused when the microbes enter the tissue. The reasons of inflammation is infection and cold. The longlasting inflammation occurs because of left food in oral cavitywhich as a result becomes the reason of the pain in gum and toothache. Any kind of pulpit may exacerbate. In this case the toothache do not stop and a sick man doesn’t sleep all night. Rinsing theoral cavity with variousherbs is very helpful and calcium, phosphorus, potassium and visitdentist in time.

Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

а. Бүгінгі көргенім туралы ешкімге тіс жарма_______.

ә. Cіз былтырдан бері кімге тіс қайра________________?

б. Үйден жеңіл киініп шыққан Әділ автобустың аялдамасына жеткенше тісі-тісіне тиме_____.

в. Нәресте алты айға толғанда тіс жара _____________________.

 

г. Мен білетін Айғаным достарының сырын ешкімге тістен шығарма____________ адам.

ғ. Жай уақытта ауыз жаппайсың, неге тіліңді тісте___________________?

М) Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Ø Көршің мазаласа, көш.

Тісің мазаласа, жұл.

Ø Тіс бүлінді дегенше,

Іш бүлінді десеңші.

Іш бүлінді дегенше,

Іс бүлінді десеңші.

 

Н) Читайте и пероводите предложении

Пульпит-восполение зубной ткани. Болезнь, которая возникает вследствии прохождение микробов в ткань. Восполение происходит из-за таких причин как: инфекции и холода. Восполение возникает вследствии остатков еды в ротовом полости и из-за этого возникает боль в деснах и в зубах. Во всех вида пульпита может быть обострение. В этом случае зубная боль не перестает и больной не спит по ночам. Ополоскивание ротовой полости различными травами очень полезна.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№ 17

Тақырыбы: Стоматит. (Stomatitis)

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні

 

 

2016 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды

 

Хаттама №____, «_____»____________2016 ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина

1. Тақырыбы: Стоматит. (Stomatitis)

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні

2. Мақсаты:

- стоматит ауруы туралы мағлұмат беру;

- стоматит ауруы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- стоматит ауруы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- қимыл есімі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Стоматит ауруы туралы.

2. Стоматит ауруы ауралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Қимыл есімі және қажеттілік мәні туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру.

Ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.

- Жаңа сабақты қорыту

В) Студенттердің білімін бағалау

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 150-154 беттер.

2. Доскеева Б.Ж. Медициналық қазақ тілі. Алматы, 2013 ж. 320-323 беттер.

3. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. – Алматы, 2011 ж.

4. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитеті. – Алматы, 2009 ж.

5. Л.Я. Зазулевская. Болезни слизистой оболочки полости рта. – Алматы, 2010 г.

6. И.Ә. Құлмамбетов, Р.И. Құлмамбетов. Сау тісің – сұлу түсің. – Алматы, 2009 ж.

7. Оразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т. Хирургиялық стоматология. – Алматы, 1998 ж.

8. А.М. Маженова, Н.Қ. Сейітмәмбетова. Стоматологиялық ортопедия.– Астана, 2003 ж.

9. Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер. /Құрастырғандар: Б.Д. Жұмақаева, Г.А. Сапарғалиева. – Алматы, 2009 ж.

10. Гүлдархан Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. – Алматы, 2010 ж.

11. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі.

12. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
  2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
  3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 171-174 беттер.
  4. Доскеева Б.Ж. Медициналық қазақ тілі. Алматы, 2013 ж. 125-130 беттер.
  5. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. – Алматы, 2011 ж.
  6. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитеті. – Алматы, 2009 ж.
  7. Л.Я. Зазулевская. Болезни слизистой оболочки полости рта. – Алматы, 2010 г.
  8. И.Ә. Құлмамбетов, Р.И. Құлмамбетов. Сау тісің – сұлу түсің. – Алматы, 2009 ж.
  9. Оразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т. Хирургиялық стоматология. – Алматы, 1998 ж.
  10. А.М. Маженова, Н.Қ. Сейітмәмбетова. Стоматологиялық ортопедия.– Астана, 2003 ж.
  11. Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер. /Құрастырғандар: Б.Д. Жұмақаева, Г.А. Сапарғалиева. – Алматы, 2009 ж.
  12. Гүлдархан Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. – Алматы, 2010 ж.
  13. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі.
  14. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.
  15. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.
  16. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
  17. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

 

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас, салыстыру, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, стоматит ауруының суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

 

9. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыздар.

