Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Match the phrasal collocations and make the sentences with them.

Поиск
1 Бүйректен сирақ шығару а Әсерлену
2 Бүйрегін бұру ә тамақтанбай жүру
3 Бүйірі қызу б дау шығару
4 Аш құрсақ жүру в жанашыр болу, қамқорлығына алу

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№7

Тақырыбы: Жүйке жүйесі

Сөз құрамы.

 

2016 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды

 

Хаттама №____, «_____»____________2016ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина

 

 

1. Тақырыбы: Жүйке жүйесі

Сөз құрамы.

2. Мақсаты:

- Жүйке жүйесітуралы мағлұмат беру;

- Жүйке жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- Жүйке жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- Сөз құрамы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Жүйке жүйесітуралы;

2. Жүйке жүйесінің мүшелері туралы;

3. Жүйке жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар;

4.Жүйке жүйесіқызметі туралы.

 

ә) грамматикалық материал бойынша

Сөз құрамы туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру.

Ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға дайындау, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.

- Жаңа сабақты қорыту

В) Студенттердің білімін бағалау

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Студентке болжам жасату, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істету, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар беру.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,жүйке жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

9. Тапсырмалар:

Задания:

Exercises:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Задание на компетенцию знания

Exercises according to knowledge competence

А)Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз. Егер мәтін жүйке жүйесі туралы болса, онда не жайында айтылуы мүмкін?

Прочитав название темы сделайте доводы. Если данный текст связан с нервной системой о чем можно сказать?

Look at the theme and try to make a prediction. What can you say about nervous system?

Ә)Сол жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

Составьте словосочетания с помощью вопросов в скобках.

Match the words by using the questions in brackets.


қамтамасыз ету (нені?)

орналасады (қайда?)

зерттеп жүр (нені?)

құралады (неден?)

араласады (қалай?)

атқарады (не?)

бағынбайды (кімге?)

 

айналаны

ми мен жұлыннан

белсене

тұтастығын

балаға

бас сүйекте

қызмет


Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Прочитайте внимательно текст.

Read the text attentively.

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Жүйке жүйесінің маңызы мынандай:

— Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттің жиырылуы, сүйектердің қозғалысқа келуі, тер, сілекей, сүт, асқазан сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

— Жүйке жүйесі барлық мүшелердің бірімен-бірінің байланысын, үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшық етінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үрдісі қарқынды жүреді, тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді.

— Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру, аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б.

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Шеткі бөлімге жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, олар мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Жүйке түйіндері – өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды, нейронның құрылысы күрделі. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады.

Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады, оның диаметрі 1см, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ зат (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады.

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді, яғни жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі. Ағзадағы қызметіне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық, парасимпатикалық, симпатикалық. Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі тірек-қимыл мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі қан тамырларының қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Рефлекс– сыртқы немесе ішкі орта әсерлеріне ағзаның жауап қайтару реакциясы.

Ми бас сүйек қуысына орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, соқпаша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

 

А)Оқып, мазмұнын айтыңыз

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Шеткі бөлімге жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, олар мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Жүйке түйіндері – өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды, нейронның құрылысы күрделі. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады.

 

Ә)Прочитайте и перескажите

Нервная система делится на два вида на центральную и перефирическую. Цетральная часть состоит из мозга и спинного мозга. В перефирический входят нервы и нервные узлы. Нервы распололожены повсюду они соединяют мозг и спинной мозг с другими органами. Нервные узлы соединены между собой, составляют собой скопление нервных клеток. Нервная клетка называется нейрон, строение нейрона сложное. В теле нейрона присутсвуют цитоплазма и ядро.

 

Б)Read and retell

Nervous system has two types: central and periphery. Central consists of the brains and spinal cord. Periphery includes nerves and ganglia. Nerves are everywhere in the body, they connect brain and spinal cord with other organs. Ganglia are connected between each other, and compose the accumilation of nerve cells. Nerve cell is a neuron, and structure of this neuron is difficult. In neuron’s body there are cytoplasm and nucleus.

В) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-15; просмотров: 447; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.204.43 (0.008 с.)