Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Answer the questions in the text.

Поиск

What is stomatitis?

Что такое стоматит?

What are the causes of stomatitis?

Каковы причины стоматита?

Where the stomatitis often spread?

У кого часто появлется стоматит?

What are the symptoms of stomatitis?

Каковы симптомы стоматита?

How stomatitis is develop?

Как стоматит развиваться?

How stomatitis is begin?

Как начинается стоматит?

What is the effect of using the antibiotics?

Какой эффект от использования антибиотиков?

What stomatitis tobacco recruiters?

Стоматит курящих людей?

 

What are the approaches to the treatment of stomatitis?

Каковы подходы к лечению стоматита?

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№ 18

Тақырыбы: Пародонтит (Рeriodontitis).

Сын есім, шырайлары.

 

2016 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды

 

Хаттама №____, «_____»____________2016 ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина

1. Тақырыбы: Пародонтит (Рeriodontitis).

Сын есім, шырайлары

2. Мақсаты:

- пародонтит ауруы туралы мағлұмат беру;

- пародонтит ауруы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- пародонтит ауруы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- сын есім және шырайлары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Пародонтит ауруы туралы.

2. Пародонтит ауруы ауралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Сын есім және шырайлары туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру.

Ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.

- Жаңа сабақты қорыту

В) Студенттердің білімін бағалау

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 171-174 беттер.

2. Доскеева Б.Ж. Медициналық қазақ тілі. Алматы, 2013 ж. 125-130 беттер.

3. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. – Алматы, 2011 ж.

4. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитеті. – Алматы, 2009 ж.

5. Л.Я. Зазулевская. Болезни слизистой оболочки полости рта. – Алматы, 2010 г.

6. И.Ә. Құлмамбетов, Р.И. Құлмамбетов. Сау тісің – сұлу түсің. – Алматы, 2009 ж.

7. Оразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т. Хирургиялық стоматология. – Алматы, 1998 ж.

8. А.М. Маженова, Н.Қ. Сейітмәмбетова. Стоматологиялық ортопедия.– Астана, 2003 ж.

9. Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер. /Құрастырғандар: Б.Д. Жұмақаева, Г.А. Сапарғалиева. – Алматы, 2009 ж.

10. Гүлдархан Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. – Алматы, 2010 ж.

11. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі.

12. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.– Алматы, 2001ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
  2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

 

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, пародонтит ауруының суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

 

9. Тапсырмалар:

А) Төмендегі берілген мағынасы жақын сөздерді есіңізге сақтаңыз.

тісті жұлу – тісті алып тастау

жарақаттану – жаралану – зақымдану

үнемі – ылғи – ұдайы

қызуы көтеріледі – қызуы жоғарылайды

ауру басылмайды – аурырғаны қоймайды

түзілу – пайда болу

Ә) Мәтін бойынша жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыздар.

Читайте и запомните новые слова по тексту.

Learn and remember the new phrases form the text.

 

жарақаттану – повреждение - injury

шайнамау- не жевать -do not chew

дер кезінде- во время – in time

сорылу-рассасывание- filtrations

жұлдыртып тастау- удалить – Remove, delete

жақ суйек – челюсть –jaw

дәрілеу- лечить лекарством – treatment, therapy

қозғалмалы- подвижный – moving


Б) Мәтінді оқыңыз.

Парадонтит (тісті қоршаған тіндердің қабынуы) – қызыл иектің және периодонттың қабынуымен, тіс аралық қалқан сүйектің қабынып сорылуынан альвеолалық өсімдінің зақымдануымен сипатталады.Бұл ауру тісті қоршаған тіндерінің жарақаттануы тамақты дұрыс шайнамау, тіс тазалығын сақтамау және кейбір басқа аурулардың әсерінен болады.Ол көбіне 40 жастан асқан адамдарда кездеседі. Мұндай жағдай жақ сүйегінің альвеола өсіндісі сорылып, тістің түбі ашылып және босап тіс түсе бастайды, қызыл иек қабынып қызарады, тістің айналасында қалташықтар пайда болады. Сонымен қатар тіс беттерінде көбінесе тас жиналады,қалташықтар және жалқықтар пайда болады.

Алдын алу және емдеу жолдары: Тамақтан соң тісті жақсылап тазартып, тіс арасынан ас қалдықтарын алу керек. Қызыл иекті тазартқан кезде мынадай әдістер қолдануға болады: тістердің арасынан берік, жіңішке жіпті (немесе денталь жібегін) үнемі жүргізіп отыру керек. Алғашқыда қызыл иектен қан ағады, кейіннен қан ақпайтын және ауырмайтын да болады. Витаминдерге бай тағамдарды, әсіресе, жұмыртқа, ет, бұршақты, көкөністер мен жеміс-жидектерді, апельсин, лимонды көбірек жеу керек. Тәтті, жабысқақ тағамдардан аулақ болған жөн. Олар тістің арасына тұрып қалады. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделсе, тез жазылып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек. Қызыл иектегі қалталарды тазалатып, дәрілеп, физиотерапиялық емдерді қолданып, осы ауруға шалдықтырған басқа аурулардың алдын алған жөн.Мұнда кезде тері астына немесе бұлшық етке жалпы ағзаны әлдендіретін алоэ,В12,В1,В 6 витаминдерін егу пайдалы. Ал ауру асқынып кетсе, қозғалмалы тісті жұлдыртып тастау керек.

10. Бақылау жұмыстары:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 296; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.202.38 (0.007 с.)