Читайте и запомните новые слова по тексту.

Learn and remember the new phrases form the text.

 

жыныстық қатынас – половое отношение - sexual intercourse

бөртпе – болячка, сыпь – rash

көкбауыр – селезенка - spleen

сыдырылу – сдирание, содраться – stripping

шырышты қабық - слизистая оболочка – mucosa

тітіркенуден -от раздражения – irritation

шамадан тыс -сверх норм - above norms

байқалуы - выявляться -мanifestations of

ісіну – отек – edema

төмпешік – бугорок, кочка – heaps

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Объясните значение следующих слов и словосочетании.

Explain the meaning of the following words and phrases.

Imperceptibly – незаметно началось, violation of the balance - нарушение баланса, the strength of the resistance of the body - сила сопротивления тела, increasing the body's sensitivity- высокая чувствительность организма, antiseptic mouth steam – антисептиком полоскать рот, rinse -прополоскать, redness of the manifestation- проявления покраснений, fever- лихорадка, occurrence of cancer- появление рака, type- тип, complicated- сложный, eating exploitation - есть эксплуатация, cleaning the teeth exploitation- чистка зубов эксплуатации.

Б) Мәтінді оқыңыз.

Стоматит – ауыздың шырышты қабығының қабынуы. Халық арасында «ауыз уылуы» деген атпен белгілі. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел түрі көбінесе балаларда дамиды. Ал, созылмалы түрі, көбінесе, ересек адамдарда болады. Cозылмалы түрі білінбей басталады және ауруы сезілмейді, сондықтан науқас дәрігерге қаралмайды.

Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:

  • механикалық, физикалық және химиялық жарақаттану;
  • улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);
  • түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, тұмау, т.б.) шалдығу;
  • дәрі-дәрмек аллергиясы;
  • витамин жетіспеушілігі;
  • жүйке жүйесінің, ішкі мүшелердің созылмалы аурулары;
  • тіс протезі қызыл иекте дұрыс орналаспауы;
  • ағзада зат алмасу үрдісінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.

Сондай-ақ, стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрі болса да ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақ асты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді, дене қызуы көтеріледі. Дақ, бөртпе, төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін.

Антибиотикті көп пайдалану ауыз қуысындағы микрофлора тепе-теңдігін бұзады, ағзаның қарсыласу күшін әлсіретеді. Кейбір дәрілер жақпағанда немесе белгілі бір медикаменттерге ағзаның сезімталдығы артқанда тез арада стоматит пайда болады. Әсіресе, йод, новокаин, сульфаниламидтен ауыз жиі қабынады. Бұл кезде адам әлсізденіп, көк бауыр маңы ауырады, қызуы сәл ғана көтеріліп, қан құрамы өзгереді. Ауыздың шырышты қабығы бозғылт тартып, қызыл иек қанайды, ерін, ұрт, тіл үстінде нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады да, кейін ол жайылып кетеді.

Темекі тартушылар стоматиті бұл – никотиннің шырышты қабықты тітіркендіруінен болатын ауыздың қабынуы. Ерін мен ұрттың шырышты қабығының түсі күлгін түске енеді.

Қызылша стоматиті қызылша вирусі денеге енген соң қан арқылы ауыз эпителийін зақымдайды. Сонымен бірге тыныс алу, ас қорыту, көз, орталық жүйке жүйесі және қан тамырлары да ауруға шалдығады. Ауыз ішінің шырышты қабығының беті сыдырылып түседі.

Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын 1 пайыздық ас содасы ерітіндісімен, 0,06 пайыздық хлоргексидин және 0,02 пайыздық фурациллин ерітінділерімен антисептикалық тазалаудан басталады. Антисептиктермен ауызды бұлау, шаю, қызыл иекке жағу түрінде қолданылады. Кейін тіс тастары алынады. Ауыз қуысының тазалығы – тіс ауруларын емдеудің негізгі өлшемі.

В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Стоматит деген не?

Стоматиттің пайда болу себептері қандай?

Стоматит кімдердің арасында жиі тарайды?

Стоматиттің белгілері қандай?

Стоматит қалай дамиды?

Стоматит қалай басталады?

Антибиотикті көп пайдаланудың әсері қандай?

Темекі тартушылар стоматиті деген не?

Стоматитті емдеу тәсілдері қандай?

10. Бақылау жұмыстары:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 367; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.227.192 (0.007 с.)